B01A02 Апиксабан (Apixaban)

Қолдану көрсеткіштері

Ересек емделушілерде ұршық немесе тізе буынын жоспарлы эндопротездеуден кейінгі көктамырлық тромбоэмболия асқынуларының  алдын алу. Терең көктамырлар тромбозын (ТКТ) және өкпе артериясының тромбоэмболиясын (ӨАТЭ) емдеу, қайталанатын терең көктамырлар тромбозын және өкпе артериясының тромбоэмболиясын алдын алу. Анамнезінде инсульт немесе транзиторлы ишемия, жүрек жеткіліксіздігі симптомдары, қант диабеті, артериялық гипертензия немесе жасы ≥ 75, сияқты бір немесе бірнеше қауіп факторлары бар жүрекшелердің клапанды емес фибрилляциясы бар ересек емделушілерде инсульт пен жүйелі эмболияның алдын алуда.
    Клинические протоколы:
  1. Венозные тромбозы и тромбофлебиты, посттромбофлебитический синдром
  2. Инфаркт миокарда с подъемом сегмента ST
  3. Недостаточность аортального клапана
  4. Недостаточность митрального клапана
  5. Сочетанное поражение коронарных артерий и клапанного аппарата сердца
  6. Стеноз аортального клапана
  7. Стеноз митрального клапана
  8. Тромбоэмболия легочной артерии
  9. Фибрилляция и трепетание предсердий
  10. Хроническая посттромбоэмболическая легочная гипертензия
  11. Тромбоэмболические осложнения в акушерстве
  12. Венозные тромбозы и тромбофлебиты, посттромбофлебитический синдром

Қарсы көрсеткіштері

Әсер етуші затқа немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне жоғары сезімталдық. Клиникалық тұрғыда айқын белсенді қан кету; қатерлі ісіктер; өңеш көктамырларының варикозды кеңеюі; миға, асқазан-ішек жолына, омыртқаға жақында жасалған хирургиялық араласулар, көз хирургиясы; таяуда болған бассүйекішілік қан кету; айқын қан кету қаупі; тамырлар аневризмасы.

Қауіпсіздік шаралары

Қан кетудің жоғары қаупімен байланысты жағдайларда препаратты сақтықпен қолдану. Орташа немесе жоғары қан кету қаупімен байланысты операцияға немесе инвазиялық процедураға дейін, кем дегенде 48 сағат бұрын, ал қан кету қаупі төмен болған жағдайда 24 сағаттан кешіктірмей препаратты қабылдауды тоқтату керек. Эпидуральді катетер операциядан кейін қалдырылған анестезияда (салдану қаупі) неврологиялық симптомдарды бақылау және катетерді алып тастағанға дейін Апиксабанның соңғы дозасын қабылдағаннан кейін 20-30 сағат күту және келесі дозасын катетерді алғаннан кейін кем дегенде 5 сағатқа дейін қабылдамау. Жүрек клапандарының протезі болған жағдайдағы тиімділігі анықталмаған.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

CYP3A4 күшті тежегіштері (кетоконазол, итраконазол, вориконазол және позаконазол) және АИТВ протеазалары (ритоновир) - қан плазмасында апиксабан концентрациясының жоғарылауы. CYP3A4 күшті индукторлары АИТВ протеазалары (фенитоин, карбамазепин, фенобарбитал, шайқурай) - қан плазмасында апиксабан концентрациясының төмендеуі.  Антикоагулянттар, тромбоциттер агрегациясының тежегіштері және СЕҚҚП - қан кетулер дамуының жоғары қаупі. Бірге қолдану ҚАРСЫ КӨРСЕТІЛГЕН!Белсендірілген көмір - апиксабанның терапевтикалық әсерінің төмендеуі.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Жүрекшелердің фибрилляциясы кезіндегі жүйелік эмболия және инсульттің алдын алуда, егер жасы 80 жастан асқан немесе пациент дене салмағы 60 кг және одан төмен және сарысулық креатинин ≥ 133 мкмоль/л немесе креатинин клиренсі (КК) 15-29 мл/мин деңгейінде болса, онда дозасын күніне екі рет 2,5 мг дейін азайту қажет. Эндопротездеуден кейінгі көктамырлық тромбоэмболияның алдын алуда, терең көктамырлар тромбозының немесе өкпе эмболиясының қайталануын алдын алуда және терең көктамырлар тромбозын немесе өкпе эмболиясын емдеуде, КК 15-29 мл/мин болғанда сақтықпен қолдану. Креатинин клиренсі 15 мл/мин төмен немесе диализде жүрген емделушілерде клиникалық қолданудың тәжірибесі болмағандықтан ұсынылмайды.

Бауыр жеткіліксіздігі

Препаратты бауыр жеткіліксіздігінің ауыр дәрежесінде және коагулопатиялармен байланысты аурулары бар пациенттерге қабылдауға болмайды. Бауыр ферменттерінің белсенділігі жоғарылағанда (АЛТ/АСТ деңгейі жоғарғы қалып шегінен 2 есе жоғары) немесе жалпы билирубин жоғарғы қалып шегінен 1,5 есе және одан аса жоғарылағанда сақтықпен қабылдау керек. Қабылдау алдында бауыр функциясын зерттеу қажет.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Ұсынылмайды.

Жағымсыз әсерлері

Жиі: қан кетулер, қанталаулар, гематурия, гематомалар, жүрек айну.Жиі емес: тромбоцитопения; гипотензия; трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы.Сирек: жоғары сезімталдық реакциялары.Маңызды! Мұнда жағымсыз реакциялардың қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларда апиксабанды қолдану қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. 18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.