B05XA07 Кальций хлориді¹ (Calcium chloride)

Қолдану көрсеткіштері

Қан плазмасындағы кальций иондары концентрациясының жылдам жоғарылауын талап ететін гипокальциемияда (қалқансерік бездерінің функционалдық жеткіліксіздігіндегі тетания, D дәрумені жеткіліксіздігіндегі тетания, қанды алмастырып құйғанда және цитратты қан құюда кездесетін гипокальциемиялар, алкалозда), жедел қорғасынды шаншуда кешенді ем құрамында, магниймен артық дозаланудан болатын магниймен улану жағдайларында, ЭКГ-да жүрек функциясының бұзылуымен тіркелген гиперкалиемияда.
    Клинические протоколы:
  1. Эхинококкоз у детей (эхинококкоз печени/легких у детей)
  2. Апластическая анемия у детей
  3. Тупая травма живота, открытые повреждения живота
  4. Пароксизмальная ночная гемоглобинурия у взрослых
  5. Инфаркт миокарда с подъемом сегмента ST
  6. Паллиативная помощь больным с хроническими прогрессирующими заболеваниями в инкурабельной стадии, сопровождающимися кровотечением
  7. Ахалазия пищевода у детей
  8. Вирусные кишечные инфекции у детей
  9. Гастродуоденальный стеноз
  10. Гингивит
  11. Механическая желтуха
  12. Острая мезентериальная ишемия
  13. Сочетанная травма у детей
  14. Перитонит
  15. Перфоративная язва желудка и двенадцатиперстной кишки
  16. Холангит у взрослых
  17. Острый тубулоинтерстициальный нефрит
  18. Криз отторжения почечного трансплантата
  19. Нарушения менструального цикла
  20. Острая почечная недостаточность (острое почечное повреждение)
  21. Хроническая трансплантационная нефропатия
  22. Реанимация недоношенных детей
  23. Врожденная высокая кишечная непроходимость у новорожденных
  24. Врожденная низкая кишечная непроходимость
  25. Врожденные пороки развития легких у новорожденных
  26. Диафрагмальная грыжа у детей
  27. Пороки развития диафрагмы у новорожденных
  28. Пороки развития пищевода у новорожденных
  29. Сепсис
  30. Сердечно-лёгочная реанимация у беременных
  31. Кардиогенный шок
  32. Ведение живого донора почки (в послеоперационном периоде)
  33. Абдоминальная травма
  34. Анафилактический шок
  35. Ожоги II – IIIA-Б - IV степени более 30%, глубоких более 10% поверхности тела
  36. Ожоги II – IIIA-Б - IV степени до 30%, глубоких до 10% поверхности тела (взрослые)
  37. Ожоги II – IIIА степени более 20% (взрослые)
  38. Ожоги поверхностные до 20% (взрослые)
  39. Ожоги у детей
  40. Отморожение у детей
  41. Переломы, захватывающие несколько областей тела, у детей
  42. Абсцесс кожи, фурункул и карбункул других локализаций
  43. Острый холецистит
  44. Острая кишечная непроходимость
  45. Болезнь, вызванная вирусом Эбола
  46. Злокачественные новообразования щитовидной железы
  47. Рак поджелудочной железы
  48. Злокачественные новообразования прямой кишки
  49. Злокачественные новообразования ободочной кишки

Қарсы көрсеткіштері

Препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық, гиперкальциемия, атеросклероз, саркоидоз, гиперкоагуляция, тромб түзілуіне бейімділік, артериялық окклюзия құбылысы бар айқын атеросклероз, қарыншалық фибрилляция, асистолия және электромеханикалық диссоциациялар, тері астына және бұлшықет ішіне енгізу, оймақгүл препараттарын қабылдау, цефтриаксонмен бір мезгілде қолдану.

Қауіпсіздік шаралары

Препаратты оның тітіркендіргіш және некроздаушы әсеріне байланысты тері астына немесе бұлшықетке енгізуге болмайды. Балаларда, жеңіл және орташа ауырлық дәрежесіндегі созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі, дегидратация, электролиттік теңгерім бұзылуы (гиперкальциемия қаупі), жүрек аурулары (аритмия қаупі), бүйрек аурулары, нефролитиазбен немесе гиперкальциемиямен қатарлас аурулар (атап айтқанда қатерлі жаңа түзілімдері және саркоидозы), «өкпелік» жүректе, респираторлы ацидозда, тыныс алу жеткіліксіздігі (кальций хлоридінің тотығуы салдарынан уытты реакциялар туындау қаупі) бар пациенттерге сақтықпен қолдану керек. Қолданған кезде қандағы кальций деңгейіне мұқият мониторинг жүргізу керек. Препаратпен емдеу кезеңінде автокөлік жүргізуге  және басқа да механизмдермен жұмыс істеуге болмайды.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Барлық санаттағы пациенттерге құрамында кальций бар ерітінділерді қолдануға, цефтриаксон мен құрамында кальций бар препараттарды араластыруға немесе бір мезгілде енгізуге болмайды. Құрамында кальций бар ерітінділерді цефтриаксонды соңғы енгізуден кейін 48 сағат бойына тағайындауға болмайды. Құрамында кальций бар өнімдер кальций өзекшелері блокаторларының тиімділігін азайтуы мүмкін, гиперкальциемияда кальцитонин әсерін, фенитоин биожетімділігін төмендетуі мүмкін.Кальций тұздары бисфосфонаттар, фторидтер, кейбір фторхинолондар және тетрациклиндер сияқты бірқатар препараттардың сіңуін азайтады.Кальций хлориді добутаминнің кардиотонустық әсерін төмендетеді.Хинидин - қарыншаішілік өткізгіштіктің баяулауы және хинидин уыттылығының артуы мүмкін.Жүрек гликозидтері - соңғысының кардиоуытты әсері күшейеді.Карбонаттармен, фосфаттармен, сульфаттармен немесе тартраттармен парентеральді қоспаларда араластыруға болмайды.Тиазидтік диуретиктер кальцийдің несеппен сыртқа шығарылуын төмендетеді, бұл гиперкальциемия даму қаупін арттырады. D дәруменімен немесе оның туындыларымен бір мезгілде қабылдауда кальций сіңуі жоғарылайды.Құрамында басқа кальций немесе магний бар препараттармен бір мезгілде қабылдағанда гиперкалиемия немесе гипермагнемия қаупі жоғарылайды, әсіресе созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде.Деполяризацияламайтын миорелаксанттар тиімділігін төмендетеді.Тубокурарин хлоридінің әсер ету ұзақтығын ұлғайтуы мүмкін.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Сақтықпен қолдану.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан: артериялық қысымның орташа және қысқа мерзімдік төмендеуі, брадикардия, аритмия, ыстықты сезіну, басында ауыз қуысында, ал соңынан бүкіл тұла бойының шаншуы, бет терісінің гиперемиясы; артериялық гипертензия, көктамырлық тромбоз. Шамадан тыс жылдам енгізуде: жүрек қарыншаларының фибрилляциясы.Психикалық бұзылыстар: депрессия.Сезім мүшелері тарапынан: ауызда бор дәмін сезіну.Иммундық жүйе тарапынан: аллергиялық реакциялар, есекжем.Метаболизмдік бұзылу: гиперкальциемия.Енгізу орнындағы реакциялар: көктамыр бойлай ауыру және гиперемия. Экстравазацияда күйдіру, тіндер некрозы және қабыршақтың пайда болуы, целлюлит және жұмсақ тіндердің кальцификациясы туындауы мүмкін.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

Балаларға. Қанды алмастырып құйғанда және цитратты қан құюда: әр 100 мл қанға 30 мг (0,3 мл). Гипокальциемия: баяу енгізеді, 0,5 мл/мин дейінгі жылдамдықпен, 10-20 мг/кг (дене салмағына қарай 0,1-0,2 мл/кг) дозада, қажет болғанда әр 4-6 сағатта қайталайды. Тетания: 10 мг/кг (дене салмағына 0,1 мл/кг) 5-10 минут бойына, қажет болғанда әр 6 сағатта қайталайды немесе инфузия түрінде жалғастырады. Балалар үшін тәуліктік ең жоғарғы доза (жасына байланыссыз) – 10 мл (1000 мг). 1 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген, тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған.