V03AF10 Натрия левофолинат (Sodium levofolinate)

Қолдану көрсеткіштері

Цитоуытты ем жүргізу және ересектер мен балаларда артық дозалану кезінде метотрексат сияқты фолий қышқылының антагонистеріне қарсы тұру және уыттылығын азайту; Цитоуытты ем үшін фторурацилмен біріктірілімде

    Клинические протоколы:
  1. Злокачественные новообразования ободочной кишки
  2. Злокачественные новообразования прямой кишки
  3. Рак желудка
  4. Рак поджелудочной железы

Қарсы көрсеткіштері

Әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; Натрий левофолинатын пернициоздық анемияны немесе В12 дәруменінің тапшылығынан туындаған анемияның басқа типтерін емдеу үшін қолдануға болмайды.

Динатрий левофолинаты мен фторурацилді біріктіріп қолдануға қарсы көрсетілімдер:фторурацилге бұрыннан бар қарсы көрсетілімдер, ауыр диарея, жүктілік және бала емізу

Қауіпсіздік шаралары

Динатрий левофолинаты вена ішіне инъекция арқылы сұйылтылмаған күйде немесе инфузия арқылы сұйылтылған күйде енгізіледіжәне интратекальді енгізілмеуі керек.

Динатрий левофолинаты В12 дәруменінің тапшылығынан туындаған пернициоздық анемияның және анемияның басқа түрлерінің клиникалық көрінісін бүркемелеуі мүмкін.

Көптеген цитоуытты препараттарды - ДНҚ синтезінің тікелей немесе жанама тежегіштерін (гидроксикарбамид, цитарабин, меркаптопурин, тиогуанин) қолдану макроцитоздың дамуына әкеледі, оны динатрий левофолинатымен емдеуге болмайды.

Фенобарбитал, фенитоин, примидон және сукцинимидтер қабылдайтын эпилепсиясы бар пациенттерде эпилепсияға қарсы препараттардың қан плазмасындағы концентрациясының төмендеуі салдарынан эпилепсиялық ұстамалар жиілігінің арту қаупі бар.

Динатрий левофолинатын фторурацилмен біріктіріп қолданғанда, динатрий левофолинаты, әсіресе егде және әлсіреген пациенттерде, фторурацилдің уыттылығын күшейтуі немесе өзгертуі мүмкін. Динатрий левофолинатымен біріктірілімде фторурацил уыттылығының ең жиі көріністері лейкопения, мукозиттер, стоматиттер және/немесе диарея болып табылады, олардың доза шектеуші мәні болуы мүмкін.

Динатрий левофолинатымен және фторурацилмен біріктірілген ем жүргізген кезде уытты әсерлер байқалған жағдайда фторурацилдің дозасы монотерапия режимінде фторурацилді қолданған жағдайға қарағанда көбірек дәрежеде төмендетілуі тиіс.

Егде жастағы және әлсіреген пациенттерді немесе сәулелік терапиядан өткен пациенттерді емдеуде ерекше назар аудару қажет, өйткені оларда фторурацилдің ауыр уыттылығының даму қаупі жоғары, мұндай пациенттерде емді фторурацилдің төмендетілген дозаларынан бастау ұсынылады.

Фолий қышқылы антагонистерімен артық дозалануы жағдайларын қоспағанда, динатрий левофолинатын уыттылықты азайту мақсатында ісікке қарсы препараттар - фолий қышқылы антагонистерімен (мысалы, метотрексатпен) бір мезгілде қолданбаған жөн, өйткені мұндай препараттардың емдік әсері нивелирленуі мүмкін

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Динатрий левофолинаты фолий қышқылы антагонистерінің, мысалы, метотрексаттың антидоты болып табылады. Динатрий левофолинатын метотрексаттан кейін енгізген кезде оның артық дозалануы метотрексат әсерінің (шамадан тыс «құтқару») болмауына әкелуі мүмкін.

Динатрий левофолинатын фолий қышқылының антагонистерімен (мысалы, ко-тримоксазол, пириметамин) бір мезгілде қолданған кезде фолий қышқылы антагонистерінің тиімділігін төмендетуге немесе мейлінше азайтуға болады.

Фторурацилмен біріктіріп тағайындау кезінде динатрий левофолинаты фторурацилдің емдік және уытты әсерінің күшеюіне әкелуі мүмкін екендігі көрсетілген. Фторурацилді 600 мг/м2 (болюсті в/і аптасына бір рет) дозада динатрий левофолинатымен бірге қолданғанда өмірге қауіп төндіретін диарея жағдайлары байқалды. Фторурацил мен динатрий левофолинатын бірге қолданған кезде фторурацилдің дозалары монотерапиямен салыстырғанда едәуір төмендеуі тиіс.

Динатрий левофолинаты эпилепсияға қарсы препараттардың: фенобарбиталдың, фенитоиннің, примидонның және сукцинимидтердің тиімділігін төмендетуі және эпилепсиялық ұстамалар жиілігін арттыруы мүмкін

Бүйрек жеткіліксіздігі

ауыр дәрежелі бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде қолдану ұсынылмайды

Бауыр жеткіліксіздігі

ауыр дәрежелі бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде қолдану ұсынылмайды

Жүктілік

Жүктілік кезеңінде қарсы көрсетілген

Емізу

Емізу кезеңінде қолдану қарсы көрсетілген

Жағымсыз әсерлері

Анафилактоидтық/анафилаксиялық реакцияларды қамтитын аллергиялық реакциялар, есекжем. Сирек: жоғары дозаларды енгізгеннен кейін ұйқысыздық, қозу және депрессия, эпилепсиялық ұстамалар санының өсуі,жоғары дозаларды енгізгеннен кейінгі асқазан-ішек бұзылыстары, препаратты инъекцияға арналған ерітінді түрінде енгізгеннен кейінгі қызба

Фторурацилмен біріктірілімде: сүйек кемігі функциясының жеткіліксіздігі, оның ішінде өліммен аяқталатын, мукозит, оның ішінде стоматит және хейлит. Мукозиттің дамуы нәтижесінде өліммен аяқталған жағдайлар туралы хабарланды, алақан-табан синдромы, гипераммониемия

Химиотерапияның айлық режимдері: жүрек айну және құсу Химиотерапияның апталық режимдері: қажетті ем жүргізу үшін ауруханаға жатқызуды талап ететін және өлімге әкелетін уыттылық деңгейі жоғары диарея жәнесусыздануөліммен аяқталатын жағдайларды қоса, сүйек кемігінің жеткіліксіздігі

Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары

Вена ішіне енгізуге немесе инфузияға арналған ерітінді 50 мг/мл, 1 мл (50 мг), 4 мл (200 мг); Апталық режимдер:

Фторурацилдің орташа жоғары дозасы: левофолин қышқылы 250 мг/м2 дозада левофолин қышқылының вена ішіне инфузиясы басталғаннан кейін 1 сағаттан соң басталған фторурацилді 500-600 мг/м2 дозада вена ішіне болюсті енгізумен біріктіріп, 2 сағаттық вена ішіне инфузия түрінде енгізіледі. 6 апта бойы аптасына бір рет қайталау керек (1 курс). 2 аптадан соң курстарды қайталаңыз. Курстардың саны ісіктің жүргізілген емге жауабына байланысты.

Фторурацилдің жоғары дозасы: левофолин қышқылы 250 мг/м2 дозада 1-2 сағат ішінде вена ішіне инфузия түрінде енгізіледі, соңынан24 сағаттық ұзақ инфузия түрінде 2600 мг/м2 дозада фторурацилді енгізумен жалғасады. 6 апта бойы аптасына бір рет қайталау керек (1 курс). 2 аптадан соң курстарды қайталау керек. Курстардың саны ісіктің жүргізілген емге жауабына байланысты.

Екі апталық режим (де Грамонт режимі): левофолин қышқылы 100 мг/м2 дозада 2 сағаттық вена ішіне инфузия түрінде, соңынан фторурацилді алдымен 400 мг/м2 дозада болюсті енгізумен,содан кейін әрбір екі апта сайын келесі 2 күн ішінде 600 мг/м2 дозада ұзартылған 22 сағаттық инфузия түрінде енгізумен жалғасады.Курстардың саны ісіктің жүргізілген емге жауабына байланысты.

Айлық режимдер:

Левофолин қышқылының орташа жоғары дозасы: левофолин қышқылы 100 – 250 мг/м2 дозада енгізіледі, соңынан фторурацилді 370 мг/м2 дозада енгізумен жалғасады, екі препарат да қатарынан 5 күн бойы күн сайын вена ішіне болюсті енгізіледі.

Левофолин қышқылының төмен дозасы (Мейо режимі): левофолин қышқылы фторурацилді 425 мг/м2 дозада енгізумен жалғасатын, 10 мг/м2 дозада енгізіледі, екі препарат да қатарынан 5 күн бойы күн сайын вена ішіне болюсті инъекция түрінде енгізіледі.

Алғашқы 5 күндік химиотерапияның екі курсы арасындағы аралық (левофолин қышқылының орташа жоғары немесе төмен дозаларымен) 4 аптаны (28 күн), ал келесі курстар арасындағы аралық 5 аптаны (35 күн) құрауы мүмкін. Химиотерапия курстарының саны ісіктің емге жауабына байланысты.