C01CA24 Эпинефрин¹ (Epinephrine)

Қолдану көрсеткіштері

Жедел типтегі аллергиялық реакциялар: дәрілік заттарды, сарысуларды қолданғанда, қан құйғанда, жәндіктер шаққанда немесе аллергендермен жанасқанда дамитын анафилактикалық шок; бронх демікпесінің жедел ұстамаларын шеттету; әртүрлі генездегі артериялық гипотензия (постгеморрагиялық, уыттылық, инфекциялық); гипокалиемия, соның ішінде инсулиннің артық дозалану салдарынан; асистолия, жүректің тоқтауы; жергілікті анестетиктердің әсерін ұзарту; жедел дамыған ІІІ дәрежедегі AV блокада.
    Клинические протоколы:
  1. Иерсиниоз
  2. Диарея у детей. Затяжная диарея
  3. Псевдотуберкулез
  4. Акушерский сепсис
  5. Сепсис
  6. Эхинококкоз у взрослых (эхинококкоз легкого)
  7. Лептоспироз
  8. Листериоз
  9. Менингококковая инфекция
  10. Тупая травма живота, открытые повреждения живота
  11. Аллогенная неродственная трансплантация костного мозга
  12. Аллогенная родственная трансплантация костного мозга
  13. Апластическая анемия у детей
  14. Гаплоидентичная трансплантация костного мозга
  15. Сочетанная травма у детей
  16. Пароксизмальная ночная гемоглобинурия у взрослых
  17. Первичные иммунодефициты с преимущественным дефектом в системе комплемента
  18. Трансплантация сердечно-легочного комплекса
  19. Изъятие донорского сердца
  20. Цереброваскулярные болезни (педиатрия)
  21. Ведение пациентов после трансплантации сердца у взрослых
  22. Желудочковые нарушения ритма сердца и профилактика внезапной сердечной смерти
  23. Инфаркт миокарда с подъемом сегмента ST
  24. Кардиогенный отек легких
  25. Нарушения проводимости сердца (АВ-блокада)
  26. Подготовка кадавра к мультиорганному забору органов и/или тканей
  27. Острый коронарный синдром без подъема сегмента ST (Нестабильная стенокардия, Инфаркт миокарда без подъема сегмента ST)
  28. Применение монооксида азота для лечения легочной гипертензии
  29. Сочетанное поражение коронарных артерий и клапанного аппарата сердца
  30. Стеноз аортального клапана
  31. Стеноз митрального клапана
  32. Трансплантация сердца
  33. Тромбоэмболия легочной артерии
  34. Хроническая посттромбоэмболическая легочная гипертензия
  35. Хронические ревматические болезни сердца у детей
  36. Экстракорпоральная мембранная оксигенация как метод лечения тяжелых форм дыхательной и сердечной недостаточности
  37. Астматический статус
  38. Бронхиальная астма у детей
  39. Стеноз гортани у детей
  40. Лекарственная гиперчувствительность с различными клиническими проявлениями
  41. Гастродуоденальный стеноз
  42. Периодонтит острый
  43. Периодонтит хронический
  44. Послеожоговые рубцовые стриктуры пищевода
  45. Пульпит острый
  46. Пульпит хронический
  47. Гастродуоденальное кровотечение
  48. Асфиксия при рождении
  49. Бактериальный сепсис новорожденного
  50. Гипоксически-ишемическая энцефалопатия
  51. Крайняя незрелость
  52. Некротический энтероколит у новорожденного
  53. Реанимация недоношенных детей
  54. Респираторный дистресс-синдром (неонатология)
  55. Стойкое фетальное кровообращение / Персистирующая легочная гипертензия у новорожденного
  56. Аномалии слизистой оболочки полости рта у детей
  57. Атрезия легочной артерии
  58. Врожденная высокая кишечная непроходимость у новорожденных
  59. Врожденная низкая кишечная непроходимость
  60. Врожденные пороки развития легких у новорожденных
  61. Гастрошизис. Омфалоцеле (Экзомфалоз)
  62. Пороки развития диафрагмы у новорожденных
  63. Пороки развития пищевода у новорожденных
  64. Тотальный аномальный дренаж у детей
  65. Хирургическое лечение транспозиции магистральных сосудов у детей
  66. Изосерологическая несовместимость крови матери и плода
  67. Кесарево сечение
  68. Тромбоэмболические осложнения в акушерстве
  69. Внезапная смерть
  70. Кардиогенный шок
  71. Изъятие фрагмента печени от прижизненного донора с целью трансплантации реципиенту
  72. Анафилактический шок
  73. Ангионевротический отек
  74. Ожоги II – IIIA-Б - IV степени более 30%, глубоких более 10% поверхности тела
  75. Ожоги II – IIIA-Б - IV степени до 30%, глубоких до 10% поверхности тела (взрослые)
  76. Ожоги II – IIIА степени более 20% (взрослые)
  77. Ожоги у детей
  78. Отморожение у детей
  79. Переломы, захватывающие несколько областей тела, у детей
  80. Ущемленная грыжа
  81. Острый аппендицит
  82. Гипоксически-ишемическая энцефалопатия
  83. Реанимация новорожденных детей

Қарсы көрсеткіштері

Препаратқа жеке жоғары сезімталдық; гипертрофиялық обструктивті кардиомиопатия; ауыр қолқа стенозы; тахиаритмия, қарыншалар фибрилляциясы; артериялық немесе өкпе гипертензиясы; өкпенің ишемиялық ауруы; айқын атеросклероз; тамырлардың окклюзиялық аурулары; феохромоцитома; жабық бұрышты глаукома; генезы аллергенді емес шок; құрысу синдромы; тиреотоксикоз; қант диабеті; ингаляциялық дәрілерді қолданумен жүргізілетін жалпы анестезия: фторотан, циклопропан, хлороформмен; қол мен аяқ саусақтарының аймақтарында, мұрын, жыныс мүшелері аймағында қолдану.

Қауіпсіздік шаралары

Асистолия кезінде - жүрек ішіне, бірақ жүрек тампонадасы мен пневмоторакс дамуының жоғары қаупі бар; қан диабеті бар науқастарда гликемияны арттырады. Ұзақ уақыт қолданбаған жөн, тамырлардың тарылуынан некроз немесе гангрена дамуы мүмкін; дозасын біртіндеп азайту қажет - ауыр гипотензия дамуы мүмкін; қарыншалық аритмия, жүректің ишемиялық ауруы, жүрекшелер фибрилляциясы, артериялық гипертензия, өкпе гипертензиясы бар пациенттерге, миокард инфарктісі кезінде, метаболизмдік ацидоз, гиперкапния, гипоксия, гиповолемия, тиреотоксикозда; тамырлардың окклюзиялық аурулары, Паркинсон ауруы, құрысу синдромы, қуық асты безінің гипертрофиясы бар пациенттерге сақтықпен тағайындау.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Адренергиялық постганглионарлы бөгеуші агенттер (гуанадрел, гуанетидин және раувольфия алкалоидтары) - гипертония әсерінің және басқа жүрек-қантамырлар әсерінің қаупі. Ұсынылмайды.Құрамында галоген бар ұшқыш анестетиктер (галотан) - ауыр қарыншалық аритмияның даму қаупі. Сақтықпен!Таңдамалы емес бета-адреноблокаторлар (пропранолол, надолол) - қан қысымының жоғарылауы.Трициклдік антидепрессанттар (амитриптилин, дезипрамин, имипрамин, нортриптилин, мапротилин және протриптилин) - адреналин әсерінің күшеюі.Моноаминоксидаза тежегіштері (брофаромин, моклобемид, толоксаток) және таңдамалы емес (фенелзин, транилципромин, линезолид) - адреналин әсерінің потенциализациялануы.Катехол-О-метилтрансфераза тежегіштері (энтакапон, толкапон) - аритмия, тамыр соғысының жиілеуі және артериялық қысымның өзгеруі.Аритмияны туындататын дәрілік заттар (дигиталис, хинидин) - ЖЖЖ қосымша немесе синергетикалық әсері.Қастауыш типті босануды ынталандыратын препараттар (метисергид, эрготамин, эргоновин) - кумулятивті немесе синергиялық қан қысымының және/немесе ишемиялық жауап реакциясының жоғарылауы.Симпатомиметикалық вазопрессорлар (кокаин, амфетаминдер, фенилэфрин, псевдоэфедрин, оксиметазолин) - адренергиялық уыттылық қаупі.Басқа да симпатомиметиктер (изопротеренол, левотироксин, метилдопа, гистаминге қарсы препараттар (хлорфенирамин, димедрол)) - азайтылған дозалар пайдаланылуы тиіс.Фенотиазиндер (және басқа нейролептиктер) - адреналин әсерінің тежелуінен гипотония қаупі.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Сақтықпен қолдану.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген. Сонымен қатар, босанудың ІІ кезеңінде қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Жиі: бас ауыруы, үрейлі жағдай, тремор; гипергликемия; анорексия.                  Сирек: ашушаңдық, бас айналуы, шаршау, ұйқының бұзылуы, бұлшықеттің дірілдеуі, психоневротикалық бұзылыстар, жадының бұзылуы, озбыр немесе үрейлі мінез-құлық, шизофренотәрізді бұзылыстар, паранойя; ентігу, өкпенің ісінуі; стенокардия, брадикардия немесе тахикардия, жүрек қағуын сезіну, артериялық қысымның жоғарылауы немесе төмендеуі; ангионевротикалық ісіну, бронх түйілуі; тері бөртпесі, мультиформалы эритема.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

Балалар. К/і, б/і, т/а. Асистолия жаңадан туылған нәрестелердегі: к/і баяу, әрбір 3-5 минут сайын дене салмағына 0,01 мл/кг. Анафилактикалық шок: т/а немесе б/і 1 жасқа дейінгі балалар - 0,05 мл, 1 жас - 0,1 мл, 2 жас - 0,2 мл, 3-4 жас - 0,3 мл, 5 жас - 0,4 мл, 6-12 жас - 0,5 мл. Қажет болған жағдайда әрбір 15 минут сайын (3 ретке дейін) енгізуді қайталайды. Бронх түйілуі: т/а дене салмағына 0,01 мл/кг (ең жоғары - 0,3 мл дейін). Қажет болған жағдайда әрбір 15 минут сайын (3-4 ретке дейін) немесе әрбір 4 сағат сайын енгізуді қайталайды.Препаратты тағайындауда және дозасын таңдағанда емдеудің ұлттық стандарттарына, арнайы емдеу мекемелерінің емдеу хаттамаларына, сонымен қатар қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.