N06AX26 Вортиоксетин (Vortioxetine)

Қолдану көрсеткіштері

Ересектерде үлкен депрессиялық көріністерді емдеу үшін

    Клинические протоколы:
  1. Депрессии без психотических симптомов
  2. Депрессии с психотическими симптомами

Қарсы көрсеткіштері

Әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық, моноаминоксидазаның (МАО) селективті емес тежегіштерін немесе МАО-А селективті тежегіштерін бір мезгілде қабылдау

Қауіпсіздік шаралары

Вортиоксетинді қоса, антидепрессанттармен емделу кезінде озбырлық, қозу, ызалану немесе ашушаңдық сезімі туындауы мүмкін. Мұндай жағдайларда дәрігерге қаралу керек.

Егер пациент депрессиядан және/немесе үрей тудыратын бұзылыстардан азап шегіп жүрсе, кейде оны өзіне зиян келтіру туралы немесе өзін өлтіру туралы ойлар келуі мүмкін. Мұндай ойлар антидепрессанттарды алғаш қабылдауды бастаған кезде күшеюі мүмкін, өйткені мұндай препараттар әсер ете бастауы үшін әдетте екі аптаға жуық, бірақ кезде ұзағырақ уақыт қажет болады.

Мұндай ойлар үлкен ықтималдылықпен туындауы мүмкін, егер:бұрын өзіне өзі өлтіру немесе өзіне зиян келтіру ойлар болса;жас болса.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Дәрігер препаретпен емдеу кезінде, пациенттің мына препараттардың кез-келгенін қолдануды ескеру қажет: фенелзин, ипрониазид, изокарбоксазид, ниаламид, транилципромин. Осы препараттардың кез келгенін Вортиоксетин

бірге қабылдамауға тиістісіз. Егер пациент осы препараттардың кез келгенін қабылдаса, Вортиоксетин препаратын қабылдауды бастар алдында 14 күн күте тұру керек.

Вортиоксетин қабылдауды тоқтатқаннан кейін де осы препараттарды қабылдауды 14 күн күте тұруға тиісті: моклобемид, селегилин, разагилин, линезолид, серотонинергиялық әсері бар препараттар, мысалы, трамадол және ұқсас препараттар, суматриптан және құрамында "триптан" деп аяқталатын белсенді зат бар ұқсас препараттар.

Мұндай препараттарды Вортиоксетин препаратымен бірге қабылдау серотонин синдромының қаупін арттыруы мүмкін: литий немесе триптофан; натрий деңгейінің төмендеуіне әкелетін препараттар; рифампицин; карбамазепин, фенитоин; варфарин, дипиридамол, фенпрокумон, ацетилсалицил қышқылының төмен дозалары.

Құрысу ұстамалары қаупін арттыратын препараттар: суматриптан және атауы «триптанмен» аяқталатын белсенді затпен ұқсас препараттар; трамадол мефлохин; бупропион; флуоксетин, пароксетин және депрессияны емдеуге арналған серотонинді кері қармайтын селективті тежегіштер (СКҚСТ) және серотонин-норадреналинді кері қармайтын селективті тежегіштер (СНКҚСТ) деп аталатын басқа препараттар, трициклдік антидепрессанттар; шілтерлі шайқурай (Hypericum perforatum); хинидин; хлорпромазин, хлорпротиксен, галоперидол

Осы препаратты алкогольмен бірге қабылдау ұсынылмайды

Бүйрек жеткіліксіздігі

Доза коррекциясын қажет етпейді

Бауыр жеткіліксіздігі

Доза коррекциясын қажет етпейді

Жүктілік

Қолдануға тек ана үшін пайда ұрыққа төнетін ықтимал қауіптен басым жағдайда ғана жол беріледі

Емізу

Емізудің бала үшін пайдасын және емнің әйел үшін пайдасын ескере отырып, емізуді тоқтату немесе тигециклинмен емді тоқтатата тұру туралы шешім қабылдау қажет

Жағымсыз әсерлері

жүректің айнуы, диарея, іш қату, құсу, бас айналу, бүкіл дененің қышуы, әдеттен тыс түс көрулер, қатты терлеу, қан кернеулер, түнгі тершеңдік. Сирек: қарашықтың кеңеюі (мидриаз), ол глаукома даму қаупін арттыруы мүмкін, қанда натрий деңгейінің төмен болуы (симптомдары бас айналу сезімін, әлсіздікті, сананың шатасуын, ұйқышылдықты немесе қатты шаршауды немесе жүректің айнуын қамтуы мүмкін; өте күрделі симптомдар естен тануды, құрысуларды немесе құлап қалуды қамтиды), серотониндік синдром, аллергиялық реакциялар, олар беттің, еріннің, тілдің немесе тамақтың ісінуін, тыныс алудың немесе жұтынудың қиындығын және/немесе артериялық қысымның күрт түсіп кетуін туындатады, ол бас айналу сезіміне әкелетін күрделі болуы мүмкін, есекжем, шамадан тыс немесе күтпеген қан кетулер (көгерулердің пайда болуы, мұрыннан қан кету, асқазан-ішектік және қынаптық қан кету), бөртпе, ұйқының бұзылулары (ұйқысыздық), қозу және озбырлық (осы жағымсыз реакциялар дамыса, дәрігерге қаралуға қажет), бас ауыру, қандағы «пролактин» деп аталатын гормон деңгейінің жоғарылауы Жасөспірімдердегі қосымша жағымсыз реакциялар: Вортиоксетинді қабылдаған кезде жасөспірімдерде, іштің ауыруымен, және ересектермен салыстырғанда жасөспірімдерде жиі кездесетін суицидтік ойлармен байланысты құбылыстарды қоспағанда, ересектердегідей жағымсыз реакциялар байқалды

Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары

65 жастан кіші ересектер үшін бастапқы және ұсынылған дозасы тәулігіне бір рет 10 мг вортиоксетинді құрайды. Дәрігер пациенттің емдеуге реакцияға байланысты дозаны тәулігіне ең жоғары 20 мг дозаға дейін арттыруы немесе Вортиоксетинді тәулігіне ең төмен 5 мг дозаға дейін төмендетуі мүмкін. 65 жастағы және одан үлкен егде жастағы пациенттер үшін бастапқы доза тәулігіне бір рет 5 мг вортиоксетинді құрайды.