B02AA02 Транексам қышқылы (Tranexamic acid)

Қолдану көрсеткіштері

Жалпы және жергілікті фибрилиз жоғарылауын туындаған қан кетулерде: фибринолитикалық жүйенің басым күшейтілуімен тамырішілік коагуляциямен байланысты қан кетулер, фибринолитикалық терапияның геморрагиялық асқынулары, гемофилиясы бар науқастарда тіс жұлу және хирургиялық процедуралар, жатыр мойнының биопсиясы, простатэктомия.
    Клинические протоколы:
  1. Болезнь Виллебранда
  2. Отморожение у детей
  3. Иммунная тромбоцитопения у взрослых
  4. Иммунная тромбоцитопения у детей
  5. Наследственный дефицит факторов VIII или IX (Гемофилия)
  6. Пароксизмальная ночная гемоглобинурия у взрослых
  7. Первичные иммунодефициты с преимущественным дефектом в системе комплемента
  8. Трансплантация сердечно-легочного комплекса
  9. Трансплантация сердца
  10. Доброкачественная гиперплазия предстательной железы
  11. Киста почки
  12. Нарушения менструального цикла
  13. Тяжелая черепно-мозговая травма
  14. Хирургическое лечение транспозиции магистральных сосудов у детей
  15. Иммунная тромбоцитопения и беременность
  16. Абдоминальная травма
  17. Ожоги у детей
  18. Гиперпластические процессы эндометрия

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қарсы көрсеткіштері

Транексам қышқылына жоғары сезімталдық; субарахноидальді қан құйылу, терең көктамырлар тромбозы, тромбоэмболикалық синдром, миокард инфарктісі, соның ішінде анамнезіндегі тромбогеморриялық асқынулар (гепаринмен және тікелей емес антикоагулянттармен үйлесімде), тахикардия, артериялық гипотензия (көктамырға жылдам енгізу кезінде); анамнезіндегі құрысу синдромы; түстерді айырудың бұзылуы.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қауіпсіздік шаралары

Инъекциялар тек көктамырға енгізуге арналған. Ми ісінуі және құрысу қаупінің мүмкіндігіне байланысты анамнезінде құрысулары бар пациенттерге қолдануға болмайды. Жайылған тамырішілік коагуляциясы бар пациенттерге қолдану көп жағдайларда қарсы көрсетілген. Гематологиялық профиль бақылауымен және жедел күшті қан кетумен фибринолитикалық жүйе белсенділігінің басымдылығы бар пациенттерді қоспағанда. Тромбоз қаупінің жоғарылауына байланысты, анамнезінде тромбоэмболиялық аурулары бар немесе ұрықтануға қарсы дәрілік заттарды ішетін пациенттерге қолдануға болмайды. Емдеуді бастар алдында және оның барысында окулистте қаралу керек (көру өткірлігі, түс айыруы, көз түбі).

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Қан препараттары, урокиназа – транексам қышқылымен араластырмау. Пенициллин, тетрациклин – транексам қышқылымен үйлеспейді.  Пероральді контрацептивтер– тромбоэмболия даму қаупінің жоғарылауы.  Хлорпромазин – ми ишемиясы және тамырлар тарылу қаупінің жоғарылауы.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бүйрек жеткіліксіздігі

К/і енгізу түріне қан сарысуындағы креатинин бойынша дозасын түзету:  120-249 мкмоль/л  10 мг/кг құрайды әр 12 сағатта; 250-500 мкмоль/л - 10 мг/кг әр 24 сағатта;  500 мкмоль/л жоғары - 5 мг/кг әр 24 сағатта. Таблетка түрі үшін: 120-249 мкмоль/л  15 мг/кг құрайды әр  12 сағатта; 250-500 мкмоль/л - 15 мг/кг әр 24 сағатта. Ауыр сатысында- қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бауыр жеткіліксіздігі

Дозасын түзету талап етілмейді.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Емізу

Қарсы көрсетілген.Аздаған мөлшерде ана сүтінде болады, препараттың балаға әсер ету мүмкінділігі төмен. 

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жағымсыз әсерлері

Жиі: жүрек айнуы, құсу, диарея.Сирек: аллергиялық реакциялар, анафилактикалық шок; ұйқышылдық, бас айналуы, әлсіздік, құрысулар,  түстерді айырудың бұзылуы, көрудің нашарлауы; естен тану немесе танусыз гипотония (өте жылдам көктамырға инъекция кезінде немесе ішке қабылдағаннан кейін), кез келген бөліктердегі артериялық немесе көктамырлық тромбоз.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Балаларда қолданылуы

Балаларда қолданудың тиімділігі мен қауіпсізділігі зерттелмеген. Қолданбау!

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді