C01CE02 Милринон (Milrinone)

Қолдану көрсеткіштері

Стандартты демеуші емге төзімді декомпенсация сатысындағы созылмалы жүрек жеткіліксіздігін қысқа мерзімді емдеу үшін, сондай-ақ кардиохирургиялық операциялардан кейін жүректің аз лықсыту күйін қоса, жедел жүрек жеткіліксіздігін емдеу үшін көрсетілген;

Балаларда стандартты демеуші емге (жүрек гликозидтері, диуретиктер, вазодилататорлар және/немесе ангиотензин өзгертуші фермент (АӨФ) тежегіштері) төзімді декомпенсация сатысындағы созылмалы жүрек жеткіліксіздігін қысқа мерзімді емдеу үшін (35 сағатқа дейін), сондай-ақ кардиохирургиялық операциялардан кейін жүректің аз лықсыту күйін қоса, жедел жүрек жеткіліксіздігін қысқа мерзімді емдеу үшін көрсетілген

    Клинические протоколы:
  1. Хроническая сердечная недостаточность у детей
  2. Кардиогенный отек легких
  3. Коронавирусная инфекция - COVID-19, 10-я редакция с изменениями от 15.07.2020
  4. Острая сердечная недостаточность

Қарсы көрсеткіштері

Әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық, ауыр гиповолемия

Қауіпсіздік шаралары

Миокард инфарктісінің жедел фазасында милринон сияқты инотропты препараттарды қолдану миокардтың оттегі тұтынуының қолайсыз артуына әкелуі мүмкін.

Милринонмен емдеу кезеңінде артериялық қысымға, жүректің жиырылу жиілігіне, клиникалық жағдайға, электрокардиограмма көрсеткіштеріне, су-электролит теңгеріміне және бүйрек функциясына (мысалы, сарысу креатинині) мониторинг өткізу қажет.

Айқын қолқа стенозы немесе өкпе артериясы клапанының стенозы немесе гипертрофиялық субаорталық стенозы бар пациенттерде Милринонды обструкцияны жою үшін хирургиялық әдістер орнына қолдануға болмайды. Ондай жағдайларда Милринон сияқты инотропты препарат/вазодилятатор өкпе қан ағымының обструкциясын күшейтуі мүмкін.

Милринон алған жоғары қауіп бар пациенттер қауымында суправентрикулярлық және қарыншалық аритмиялар дамуы болды. Милринон атриовентрикулярлық түйін өткізгіштігінің мардымсыз жоғарылауын тудыратындықтан, бақыланбайтын жүрекшелер жыпылықтауы/фибрилляциясы бар пациенттерде қарыншалық жауап жиілігінің арту ықтималдығы бар. Сол себепті, атриовентрикулярлық түйіннің өткізгіштік уақытын арттыру үшін Милринонмен емдеуді бастар алдында дигитализация немесе басқа препараттарды қолдану мүмкіндігін қарастыру керек, аритмия дамығанда емдеуді тоқтату керек.

Жүрек жеткіліксіздігінде аритмияның даму ықтималдығы басқа дәрілік препараттарды немесе олардың біріктірілімдерін қолдану кезінде артуы мүмкін.

Милринон тамыр кеңейткіш әсеріне байланысты артериялық гипотензия дамуын туындатуы мүмкін.

Диуретиктермен ем кезінде жүрек лықсыту көрсеткіштері жақсарса, диуретик дозасын төмендету ұсынылады. Диуретиктермен күшейтілген ем нәтижесінде калий мөлшерінің төмендеуі диуретик дозасын төмендетуді талап етуі мүмкін. Диуретиктердің жоғары дозаларын қолданумен байланысты туындаған гипокалиемия дигиталис препараттарын қабылдайтын пациенттерде аритмия дамуын туындатуы мүмкін. Гемоглобин төмендеуі, оның ішінде анемия дамуы жүрек жеткіліксіздігі аясында жиі болады. Тромбоциттер немесе гемоглобин мөлшері төмендеген пациенттерде тромбоцитопения немесе анемия даму қаупіне байланысты осы зертханалық көрсеткіштерге мұқият мониторинг талап етіледі

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Преципитацияны болдырмау үшін Милринонды енгізген бір ғана тамшылатқышпен фуросемид немесе буметанидті енгізуге болмайды.

Милринонды натрий бикарбонаты ерітіндісімен қолдануға болмайды.

Кальций өзекшелерінің блокаторларымен теориялық ықтималды өзара әрекеттесуі болса да, клиникалық мәнді өзара әрекеттесу дәлелдері жоқ.

Милринон гликозидтердің уыттылық белгілерін тудырмай, жүрек гликозидтерін қабылдайтын пациенттерге инотропты әсерін көрсетеді.

Басқа дәрілік, оның ішінде үйлесімді препараттарды Милринонмен бір мезгілде енгізуге болмайды.

Милринонмен емдеу кезеңінде су-электролит теңгерімін, сондай-ақ қан сарысуында креатинин деңгейін мұқият бақылап отыру керек. Жүрек лықсытуының және, сол себепті, диурез артуы диурездік дәрі дозасын төмендетуді талап етуі мүмкін. Диурездің артуына байланысты калий жойылуы дигитализацияланған пациенттерде аритмия дамуына ықпал етуі мүмкін

Бүйрек жеткіліксіздігі

ауыр дәрежелі бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде доза коррекциясын қажет етеді

Бауыр жеткіліксіздігі

Нақты ақпараттар жоқ

Жүктілік

Қолдануға тек ана үшін пайда ұрыққа төнетін ықтимал қауіптен басым жағдайда ғана жол беріледі

Емізу

Емізудің бала үшін пайдасын және емнің әйел үшін пайдасын ескере отырып, емізуді тоқтату немесе тигециклинмен емді тоқтатата тұру туралы шешім қабылдау қажет

Жағымсыз әсерлері

Ауырлығы жеңілден орташа дәрежеге дейінгі бас ауырулар, қарыншалардың эктопиялық белсенділігі, тұрақсыз немесе ұзаққа созылатын қарыншалық тахикардия, қарыншаүстілік аритмия, гипотония, гипокалиемия, тремор, қарыншалар фибрилляциясы, стенокардия/кеуденің ауыруы, бауырдың функционалдық сынамаларының қалып шегінен ауытқулары, тромбоцитопения. Өте сирек:анафилаксиялық шок, Torsades de pointes (TdP) (полиморфты қарыншалық немесе қарыншалар фибрилляциясына ұласатын тахикардия), бронх түйілуі, бөртпе сияқты тері реакциялары, эритроциттер саны мен гемоглобин концентрациясының төмендеуі, қатарлас гипотензияға қатысты салдарлы бүйрек жеткіліксіздігі, инфузия орнындағы реакциялар

Балаларда: тромбоцитопения, қарыншаішілік қан құйылу, ашық артериялық түтік

Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары

Вена ішіне инъекция және инфузия үшін ерітінді, 10 мг/10 мл; Милринонмен ем 50 мкг/кг екпінді дозасын 10 минут ішінде енгізуден басталады, әдетте, әріқарай гемодинамикалық көрсеткіштерге және клиникалық жауапқа байланысты демеуші дозаны 0,375 мкг/кг/минуттан бастап 0,75 мкг/кг/минутқа дейінгі дозада келесі үздіксіз инфузия түрінде енгізуге көшеді. Жиынтық доза 1,13 мг/кг/тәуліктен аспауы тиіс.