V03AF01 Месна (Mesna)
Қолдану көрсеткіштері
Кіші жамбас аймағында, әсіресе, алғашқы сәулелік терапия алған жоғары қаупі бар пациенттерде оксазафосфориндердің (ифосфамид, циклофосфамид, трофосфамид) уротелиальді уытты әсерінің профилактикасында.
Бұрын оксазафосфориндермен ем алған циститі бар пациенттерде немесе анамнезінде несеп шығару жолдарының аурулары бар пациенттерде.
-
Клинические протоколы:
- Аллогенная неродственная трансплантация костного мозга
- Аллогенная родственная трансплантация костного мозга
- Гаплоидентичная трансплантация костного мозга
- Гаплоидентичная трансплантация гемопоэтических стволовых клеток у детей
- Аутологичная трансплантация костного мозга
- Перекрестный (overlap) синдром
- Ювенильная локальная склеродермия
- Быстро прогрессирующий гломерулонефрит у детей
- Хронический нефритический синдром у детей
- Доброкачественные и злокачественные новообразования центральной нервной системы
- Опухоли средостения
- Саркомы мягких тканей
- Рак легкого
- Злокачественное новообразование яичника, фаллопиевой трубы и первичная перитонеальная карцинома
- Саркома Юинга
Қарсы көрсеткіштері
Меснаға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; лактация кезеңі.
Қауіпсіздік шаралары
Жоғары сезімталдық реакциялары уропротектор ретінде қолданылатын месна енгізілгеннен кейін байқалды. Мұндай реакцияларға тері және теріасты шелі тарапынан әртүрлі симптомдар жатады.
Бұдан басқа, терінің ауыр түрдегі шырышты қабықтардың буллезді және ойық жаралы зақымдану жағдайлары байқалды. Кейбір реакциялар Стивенс-Джонсон синдромы ретінде қарастырылды.
Кейбір жағдайларда тері реакциялары бір немесе бірнеше басқа симптомдармен қатар жүрді, соның ішінде қызба, жүрек-қантамыр симптомдары, жедел бүйрек жеткіліксіздігінің белгілері, өкпе тарапынан симптомдар, гематологиялық ауытқулар, бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы, жүрек айнуы, құсу, аяқ-қолдың ауыруы, артралгия, миалгия, жалпы әлсіздік, стоматит және конъюнктивит. Кейбір реакциялар анафилаксия ретінде көрінді. Сондай-ақ, қызбамен, мысалы, терілік көріністерсіз гипотензия қатар жүргені хабарланды.
Аутоиммундық аурулары бар пациенттер аллергиялық немесе анафилактоидтық реакциялар қаупі жоғары аймақта болады.
Толығырақ ақпарат алу үшін дәрі-дәрмектің нұсқауларын қараңыз.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Өзара әрекеттесу бойынша зерттеулер жүргізілген жоқ.
Препарат цисплатин, карбоплатин және хлорметинмен in vitro үйлеспейді. Алайда, егер инъекцияға арналған жеке орындар пайдаланылса, бір мезгілде қолдануға болады. Бұл препараттар организмде өзара әрекеттеспейді.
Месна мен эпирубицин араласқан кезде эпирубициннің белсенділігі жойылады, сондықтан бұл біріктірілімнен аулақ болу керек.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Меснаны қолдану барысында дизурия, бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігі болуы мүмкін.
Бауыр жеткіліксіздігі
Меснаны қолдану барысында бауыр және өт шығару жолдары тарапынан трансаминазалардың белсенділігін арттыру, гепатит, гамма-глутамилтрансфераза белсенділігінің жоғарылауы, қанда сілтілік фосфатаза белсенділігінің жоғарылауы мүмкін.
Жүктілік
Жүкті әйелдерде меснаны қолдану туралы деректер жоқ немесе шектеулі. Жануарларға ұрпақ өрбіту уыттылықты зерттеу меснаның тікелей немесе тікелей емес жағымсыз теріс әсерінің болуын көрсетпейді. Алдын алу шарасы ретінде Месна препаратын жүктілік кезінде қолданбаған жөн.
Емізу
Месна препаратымен емдеу кезінде емшек емізуді тоқтату керек.
Жағымсыз әсерлері
Ең жиі кездесетін жағымсыз реакциялар (>10%): бас ауыруы, инфузия орнындағы реакциялар, іштің ауыруы/іштің түйіліп ауыруы, бас айналу, ұйқышылдық/әлсіздік, қызба, бөртпе, диарея, жүрек айнуы, гиперемия және тұмау тәрізді аурулар болып табылады.
Аса ауыр жағымсыз реакцияларға мыналар жатады: уытты эпидермальді некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы, анафилаксиялық шок және эозинофилиясы және жүйелік симптомдары (DRESS) бар дәрілік бөртпе.
Месна препараты оксазафосфориндермен біріктірілімде қолданылатындықтан, Месна препаратын қолданумен байланысты жағымсыз реакцияларды бір мезгілде қолданылатын цитоуытты препараттармен туындаған реакциялардан ажырату жиі қиындықты тудырады.
Толығырақ ақпарат алу үшін дәрі-дәрмектің нұсқауларын қараңыз.
Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары
Әдетте ересек пациенттерге вена ішіне (в/і) оксазафосфориннің тиісті дозасының 20%-ын құрайтын дозада инъекция түрінде енгізіледі; енгізудің уақыт нүктелері - 0 (оксазафосфоринді енгізу уақыты), 4 және 8 сағат. Месна препаратымен емдеу ұзақтығы оксазафосфоринмен емдеу ұзақтығына байланысты.
Толығырақ ақпарат алу үшін дәрі-дәрмектің нұсқауларын қараңыз.
Балаларда қолданылуы
16 жасқа дейінгі балалардағы меснаның қауіпсіздігі мен тиімділігі клиникалық зерттеулерде зерттелмеген, бірақ меснаның педиатриялық тәжірибеде қолдану тәжірибесі әдебиетте сипатталған.
Әдетте, балаларда несеп шығару ересектерге қарағанда жиі болады, сондықтан балаларда инъекциялар арасындағы аралықты жекелей азайту (мысалы, 3 сағат) және/немесе препаратты енгізу санын көбейту қажет (мысалы, 6 дозаға дейін).