B01A01 Стрептокиназа (Streptokinase)

Қолдану көрсеткіштері

Жедел миокард инфарктісі (бастапқы 12 сағат аралығында); өкпе артериясы және оның тарамдарының тромбоэмболиясы; аяқ-қол артерияларының тромбозы мен тромбоэмболиясы (6 аптадан артық емес мерзімде); торқабықтың орталық тамырларының 6-8 сағаттан аз (артериялардың), 10 күннен аз уақыт ішінде (көктамырлардың) окклюзиясы, гангрена қаупін тудыратын аяқ-қол терең көктамырларының тромбозы, гемодиализдік шунттардағы тромбтардың еруі.
    Клинические протоколы:
  1. Регионарный катетерный (селективный) тромболизис
  2. Изъятие печени от посмертного донора
  3. Изъятие почки от посмертного донора
  4. Венозные тромбозы и тромбофлебиты, посттромбофлебитический синдром
  5. Острая ревматическая лихорадка и хроническая ревматическая болезнь сердца
  6. Эмболия и тромбоз аорты и артерий
  7. Слизисто-кожный лимфонодулярный синдром Кавасаки у детей
  8. Отморожение у детей
  9. Рак мочевого пузыря
  10. Гепатоцеллюлярная карцинома
  11. Рак шейки матки

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қарсы көрсеткіштері

Препараттың кез-келген компонентіне аса жоғары сезімталдық; бас миының ісіктері немесе орталық жүйке жүйесінің метастаздары, бассүйек-ми жарақаты, ми қанайналымының бұзылысы, бақыланбайтын артериялық гипертензия (АҚ 200/100 мм с.б. жоғары), бактериялық эндокардит, перикардит, аорта аневризмасы; АІЖ эрозиялы-ойық жаралы зақымдануы, жедел панкреатит, диабеттік ретинопатия; операциядан кейінгі кезең, ішкі мүшелердің 3 аптаға дейінгі биопсиясы, 4 аптаға дейінгі транслюмбальді артериография, жуырда алған көптеген жарақаттар, қатты қан кету, тромб пен оның жанындағы тіндердің инфекция жұқтыруы, қан кету қаупін тудыратын ісіктер, гемморагиялық диатез; туберкулез (белсенді түрі).

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қауіпсіздік шаралары

Стрептокиназамен емдеудің барлық жағдайларда емді барынша ертерек бастау керек, өйткені ең жақсы әсер жаңадан түзілген тромбтарда байқалады. Емдеуді тромбиндік уақыт пен қандағы фибриноген құрамын бақылай отырып жүргізеді. Стрептокиназа ерітіндісін дайындау кезінде көбік түзілуін болдырмас үшін, ерітіндіні шайқамау керек. Препаратты енгізгенге дейін фибриноген құрамын, тромбиндік уақытты және белсенділендірілген ішінара тромбопластиндік уақытты анықтау ұсынылады. Препаратты 75 жастан асқан пациенттерге тағайындағанда ерекше сақтық таныту керек. Миокард инфарктісінде 24 сағат өткенше және одан да ұзақ, терең көктамырлар тромбозында – 14 күн және одан да ұзақ, торқабық қантамырлардың тромбозында: артериялық окклюзияларда – 6-8 сағат және одан да ұзақ, көктамырлық окклюзияларда – 10 күн және одан да ұзақ, артериялардың созылмалы окклюзияларында, соның ішінде облитерлеуші эндартериитте – 6 апта және одан ұзақ жүйелі пайдалану ұсынылмайды.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Қанның ұю жүйесіне әсер ететін препараттар (гепарин, тікелей емес антикоагулянттар, антиагреганттар) - қан кету туындауының қаупі.Антифибринолитикалық препараттар стрептокиназа әсерін әлсіретеді.Ұзақ жүйелік тромболизис басталуына қарай тромбоциттер қалыптасуына және функциясына әсер ететін препараттар әсерінің азаюын күткен жөн.Плазма алмастырғыш заттар – гидроксиэтилкрахмал немесе декстранмен үйлесімсіз (еріткіш ретінде пайдалануға болмайды).Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бүйрек жеткіліксіздігі

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бауыр жеткіліксіздігі

Қарсы көрсетілген.Ауыр түрінде қабылдауды болдырмау. 

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жағымсыз әсерлері

Анафилактикалық шок, аллергиялық реакциялар, ақуызға спецификалық реакциялар: бас ауыруы, жүрек айнуы, қалтырау; енгізген жерден қан кету, көктамыр ішіне жылдам енгізген кезде - гипотензия дамуы, жүрек ырғағының бұзылуы; эмболия; миалгия, артриттер, омыртқа аймағындағы ауыру; нефриттер; полинейропатия; ангионевритикалық ісіну.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларда тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректер жеткіліксіздігіне байланысты қарсы көрсетілген.Препаратты тағайындауда және дозасын таңдағанда емдеудің ұлттық стандарттарына, арнайы емдеу мекемелерінің емдеу хаттамаларына, сонымен қатар қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.                                                        

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді