B01AC24 Тикагрелор¹ (Ticagrelor)

Қолдану көрсеткіштері

Жедел коронарлы синдромы (тұрақсыз стенокардиясы, ST сегменті көтерілмеген миокард инфарктісі немесе ST  сегменті көтерілген миокард инфарктісі бар ересек пациенттердегі атеротромбоздық асқынулардың алдын алуда ацетилсалицил қышқылымен  біріктірілімінде дәрілік ем қабылдаған  және тері арқылы коронарлы ангиопластика (ТКА) немесе қолқакоронарлық шунт (ҚКШ) жасалған пациенттерді  қоса.
    Клинические протоколы:
  1. Эндоваскулярное лечение ишемического инсульта в острейшем периоде
  2. Аневризма сосудов головного мозга
  3. ИБС. Стабильная стенокардия напряжения
  4. Инфаркт миокарда с подъемом сегмента ST
  5. Кардиогенный отек легких
  6. Острый коронарный синдром без подъема сегмента ST (Нестабильная стенокардия, Инфаркт миокарда без подъема сегмента ST)
  7. Гастропатии, индуцированные приемом нестероидных противовоспалительных препаратов

Қарсы көрсеткіштері

Әсер ететін затқа немесе кез келген қосымша затқа жоғары сезімталдық, патологиялық қан кетудің болуы, анамнезінде  бассүйекішілік қан құйылу.

Қауіпсіздік шаралары

Пациенттердегі қан кетуге бейімділік  (мысалы, жуырда жарақат алуына, жақында операция жасалуына, белсенді немесе жуырдағы асқазан-ішектен қан кетулерге немесе  бассүйекішілік қан құйылу немесе ауыр бауыр  жеткіліксіздігіне байланысты), қан кету қаупін арттыруы мүмкін препараттармен (мысалы, 24 сағат ішінде қабылданатын қабынуға қарсы стероидты емес препараттар, пероральді антикоагулянттар және/немесе фибринолитиктер) бірге қолдану.Егер пациентке жоспарлы операция жасалатын болса және тромбозға қарсы әсер жағымсыз болса, онда терапияны операция жасалғанға дейін 5 күн бұрын тоқтатылуы тиіс.Брадикардия даму қаупі бар пациенттерге сақтықпен тағайындау қажет.Ентігу пайда болуы мүмкін. Несепқышқыл нефропатиясы бар пациенттерге қолдану ұсынылмайды. Жүрек-қантамыр ауруларының даму қаупі артуына байланысты терапияны мерзімінен бұрын тоқтатуды болдырмау керек. Егде жастағы пациенттерге  дозаны түзету қажеттілігі жоқ.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

CYP3A4 күшті тежегіштері (кетоконазол, кларитромицин, нефазодон, ритонавир және атазанавир) - тикагрелор әсерінің айтарлықтай жоғарылауы. CYP3A4 индукторлары (рифампицин, дексаметазон, фенитоин, карбамазепин және фенобарбитал)- тикагрелор тиімділігінің төмендеуі. Гемостазға әсер ететін заттар (антикоагулянттар, ацетилсалицил қышқылы, десмопрессин)- бірге САҚТЫҚПЕН ҚОЛДАНУ! Статиндер - қан плазмасында статиндер концентрациясының артуы. P-гликопротеин субстраттары, емдік диапазоны қысқа заттар - бұл препараттар концентрациясының жоғарылауы, клиникалық және/ немесе зертханалық мониторинг жүргізу ұсынылады. Серотонин қайта ұсталуының таңдамалы тежегіштері - қан кету қаупінің артуы. Брадикардия тудыратын заттар - қарыншалар асистолиясының және брадикардия дамуы, САҚТЫҚПЕН қолдану! Жүрек гликозидтері – тикагрелор бұл препараттардың терапевтикалық әсерін күшейтеді.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Дозасын түзету қажет емес.

Бауыр жеткіліксіздігі

Дозасын түзету қажет емес.

Жүктілік

Қолданбау.

Емізу

Қолданбау.

Жағымсыз әсерлері

Жиі: диспноэ, мұрыннан қан кету, асқазан-ішек жолдарынан қан кету, теріден қан кету, гематома, процедура жасалған жерден қан кету, бас айналу, бастың ауыруы.Сирек: гиперурикемия, сананың шатасуы, парестезиялар, құлақтан қан кету, құрсақішілік қан кету, іштің қатуы, гемартроз, қандағы креатинин деңгейінінің артуы.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларда қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.