C01AA05 Дигоксин¹ (Digoxin)

Қолдану көрсеткіштері

Іркілісті жүрек жеткіліксіздігі. Жүрекшенің жыпылықтауы мен дірілдеуі. Суправентрикулярлық пароксизмальді тахикардия.
    Клинические протоколы:
  1. Иммунная тромбоцитопения у взрослых
  2. Болезнь Помпе
  3. Инфаркт миокарда с подъемом сегмента ST
  4. Кардиогенный отек легких
  5. Кардиомиопатия у детей
  6. Миокардиты
  7. Миокардиты у детей
  8. Недостаточность аортального клапана
  9. Недостаточность митрального клапана
  10. Неревматические поражения митрального клапана у детей
  11. Острая ревматическая лихорадка (педиатрия)
  12. Острая ревматическая лихорадка и хроническая ревматическая болезнь сердца
  13. Перикардиты у детей
  14. Перипортальная кардиомиопатия
  15. Пролапс митрального клапана у детей
  16. Сочетанное поражение коронарных артерий и клапанного аппарата сердца
  17. Стеноз аортального клапана
  18. Стеноз митрального клапана
  19. Стеноз трикуспидального клапана
  20. Фибрилляция и трепетание предсердий
  21. Хроническая посттромбоэмболическая легочная гипертензия
  22. Хроническая сердечная недостаточность
  23. Хроническая сердечная недостаточность у детей
  24. Хронические ревматические болезни сердца у детей
  25. Паллиативная помощь больным с хроническими прогрессирующими заболеваниями в инкурабельной стадии, сопровождающимися нарушением функции дыхания и/или накоплением жидкости в плевральной полости
  26. Паллиативная помощь больным с хроническими прогрессирующими заболеваниями в инкурабельной стадии, сопровождающимися асцитом
  27. Паллиативная помощь больным с хроническими прогрессирующими заболеваниями в инкурабельной стадии, сопровождающимися кахексией, астенией
  28. Синдром дуги аорты Такаясу у детей
  29. Системная красная волчанка
  30. Атрезия легочной артерии
  31. Болезнь Гиршпрунга у детей
  32. Врожденные пороки развития легких у новорожденных
  33. Критические врожденные пороки сердца у новорожденных
  34. Пороки развития диафрагмы у новорожденных
  35. Тетрада Фалло у детей
  36. Тотальный аномальный дренаж у детей
  37. Хирургическое или интервенционное лечение открытого артериального протока
  38. Хирургическое лечение транспозиции магистральных сосудов у детей
  39. Злокачественные новообразования щитовидной железы
  40. Рак поджелудочной железы
  41. Злокачественные новообразования прямой кишки
  42. Злокачественные новообразования ободочной кишки

Қарсы көрсеткіштері

Дигоксинге немесе препараттың кез келген қосымша заттарына жоғары сезімталдық; гликозидтік уыттану; жүрек ырғағының және өткізгіштігінің бұзылуы; гипертрофиялық обструктивтік кардиомиопатия; Вольф-Паркинсон-Уайт синдромы; шок.

Қауіпсіздік шаралары

Ұзақ ем жүргізуде препараттың жеке оптимальді дозасын 7-10 күнде анықтайды. Миокардтың жедел зақымдануы, жүрек жеткіліксіздігінің күшеюі немесе ауыр өкпе аурулары кезінде, егде жастағы және/немесе әлсіреген пациенттерге, қалқанша безі аурулары бар пациенттерге сақтықпен қолдану. Қысқа ішек синдромы немесе мальабсорбция синдромы бар пациенттерге дигоксин сіңуінің бұзылуы салдарынан препараттың жоғарырақ дозалары қажет болуы мүмкін. Дигоксинмен емдеу кезінде ЭКГ және қан сарысуындағы электролиттердің концентрацияларына (калий, кальций, магний) жүйелі түрде бақылау жүргізу керек. Жүрек ырғағының өмірге қауіпті бұзылуларының туындау қаупі пайда болатындықтан, препаратты жоспарлы кардиоверсияны жүргізгенге дейін 24-48 сағат бұрын тоқтату. Емдеу барысында ауыр тағамдарды және құрамында пектин бар өнімдерді пайданалуды шектеу керек.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Амиодарон, спиронолактон, циклоспорин, кальций каналдарының блокаторлары (верапамил және әсіресе дилтиазем), итраконазол, макролидтер, пропафенон, хинидин -  дигоксиннің қандағы концентрациясының арту мүмкіндігі және уыттылығының артуы.Диуретиктер, кортикостероидтар, бета-2-агонисттер, амфотерицин сияқты электролитті баланстың бұзылуын тудыратын препараттар (гипокалиемия, гипомагниемия) - аритмияның даму қаупі.Бета-блокаторлар, верапамил, дилтиазем - брадикардияның даму мүмкіндігі.Кальций тұздары (көктамырға) - гиперкальциемияның даму салдарынан дигоксин уыттылығының артуы.Аритмияға қарсы препараттар - жанама әсерлердің ұлғаюы.Ескерту: мұнда кейбір маңызды дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Өзара әрекеттесуі туралы ұсыныстар және қосымша ақпарат алу үшін дәрілік заттардың өзара әрекеттесулері туралы ақпарат көздеріне немесе дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Сақтықпен қолдану. Креатинин клиренсі 50 мл/мин төмен болғанда дозасын азайту және дигоксиннің қан плазмасындағы концентрациясын бақылау.

Жүктілік

Ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда дигоксин таблетка түрінде қолданылуы мүмкін. Инъекцияда қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Жиі: ұйқышылдық, бас айналуы, жүрек ырғағы және өткізгіштігінің бұзылуы, синустық брадикардия, синоатриальді блокада, атриовентрикулярлі блокада, ЭКГ-дағы PR аралығының ұзаруы, жүрек айнуы, құсу, іш өту, іштің ауыруы, көрудің бұзылуы, эозинофилия.Сирек: апатия, психоздар, сананың шатасуы, мазасыздық, эйфория, бас ауыруы, тәбеттің болмауы, гинекомастия, суправентрикулярлы тахиаритмия, қарыншалық аритмия, ЭКГ-дағы ST сегментінің депрессиясы, мезентериальді тамырлардың тромбозы, ішек ишемиясы, ішек некрозы, тромбоцитопения, гипокалиемия, тромбоцитопениялық пурпура, петехиялар, уртикарлы бөртпе.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

Көктамыр ішіне. Шала туылған нәрестелерге: 0,02-0,03 мг/кг; мерзіміне жетіп туылған нәрестелер: 0,03-0,04 мг/кг; 1 айдан 2 жасқа дейінгі балаларға: 0,04-0,06 мг/кг; 2 жастан 10 жасқа дейінгі балаларға: 0,03-0,04 мг/кг; 10 жастан асқан балаларға: 0,03 мг/кг.