C01CA07 Добутамин (Dobutamine)

Қолдану көрсеткіштері

 Инфаркт, кардиохирургия, кардиомиопатиялар, сепсистік шок, кардиогендік шок кезінде және дем шығаруда оң соңғы қысымы бар желдету кезінде инотропиялық қолдау.Клиникалық хаттама:   1. Митральды қақпақшаның стенозы   2. Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы    3. Covid-19 коронавирустық инфекция    4. Сепсис    5. Гипоксиялық-ишемиялық энцефалопатия
    Клинические протоколы:
  1. Стеноз митрального клапана
  2. Конго-Крымская геморрагическая лихорадка
  3. Коронавирусная инфекция - COVID-19, 10-я редакция с изменениями от 15.07.2020
  4. Сепсис
  5. Гипоксически-ишемическая энцефалопатия

Қарсы көрсеткіштері

 Феохромоцитома.

Қауіпсіздік шаралары

 Келесі жағдайларда сақтықпен қолдану керек: жіті жүрек жеткіліксіздігі; жіті миокард инфарктісі; аритмия; емдеудің басталуына дейін және уақытында гиперкапниені түзету; емдеудің басталуына дейін және емдеу уақытында гиповолемияны түзету; емдеудің алдында және уақытында гипоксияны түзету; емдеудің алдында және уақытында метаболикалық ацидозды түзету; қант диабеті; егде жастағы адамдар; экстравазация тіндердің некрозын тудыруы мүмкін; жүрек шығарындысының айқын көрінген кезінде (идиопатикалық гипертрофиялық субаорталық стеноз сияқты) гипертиреоз; жүректің ишемиялық ауруы; окклюзиялық тамыр аурулары; ауыр гипотония; жабық бұрышты глаукомаға ұшырауы; тахикардия; төзімділік 72 сағаттан астам ұзақ инфузияларда дамуы мүмкін.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

 Ацебутолол, атенол,бетаксолол, бисопролол, карведилол, целипролол, эсмолол, лабеталол, солобунолол, линезолид метопролол, надол, небивололол, пиндолол, пропранол, соталол, тимол - гипертония және брадикардия қаупін арттырады; Добутамин апраклонидиннің әсерін төмендетеді деп болжанады; Добутамин линезолидпен қабылдау кезінде артериялық қысымның жоғарылау қаупін арттырады деп болжануда;Изокарбоксазид, фенелзин, сафинамид,транилципромин, селегилин-добутаминмен қабылдау кезінде гипертониялық криздің даму қаупін арттырады;Энтакапон, опикапон, толкапон жүрек-қантамырлық жанама әсерлерін арттырады.

Жүктілік

 Егер күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болса.

Емізу

 Ұсынылмайды.

Жағымсыз әсерлері

 Өт жиі: аритмия; бронхоспазм; диспноэ; эозинофилия; қызба; бас ауруы; жергілікті қабыну; жүректің ишемиялық ауруы; жүректің айнуы; жүректің жиілеуі; тромбоциттер агрегациясының тежеуі (ұзақ қолданғанда); тері реакциялары; кенеттен зәр шығару; вазоконстрикция:Сирек: миокард инфарктісі;Өте сирек: атриовентрикулярлы блокада; жүректің тоқтауы; коронарлық вазоспазм; гипертония өршуі; гипокалиемия; гипотония өршуі;Жиілігі белгісіз: мазасыздық; кардиомиопатия; миоклонус; парестезия; тремор.

Балаларда қолданылуы

 Жаңа туған нәрестелерге. Бастапқы доза 5 мкг / кг / мин, содан кейін 2-20 мкг / кг / мин жауапқа сәйкес дозаны түзету, төмен доза 0,5-тен 1 мкг / кг / мин.Балалар. Бастапқы доза 5 мкг / кг / мин, содан кейін 2-20 мкг / кг / мин жауапқа сәйкес дозаны түзету, төмен доза 0,5-тен 1 мкг / кг / мин.