B05BC01 Маннитол¹ (Mannitol)
Қолдану көрсеткіштері
Ми ісінуі, бассүйекішілік гипертензия; жедел глаукома ұстамасы; бүйректің фильтрациялық қабілеті сақталатын жедел бүйрек немесе бүйрек-бауыр жеткіліксіздігі кезіндегі олигурия (біріктірілген ем құрамында); барбитураттармен және салицилаттармен улану кезіндегі жеделдетілген диурез; бүйрек ишемиясынан және сонымен байланысты жедел бүйрек жеткіліксіздігін ескерту мақсатында экстракорпоральді қан айналуымен операциялар кезіндегі гемолиздің алдын алу; үйлеспейтін қан құюдан кейінгі посттрансфузиялық асқынулар.
-
Клинические протоколы:
- Иерсиниоз
- Диарея у детей. Затяжная диарея
- Псевдотуберкулез
- Инфекции, вызванные вирусом простого герпеса у детей
- Бешенство у взрослых
- Энтеровирусная инфекция у детей
- Энтеровирусная инфекция
- Менингит у детей и взрослых
- Герпетическая инфекция у взрослых
- Острые вирусные гепатиты B, C и D, передающиеся парентеральным путем у детей
- Острые вирусные гепатиты В, D и С у взрослых
- Грипп и острые респираторные инфекции верхних дыхательных путей у детей
- Клещевой энцефалит
- Корь у детей
- Краснуха
- Лептоспироз
- Листериоз
- Менингококковая инфекция
- Менингококковая инфекция у детей
- Паротитная инфекция
- Эпидемический паротит у детей
- Апластическая анемия у детей
- Аутоиммунная гемолитическая анемия у взрослых
- Тяжелая черепно-мозговая травма
- Пароксизмальная ночная гемоглобинурия у взрослых
- Доброкачественная внутричерепная гипертензия у детей
- Ликворея
- Опухоли основания черепа (хирургическое лечение)
- Острый рассеянный энцефаломиелит
- Токсическая энцефалопатия у детей
- Цереброваскулярные болезни (педиатрия)
- Энцефалит у детей и взрослых
- Эпилептический статус у взрослых и детей
- Внутримозговое кровоизлияние
- Гипертензивная энцефалопатия
- Ожоги II – IIIA-Б - IV степени до 30%, глубоких до 10% поверхности тела (взрослые)
- Криз отторжения почечного трансплантата
- Трансплантация почки
- Трансплантация почки у детей
- Хроническая трансплантационная нефропатия
- Афакия
- Болезнь Гиршпрунга у детей
- Ведение живого донора почки (в послеоперационном периоде)
- Изъятие почки от живого донора
- Рак мочевого пузыря
- Церебральный венозный тромбоз
- Бруцеллез
Қарсы көрсеткіштері
Препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық; геморрагиялық инсульт, субарахноидальді қан құйылу (бассүйек трепанациясын жасау кезіндегі қан кетулерден басқа); жедел сол жақ қарынша жеткіліксіздігі аясындағы өкпе ісінуі; декомпенсацияланған жүрек-қантамырлық жеткіліксіздік; дегидратацияның ауыр сатысы; гипокалиемия, гипонатриемия, гипохлоремия; қан құйылу қаупімен бассүйекішілік қысымның жарақаттанудан кейінгі көтерілуі.
Қауіпсіздік шаралары
Препарат стационарлық жағдайларда қолданылады. Жүрек жеткіліксіздігінде (тек «ілмекті» диуретиктермен біріктірілімінде) және энцефалопатиямен болатын гипертониялық кризде қолдануға болады. Артериялық қысымды, қан сарысуындағы электролиттер (калий иондары, натрий иондары) және қант концентрацияларын бақылау қажет. Препаратты қайталап енгізу қандағы су-электролит теңгерімінің көрсеткіштерін бақылаумен жүргізілуі тиіс. Маннитол ерітіндісі енгізілгенде бастапқыда жасушадан тыс сұйықтық көлемінің ұлғаятынын және гипонатриемияның дамитынын ескеру керек. Препаратты енгізгенде бас ауыру, құсу, бас айналу, көрудің нашарлауы туындаған жағдайда енгізуді тоқтатып, субдуральді және субарахноидальді қан кету сияқты асқынудың дамуын болдырмау керек.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Жүрек гликозидтері - гипокалиемиядан болатын жүрек гликозидтерінің уытты әсерінің артуы.Маннитол салуретиктердің, карбоангидраза тежегіштерінің және басқа да диуретикалық препараттардың несеп айдайтын әсерін күшейтеді.Неомицин - ото- және нефроуыттылықтың даму қаупі.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Бүйрек жеткіліксіздігі
12 сағаттан астам ануриясы бар, сүзу процесі бұзылған ауыр бүйрек жеткіліксіздігі кезінде қарсы көрсетілген. Инфузия кезінде бүйрек қызметін бақылау қажет, сондай-ақ маннитолдың жиналуын болдырмау үшін диурезді бақылау.
Бауыр жеткіліксіздігі
Маннитол бауыр циррозы мен асциті бар науқастардағы азотемия кезінде тиімсіз.
Жүктілік
Жүкті әйелдер үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда препарат қолданылуы мүмкін.
Емізу
Ана үшін күтілетін пайда бала үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда препарат қолданылуы мүмкін.
Жағымсыз әсерлері
Сусыздану (терінің құрғауы, бұлшықет әлсіздігі, ауыз құрғауы, шөлдеу, құрысулар, елестеулер, артериялық қысымның төмендеуі); су-электролиттік алмасудың бұзылуы (айналымдағы қан көлемінің ұлғаюы, гипонатриемия, сирек - гиперкалиемия).Сирек: тахикардия, төс артындағы ауыру, тромбофлебит, тері бөртпесі.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
Тек өмірлік көрсеткіштер бойынша қолдану. Балалар. Көктамыр ішіне баяу сорғалатып немесе тамшылатып, дозасы 2-6 сағат ішінде енгізілетін 0,25-0,5 г/кг есебінде белгіленеді. Ең жоғары тәуліктік дозасы 2,0 г/кг немесе 1 м2 дене беткейіне 60 г құрайды. Маннитол дозасы және енгізу жылдамдығы, пациент жағдайының ауырлығына қарай әркімге жеке таңдалады. Ми ісінуінде, бассүйекішілік қысымның көтерілуінде немесе глаукомада - 30-60 мин ішінде 1-2 г/кг немесе 1 м2 дене беткейіне 30-60 г. Дене салмағы төмен балаларда немесе әлсіреген пациенттерде 500 мг/кг дозасы жеткілікті болады. Балаларда улану кезінде дене салмағына 2 г/кг немесе 1 м2 дене беткейіне 60 г дейін көктамырішілік инфузия жүргізіледі.Маңызды! Препаратты тағайындауда және дозасын таңдағанда емдеудің ұлттық стандарттарына, арнайы емдеу мекемелерінің емдеу хаттамаларына, сонымен қатар қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.