B05CB01 Натрий хлориді (Sodium chloride)

Қолдану көрсеткіштері

Ағзаның сусыздануы, уытты диспепсия, тұрақты диарея, тоқтаусыз құсу, тырысқақ, уланулар және токсикоинфекциялар, диабеттік кетоацидоз, жараларды, көзді, мұрынның сілемейлі қабығын шаю үшін. Сонымен бірге инъекциялық және инфузиялық ерітінділер алу үшін дәрілік препараттардың еріткіші ретінде де қолданылады.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қарсы көрсеткіштері

Тромбофлебиттер, жүректің декомпенсацияланған ақаулары, ми және өкпе ісінуін тудыруы мүмкін қанайналым бұзылыстары, гипернатриемия, гипокалиемия, ацидоз, кортикостероидтарды жоғары дозаларда қолдану, өкпе ісінуі, мидың ісінуі, сол жақ қарыншаның жедел жеткіліксіздігі.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қауіпсіздік шаралары

Декомпенсация сатысындағы жүрек жеткіліксіздігі, артериялық гипертензиясы, токсикоз кезінде жүкті әйелдерге, перифериялық ісіктері бар науқастарға сақтықпен енгізеді. Ұзақ уақыт, әсіресе, үлкен көлемде енгізген кезде диурезді, қан плазмасында және несептегі электролиттердің деңгейін бақылау қажет.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бүйрек жеткіліксіздігі

Натрий хлоридін бүйректің бөлу қызметінің бұзылысы кезінде сақтықпен енгізеді.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жүктілік

Қатаң көрсеткіштер бойынша қолданылады.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Емізу

Қатаң көрсеткіштер бойынша қолданылады.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жағымсыз әсерлері

Гипергидратация, гипокалиемия, хлоридті ацидоз, бас ауыруы, бастың айналуы, мазасыздық, әлсіздік, жүрек айнуы, құсу, диарея, асқазанның түйілуі, шөлдеу, қызба, тахикардия, артериялық гипертензия, бүйрек қызметінің бұзылысы, ісіну, енгізу орнының ауыруы және тітіркенуі, тромбофлебит, бұлшықеттердің тартылуы және гипертонусы.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Балаларда қолданылуы

Балалар. Шок дегидратациясы кезінде, зертханалық параметрлерді анықтауға дейін, 20-30 мл/кг енгізеді. Әрі қарай дозалау тәртібі зертханалық көрсеткіштерге байланысты түзетіледі. Жалпы тәуліктік доза – дене салмағының 6% дейін.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді