C01CA03 Норэпинефрин (Norepinephrine)
Қолдану көрсеткіштері
Қантамырларын қозғалтушы орталықтардың тежелуімен және т.б. жүретін, уланулар, хирургиялық араласулар, жарақаттардың салдарынан болатын жедел гипотензия, сонымен қатар феохромоцитоманы (бүйрек үсті безінің ісігі) алып тастаудан және т.б. кейін симпатикалық жүйке жүйесіне операциялық араласулар кезінде артериялық қысымды тұрақтандыру үшін.
-
Клинические протоколы:
- Иерсиниоз
- Диарея у детей. Затяжная диарея
- Псевдотуберкулез
- Акушерский сепсис
- Сепсис
- Листериоз
- Менингококковая инфекция
- Ожоги у детей
- Аллогенная неродственная трансплантация костного мозга
- Аллогенная родственная трансплантация костного мозга
- Апластическая анемия у детей
- Гаплоидентичная трансплантация костного мозга
- Анафилактический шок
- Иммунная тромбоцитопения у взрослых
- Пароксизмальная ночная гемоглобинурия у взрослых
- Трансплантация сердечно-легочного комплекса
- Изъятие донорского сердца
- Гипертрофическая кардиомиопатия
- Инфаркт миокарда с подъемом сегмента ST
- Кардиогенный отек легких
- Миокардиты
- Изъятие фрагмента печени от прижизненного донора с целью трансплантации реципиенту
- Острый коронарный синдром без подъема сегмента ST (Нестабильная стенокардия, Инфаркт миокарда без подъема сегмента ST)
- Перипортальная кардиомиопатия
- Применение монооксида азота для лечения легочной гипертензии
- Сочетанное поражение коронарных артерий и клапанного аппарата сердца
- Стеноз аортального клапана
- Стеноз митрального клапана
- Стеноз трикуспидального клапана
- Трансплантация сердца
- Тромбоэмболия легочной артерии
- Хроническая посттромбоэмболическая легочная гипертензия
- Экстракорпоральная мембранная оксигенация как метод лечения тяжелых форм дыхательной и сердечной недостаточности
- Перфоративная язва желудка и двенадцатиперстной кишки
- Цирроз печени у взрослых
- Острая почечная недостаточность (острое почечное повреждение)
- Некротический энтероколит у новорожденного
- Респираторный дистресс-синдром (неонатология)
- Стойкое фетальное кровообращение / Персистирующая легочная гипертензия у новорожденного
- Атрезия легочной артерии
- Тетрада Фалло у детей
- Тотальный аномальный дренаж у детей
- Хирургическое лечение транспозиции магистральных сосудов у детей
- Отморожение у детей
- Кардиогенный шок
- Коронавирусная инфекция - COVID-19, 10-я редакция с изменениями от 15.07.2020
Қарсы көрсеткіштері
Гипертензия; асқын сезімталдық; гиповолемия салдарынан болған артериялық гипотензия (АҚК толықтыруға бағытталған терапия аяқталғанға дейін бас миы және коронарлы қан айналымын демеу жағдайларынан басқа); шеткері және шажырқайлық тамырлардың тромбозы; фторотанды және циклопропанды жалпы анестезияны жүргізу; айқын гипоксия және гиперкапния; имипраминді және триптилинді типтегі МАО тежегіштерімен бірге қабылдау (айқын және созылмалы АҚ жоғарылау қаупі).
Қауіпсіздік шаралары
Толық атриовентикулярлы блокада (жүректің өткізу жүйесімен қозуды өткізудің бұзылуы), жүрек әлсіздігі, кенет айқын атеросклероз кезінде препаратты қолданбаған жөн. Некроз даму қаупіне байланысты тері астына және бұлшықетке қолданбау! Коронарлы тамырлардың тромбозы; қант диабеті; егде жастағыларда; некроз туындатуы мүмкін, егу орнындағы қан құйылулар; миокард инфарктісінен кейін; гиперкапния; гипертиреоз; гипоксия; тамырлардың мезентериальді тромбоздары; шеткері тамырлардың тромбозы; Принцметал вариантты стенокардиясы; гипокалиемияны түзету кезінде ерекше сақтықпен қолдану. Препараттың көлік құралын және ықтимал қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне жағымсыз әсері туралы деректері белгісіз.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Жүрек гликозидтерімен, хинидин, трициклді антидепресанттармен бірге қолдану кезінде аритмиялардың даму қаупі жоғарылайды.Альфа-адреноблокаторлар (доксазозин, лабеталол, феноксибензамин, фентоламин, празозин, теразозин) және басқа да альфа-адреноблокаторлық белсенділігі бар ДЗ (галоперидол, локсапин, фенотиазиндер, тиоксантендер) тамыр тарылтушы әсерге қарсы әсер көрсетеді.Ингаляциялық жалпы анестезияға арналған заттар (хлороформ, энфлуран, галотан, циклопропан, изофлуран және метоксифлуран) - қарыншалық аритмиялардың даму қаупі.Трициклді антидепрессанттар және мапротилин - жүрек-қантамырлық әсерлердің, прессорлы әсердің, тахикардия және аритмиялардың күшеюі мүмкін.Гипотензивті ДЗ және диуретиктер - әсердің төмендеуі.Бета-адреноблокаторлар - әсерлердің өзара әлсіреуі.Кокаин, доксапрам - гипертензивті әсердің өзара күшеюі.МАО тежегіштері, фуразолидон, прокарбазин және селегилин - прессорлық әсердің ұзаруы және күшеюі мүмкін.Нитраттар - антиангинальді әсердің әлсіреуі.Қалқанша безінің гормондары - стенокардия аясында коронарлы жеткіліксіздіктің даму қаупі.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Ишемиялық бұзылыстар (вазоконстрикция және тіндердің гипоксиясы салдарынан болған); АҚ төмендеуіне жауап ретінде рефлекторлы брадикардия; аритмия; үрейлену; транзиторлы бас ауыруы; тыныс алудың қиындауы; тері астына түскенде некроздар.Ұзақ уақыт қолдану кезінде: плазмалық көлемінің төмендеуі.Жоғары сезімталдық реакциялары немесе жоғары дозалар кезінде (гипертиреоз) - АҚ айқын жоғарылауы (бас ауыруы, жарықтан қорқу, кеуденің шаншып ауыруы, тер бөлінуінің жоғарылауы және құсумен жүретін терінің бозаруы).Жылдам енгізу кезінде: жүрек айнуы, бас ауыруы, қалтырау, тахикардия, тері астына түскен жағдайда - некроздар (сондықтан иненің көктамырда орналасуын тұрақты бақылау қажет).
Балаларда қолданылуы
Көктамыр ішіне тамшылатып. Бастапқы енгізу жылдамдығы минутына 10-15 тамшы. Емдік әсерге жету үшін (систолалық қысымды 100-115 мм сын.бағ. деңгейінде ұстау) әдетте енгізу жылдамдығын минутына 20-60 тамшыға дейін арттырады. Балалар: 0,5-1 мл 0,2% препарат ерітіндісін 5% 200 мл глюкозада сұйылтады. Жедел гипотензия (септикалық шок). Шок шамадан тыс вазодиляциядан кейін қайталанады. Тоқтаусыз көктамыр ішілік инфузия арқылы. Жаңа туылған нәрестелер. Жауап бойынша түзетілген 20–100 нанограмма / кг / мин (ең көбі дозасы 1 мкг / кг / мин), осы доза үшін инфузия үшін 1 мг / мл концентратты сұйылтыңыз.