B03XA02 Дарбэпоэтин альфа¹ (Darbepoetin alfa)

Қолдану көрсеткіштері

Ересектерде және балаларда созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінен туындаған симптоматикалық анемияны емдеу. Химиотерапия алатын ересек науқастарда миелоидты емес қатерлі жаңа түзілімдер кезіндегі симптоматикалық анемияны емдеу.
    Клинические протоколы:
  1. Хроническая болезнь почек у взрослых
  2. Хронический тубулоинтерстициальный нефрит
  3. Рак желудка
  4. Рак предстательной железы
  5. Рак пищевода
  6. Рак мочевого пузыря
  7. Гепатоцеллюлярная карцинома
  8. Рак шейки матки
  9. Злокачественные новообразования щитовидной железы
  10. Рак поджелудочной железы
  11. Злокачественные новообразования прямой кишки
  12. Злокачественные новообразования ободочной кишки
  13. Злокачественные опухоли гортаноглотки
  14. Злокачественные новообразования слюнных желез
  15. Рак вульвы
  16. Злокачественные новообразования гортани
  17. Злокачественные опухоли полости носа и придаточных пазух, клетки решетчатой кости
  18. Злокачественные новообразования ротоглотки
  19. Злокачественные новообразования носоглотки
  20. Злокачественные новообразования полости рта
  21. Опухоли средостения
  22. Доброкачественные и злокачественные новообразования центральной нервной системы
  23. Злокачественные неоплазии тела матки
  24. Саркомы мягких тканей
  25. Рак губы
  26. Рак легкого
  27. Почечно-клеточный рак

Қарсы көрсеткіштері

Белсенді зат немесе кез келген препарат компонентіне жоғары сезімталдық, бақыланбайтын артериялық гипертензия.

Қауіпсіздік шаралары

Мониторинг қажет: артериялық қысымға, қандағы калий концентрациясына, тромбоциттер мен гемоглобин деңгейіне. Эритропоэз тиімділігін растау мақсатында барлық науқастарға емдеуге дейін және емдеу барысында темір мөлшерін анықтау керек. Ретикулоциттер санын бағалаудың бір параметрі деп қарастыру қажет. Ретикулоциттердің төмен мөлшерімен байланысты гемоглобиннің парадоксальді төмендеуі мен ауыр анемияның дамуы кезінде эпоэтинмен емдеуді дереу тоқтату және эритропоэтинге антиденелердің болуына тест жүргізу керек. Орақ- жасушалы анемиясы бар пациенттерге сақтықпен қолдану. Инфекциялық ауруларда, қабыну симптомдары немесе жарақаттарда, жасырын қан кетуде, гемолиз, алюминиймен ауыр улану, гематологиялық ауруларда немесе сүйек кемігінің фиброзында емге жауаптың болмауы немесе емнің жеткіліксіз болуы мүмкін. Дені сау адамдар қабылдағанда гематокрит жоғарылауына алып келеді. 120 г/л (7,5 ммоль/л) жоғары гемоглобиннің мақсатты деңгейіне қол жеткізген кезде өлім, жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан ауыр асқынулар немесе ми қанайналымы бұзылыстары дамуы мүмкін. Ісіктің өсуі мүмкін.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Циклоспорин, такролимус - бірге қолданғанда гемоглобин концентрациясы жоғарылаған жағдайда дозаның модификациялануымен бірге сарысудағы олардың құрамын бақылау қажет. Басқа дәрілік препараттар- АРАЛАСТЫРМАУ!

Бүйрек жеткіліксіздігі

СБЖ бар пациенттерде гипертониялық криз, гипертониялық энцефалопатия мен тырысу ұстамаларын қоса, гипертензияның ауыр түрінің дамуы байқалған. Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде гемоглобиннің демеуші концентрациялары гемоглобиннің мақсатты концентрациясының жоғары шекарасынан аспауы тиіс.

Бауыр жеткіліксіздігі

Сақтықпен қолдану.

Жүктілік

Сақтықпен қолдану.

Емізу

Қолдану қажет болған жағдайда бала емізуді тоқтату керек.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: асқын сезімталдық, артериялық қысымның жоғарылауы, ісіну.Жиі: инсульт, бөртпе/ эритема, инъекция орнының ауыруы, тромбоэмболия.Жиі емес: тырысулар.Сирек: тромбоэмболия.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

Тері астына және көктамыр ішіне, препаратты енгізу орындарын ауыстыру қажет, баяу енгізу. Гемоглобин деңгейін апта сайын немесе екі аптада бір рет оның тұрақтануына дейін өлшеу керек. Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігімен бірге симптоматикалық анемия. 1 жасқа дейінгі балаларды емдеу зерттелмеген. 11 жас және одан асқан балалар: түзету фазасында бастапқы доза аптасына бір рет дене салмағына 0,45 мкг/кг құрайды. Диализ алмайтын пациенттерге 0,75 мкг/кг тең бастапқы доза тері астына екі аптада бір рет қолданылады. Демеуші фазада препарат аптасына бір рет немесе әр екі аптада бір рет енгізіледі.