B02BD03 Антиингибиторлы коагулянтты кешен¹ (Factor VIII inhibitor bypassing activity)
Қолдану көрсеткіштері
А гемофилиясының тежегіштік түрі бар пациенттердегі қан кетулерді емдеу және алдын алу; В гемофилиясының тежегіштік түрі бар пациенттердегі қан кетулерді емдеу және алдын алу; VIII, XI, XII факторына жүре пайда болған тежегіші бар пациенттердегі қан кетулерді емдеу және алдын алу.
-
Клинические протоколы:
- Наследственный дефицит факторов VIII или IX (Гемофилия)
- Апластическая анемия у детей
- Пароксизмальная ночная гемоглобинурия у взрослых
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Қарсы көрсеткіштері
Препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық; диссеминацияланған тамырішілік ұю (ДТҰ); миокард инфарктісі, жедел тромбоз және/немесе эмболия.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Қауіпсіздік шаралары
Төмен-тұзды диетада жүрген пациенттерге ерекше көңіл бөлу керек, бір реттік 100 ӘБ/кг және тәуліктік 200 ӘБ/кг дозадан арттырмаған жөн; жүре пайда болған коагулопатиялары бар пациенттерде тромбоздар дамуының жоғары қаупі және қан кетулерге бейімділігі болуы мүмкін.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Жағымсыз әсерлері
Қан және лимфа жүйесінің бұзылыстары: диссеминацияланған тамырішілік ұю.Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан бұзылыстар: миокард инфарктісі, артериялық қысымның айқын төмендеуі (гипотония), тромбоэмболиялық бұзылыстар.Енгізген жердегі жалпы және жергілікті реакциялар: жедел ауырсыну.Иммундық жүйе бұзылыстары: анафилаксия, жоғары сезімталдық реакциялары (оның ішінде аллергиялық), бөртпе.Жүйке жүйесінің бұзылыстары: бет және аяқтардың жансыздануы (гипостезия).
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Балаларда қолданылуы
Препаратты дозалау режимі ересектерге арналған дозамен бірдей болып қалады және баланың клиникалық жағдайына сәйкес бейімделуі керек. 6 жастан кіші балаларда қолдану тәжірибесі шектелген.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді