B02BX04 Ромиплостим (Romiplostim)

Қолдану көрсеткіштері

Созылмалы идиопатиялық (иммундық) тромбоцитопениялық пурпура: емдеудің басқа түрлеріне (мысалы, глюкокортикостероидтарға, иммуноглобулиндерге) төзімді ересек пациенттердегі спленэктомиядан кейін; көкбауыры сақталған пациенттерде спленэктомия қарсы көрсетілген жағдайдағы екінші желілік ем ретінде.
    Клинические протоколы:
  1. Иммунная тромбоцитопения у взрослых
  2. Иммунная тромбоцитопения и беременность

Қарсы көрсеткіштері

Препараттың әсер етуші затына, қосымша заттарының кез келгеніне немесе E. Coli ақуыздарына аса жоғары сезімталдық.

Қауіпсіздік шаралары

Ромиплостимнің ұсынылған дозаларымен емдеу кезінде емдеуге жауап жоғалғанда немесе тромбоциттердің тұрақты санын сақтау мүмкін болмағанда, иммуногенділігін және сүйек кемігінде ретикулин концентрациясының артуын қоса, себептік факторларын анықтау қажет.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Глюкокортикостероидтар, даназол және/немесе азатиоприн, көктамырішілік иммуноглобулин (КІИГ), және анти-D иммуноглобулин - тромбоциттер санының ұсынылатын диапазоннан төмен азаюын болдырмау мақсатында, тромбоциттер санын бақылап отыру қажет.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Сақтықпен қолдану.

Бауыр жеткіліксіздігі

Егер бауыр жеткіліксіздігін ТПО агонистерімен емдеуге байланысты тромбоцитопениясы бар пациенттерде қақпалық көктамыр тромбозының анықталған қаупі күтілетін пайдасынан басым болса, орташа және ауыр бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде (Чайлд-Пью жіктеуі бойынша ≥7) қолдануға болмайды. Егер препаратты пайдалану қажет болса, онда тромбоэмболиялық асқынулардың туындау қаупін азайту үшін тромбоциттер санын бақылап отыру керек.

Жүктілік

Ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.

Емізу

Ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.

Жағымсыз әсерлері

Тұмау, жергілікті инфекция, назофарингит, көптеген миелома, миелофиброз, сүйек кемігі тарапынан бұзылыстар, тромбоцитопения, анемия, апластикалық анемия, сүйек кемігінің жеткіліксіздігі, лейкоцитоз, спленомегалия, тромбоцитемия, тромбоциттер санының артуы, тромбоциттер сананың ауытқуы, аса жоғары сезімталдық, ангионевроздық ісіну.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларда тиімділігі мен қауіпсіздігі бойынша деректер жеткіліксіздігіне байланысты қарсы көрсетілген.