B01A11 Илопрост (Iloprost)

Қарсы көрсеткіштері

Препараттың тромбоциттерге әсері қан кету қаупін арттыруы мүмкін патологиялық жағдайлар (мысалы, асқазан мен он екі елі ішектің өршу сатысындағы ойық жаралы ауруы, жарақат, бассүйекішілік қан құйылу); жүректің ауыр ишемиялық ауруы немесе тұрақсыз стенокардия; алдыңғы 6 айдағы миокард инфарктісі; дәрігердің тиісінше бақылауы болмаған жағдайда, декомпенсацияланған жүрек жеткіліксіздігі; ауыр аритмиялар; алдыңғы 3 айдағы цереброваскулярлық асқынулар (мысалы, транзиторлық ишемиялық шабуыл, инсульт); өкпенің көктамыр-окклюзиялық ауруы салдарынан болған өкпе гипертензиясы; миокард функциясының өкпе гипертензиясы түрткі болмаған клиникалық тұрғыдан елеулі бұзылуларымен жүретін жүрек клапандарының туа біткен немесе жүре пайда болған ақаулары. 

Қауіпсіздік шаралары

Артериялық гипотензия (артериялық систоликалық қысым деңгейі 85 мм сынап. бағ. төмен науқастарға тағайындау ұсынылмайды); ауыр оң жақ жүрекше жеткіліксіздігімен ілесетін тұрақсыз өкпелік гипертензияда; ингаляциялауда; өкпедегі жедел инфекциялық процесстерде, өкпенің созылмалы обстуктивті ауруларында және ауыр бронх демікпесінде.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Вазодилататорлар және гипертензияға қарсы препараттар - илопросттың гипертензияға қарсы әсері күшейеді.Антикоагулянттар (гепарин) және антиагреганттар (ацетисалицил қышқылы, СЕҚҚП, фосфодиэстераза тежегіштері) - қан кетулер пайда болуының қаупі жоғарылайды.Глюкокортикостероидтар - илопросттың тамырларды кеңейтетін әсері төмендейді.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде илопрост элиминациясы төмендейді. Мұқият титрлеу қажет, бастапқы доза енгізулер аралығын 3-4 сағат интервалмен 2,5 мкг құрайды, бұл ең жоғары күніне 6 рет тағайындауға сәйкес.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде илопрост элиминациясы төмендейді. Бастапқы дозаны енгізулер аралығын 3-4 сағат интервалмен мұқият титрлейді.

Жүктілік

Ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда тағайындау керек.Жүкті әйелдерде препаратты қолданудың деректер саны жеткіліксіз, зерттеулерде репродуктивті уыттылық әсерлері көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: қан кету, бас ауыруы, вазодилатация, кеуде қуысының ауыруы, жөтел, жүрек айнуы, жақ ауыруы/тризм, перифериялық ісінулер.Жиі: бас айналуы, тахикардия, жүрек соғуы, гипотензия, естен тану, ентігу, фаринго-ларингеальді ауру, жұтқыншақтың тітіркенуі, диарея, құсу, тіл және ауыз қуысының шырышты қабатының тітіркенуі, ауырсыну, бөртпені қоса.Жиілігі белгісіз: тромбоцитопения, жоғары сезімталдық реакциясы, бронхоспазм/тыныстың сырылдауы, дәм сезудің бұрмалануы.

Балаларда қолданылуы

Балаларға және 18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.