B05XA05 Магний сульфаты¹ (Magnesium sulfate)
Қолдану көрсеткіштері
Кешенді ем құрамында: магний тапшылығын (гипомагниемия) емдеу, соның ішінде жедел гипомагниемия-тетания; жүрек ырғағының қарыншалық бұзылуында (соның ішінде «пируэт» типті); гипертониялық кризді шеттету (соның ішінде ми ісінуінің белгілерімен); жүкті әйелдердегі преэклампсия және эклампсия (құрысу синдромын тоқтату үшін); күшән, тетраэтилқорғасын, барийдің еритін тұздарымен, ауыр металдар тұздарымен улану.
-
Клинические протоколы:
- Диарея у детей. Затяжная диарея
- Столбняк
- Второй этап "Реабилитация II А". Профиль "Неврология и нейрохирургия" (дети)
- Второй этап "Реабилитация II Б". Профиль "Неврология и нейрохирургия" (дети)
- Повторная реабилитация. Профиль "Неврология и нейрохирургия" (дети)
- Третий этап "Амбулаторная реабилитация II". Профиль "Неврология и нейрохирургия" (дети)
- Лихорадка Денге
- Клещевой энцефалит
- Менингококковая инфекция у детей
- Апластическая анемия у детей
- Внезапная смерть
- Иммунная тромбоцитопения у взрослых
- Пароксизмальная ночная гемоглобинурия у взрослых
- Гидроцефалия
- Гидроцефалия (вентрикуло-перитонеальное шунтирование)
- Доброкачественная внутричерепная гипертензия у детей
- Токсическая энцефалопатия у детей
- Энцефалит у детей и взрослых
- Эпилептический статус у взрослых и детей
- Гипертензивная энцефалопатия
- Гипертензивный криз
- Желудочковые нарушения ритма сердца и профилактика внезапной сердечной смерти
- Последствия инфаркта мозга
- Хроническая ишемия мозга
- Бронхиальная астма у детей
- Псориаз
- Целиакия у детей
- Ведение детей с пересаженной почкой
- Дисменорея
- Острое отторжение почечного трансплантата у детей
- Некротический энтероколит у новорожденного
- Парентеральное питание новорожденных
- Респираторный дистресс-синдром (неонатология)
- Стойкое фетальное кровообращение / Персистирующая легочная гипертензия у новорожденного
- Болезнь Гиршпрунга у детей
- Врожденная высокая кишечная непроходимость у новорожденных
- Врожденная низкая кишечная непроходимость
- Преждевременный разрыв плодных оболочек
- Врожденные пороки развития легких у новорожденных
- Гастрошизис. Омфалоцеле (Экзомфалоз)
- Пороки развития диафрагмы у новорожденных
- Пороки развития пищевода у новорожденных
- Артериальная гипертензия у беременных
- Болезни печени, связанные с беременностью
- Недостаточный рост плода (внутриутробная задержка развития плода)
- Рак поджелудочной железы
- Злокачественные новообразования прямой кишки
- Злокачественные новообразования ободочной кишки
- Гипоксически-ишемическая энцефалопатия
Қарсы көрсеткіштері
Препаратқа жекелей жоғары сезімталдық; артериялық гипотензия, айқын брадикардия (ЖЖЖ минутына 55 соққыдан кем), атриовентрикулярлық блокада; кальций тапшылығымен және тынысалу орталығының тежелуімен байланысты жағдайлар, тынысалу ағзаларының ауыр аурулары; кахексия; миастения; қатерлі жаңа түзілімдер; етеккір.
Қауіпсіздік шаралары
Сақтықпен: миастенияда, тынысалу ағзаларының ауруларында, асқазан-ішек жолдарының жедел қабыну ауруларында. Препаратты ұзақ мерзім қабылдау кезінде жүрек-қантамыр жүйесіне, сіңірлік рефлекстерге, бүйрек қызметіне және тынысалу жиілігіне мониторинг жүргізу ұсынылады. Кальций препараттарын магний сульфатымен бір мезгілде енгізу қажет болғанда оларды әр түрлі көктамырларға енгізу керек, осыған қоса магний деңгейі ағзадағы кальций деңгейіне байланысты екенін ескерген жөн.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Жүйке жүйесін тежейтін заттар (алкоголь, психотропты, ұйықтатқыш, паркинсонға қарсы, құрысуға қарсы заттар) - әсерінің күшеюі.Барбитураттар, наркотикалық анальгетиктер, гипотензивті заттар - тыныс алу орталығының тежелуі.Жүрек гликозидтері - AV-блокада және өткізгіштік бұзылуының даму қаупі күшейеді.Миорелаксанттар және нифедипин - магний сульфатының нейробұлшықеттік бөгелісті туындату қабілетінің күшеюі.Тромбозға қарсы заттар, К дәруменінің антагонистері, изониазид, моноаминдердің қайта нейрональді ұсталуының таңдамалы тежегіштері - әсерінің төмендеуі.Мексилетин - шығарылуының баяулауы.Пропафенон - екі препараттың да әсері күшейеді және уытты әсерінің қаупі жоғарылайды.Тетрациклиндер тобының антибиотиктері - сіңірілуінің бұзылуы, ішек бітелісі болуы мүмкін.Стрептомицин және тобрамицин - әсерінің әлсіреуі.Кальций тұздарын көктамыр ішіне енгізу - магний сульфатының әсерін әлсіретеді.Кальций препараттарымен, алкогольмен (жоғары концентрацияда), сілтілік металл карбонаттарымен, бикарбонаттарымен және фосфаттарымен, күшән қышқылының тұздарымен, барий, стронций, клиндамицин фосфатымен, гидрокортизон сукцинатымен, полимиксин В сульфатымен, прокаинмен, новокаинмен, гидрохлортиазидпен, салицилаттармен және тартраттармен фармацевтикалық үйлесімсіз (тұнба түзеді).Толық парентеральді тамақтануға арналған қоспалардағы 10 ммоль/мл жоғары концентрацияларда Mg2+ майлы эмульсиялар таралуы мүмкін.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйрек қызметінің бұзылысы, айқын бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі минутына 20 мл кем).
Бауыр жеткіліксіздігі
Айқын бауыр жеткіліксіздігі.
Жүктілік
Сақтықпен. Босану алды кезеңінде қолдану қарсы көрсетілген (босануға дейін 2 сағат бұрын).
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Артериялық гипотензия, брадикардия, жүрек қағуын сезіну, өткізгіштіктің бұзылуы, РQ аралығының ұзаруы және ЭКГ-дағы QRS кешенінің кеңеюі, аритмия, кома, жүректің тоқтауы; ентігу, тыныстың тарылуы; бас ауыруы, бас айналуы, жалпы әлсіздік, ұйқышылдық, сананың шатасуы, сананың жоғалуы, көңіл-күйдің түсуі, сіңірлік рефлекстің төмендеуі, диплопия, үрей, сөйлеудің бұзылуы, тремор және аяқ-қолдардың ұюы; бұлшықеттік әлсіздік; жүрек айнуы, құсу, диарея; анафилактикалық шок, ангионевротикалық ісіну, гипертермиялық синдром, қалтырау; гиперемия, қышыну, бөртпе, есекжем, құйылулар, ысыну, тер бөлінудің күшеюі; полиурия; жатыр атониясы; гипокальциемия, гипофосфатемия, гиперосмолярлы дегидратация.
Балаларда қолданылуы
Балаларға сақтықпен қолдану. Бұлшықет ішіне немесе көктамыр ішіне баяу. Гипомагниемияны емдеу: жаңадан туылған балаларға препаратты әрбір 8-12 сағат сайын 25-50 мг/кг дозада, нәрестелер мен балаларға әрбір 4-6 сағат сайын 25-50 мг/кг дозада көктамыр ішіне немесе бұлшықет ішіне қолданылады, ең жоғары рұқсат етілген доза 2000 мг. Көктамыр ішіне енгізгенде препаратты 1% ерітінді түрінде баяу (бір сағат ішінде) енгізу ұсынылады. Құрысуларды шеттету үшін балаларға препаратты 20-40 мг/кг (0,08-0,16 мл/кг 25% ерітінді) есебімен бұлшықет ішіне тағайындайды.