S01EE04 Травопрост (Travoprost)
Қолдану көрсеткіштері
Ашық бұрышты түрдегі глаукомасы пациенттердегі көзішілік қан қысымының жоғарылауында; көзішілік гипертензия.
-
Клинические протоколы:
- Первичная глаукома
- Глаукома вторичная вследствие других болезней глаз
Қарсы көрсеткіштері
Белсенді затына немесе кез келген қосалқы затқа жоғарғы сезімталдық.
Қауіпсіздік шаралары
• Препаратты пайдаланар алдында көзден жанаспалы линзаны алып тастау ұсынылады және линзаны қайта кигенге дейін 15 минут күте тұру керек.• Препаратын теріге тигізбеген жөн, өйткені травопросттың трансдермальді сіңуі туралы деректер бар.• Құтының ішіндегісін ластап алмау үшін, пипетканың ұшын қабаққа, көз аймағына немесе басқа кез келген беткейге тигізіп алмау керек.• Препараттын меланоциттердегі меланосомдар санын (пигментті түйіршіктер) ұлғайту арқылы, көздің түсін біртіндеп өзгертуі мүмкін. Емдеуді бастар алдында, пациенттерді көз түсінің қайтымсыз өзгеруі мүмкін екендігі туралы хабардар ету тиіс.• Біржақты емдеу нәтижесі тұрақты гетерохромияға алып келеді. Көздің кірпік жағдайы да біртіндеп өзгеруі мүмкін. өзгерулер: кірпік ұзындығының, қалыңдығының, пигментациясының және/немесе кірпік санының артуын қамтиды. • Препаратты қабылдаған кезде периорбитальді өзгерістер мен қабақтың өзгерістері, қабақ қыртысының тесілуі турлы хабарланған. • Препаратты белсенді көзішілік қабынумен зардап шегетін пациенттерге сақтықпен қолдану керек.• Ирит/увеиттің белгілі бейімділік қауіп факторы бар пациенттерге абайлап қолдану керек.• Препарат афакиялық пациенттерде, көз бұршағы артқы капсуласының зақымдануы бар немесе алдыңғы камералық линзасы бар псевдофакиялық пациенттерде, немесе цистоидты макулярлық оэдеманың белгілі қауіп факторлары бар пациенттерде абайлап пайдаланылуы тиіс.• Автокөлік жүргізуді немесе басқа қауіптілігі зор механизмдерді қолдануды көздің көруі қалпына келгенге дейін, біраз уақыт күте тұру қажет.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Дозаны түзету талап етілмейді.
Бауыр жеткіліксіздігі
Дозаны түзету талап етілмейді.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Ұсынылмайды.
Жағымсыз әсерлері
ЖергіліктіӨте жиі: көз гиперемиясы.Жиі: нұрлы қабықтың гиперпигментациясы; көздің ауыруы; көздегі жайсыздық; көздің құрғауы; көздің қышынуы; көздің тітіркенуі.Жиі емес: мөлдір қабық эрозиясы; увеит; ирит; алдыңғы камераның қабынуы; кератит; нүктелі кератит; көздің қарығуы; көзден шығатын бөліністер; блефарит; қабақ эритемасы; периорбитальді ісіну; қабақтың қышынуы; көру жітілігінің төмендеуі; айқын көрмеу; жас ағудың көбеюі; конъюнктивит; эктропия (көздің қабығының айналуы); катаракта; қабақтың шетінде қабыршықтардың пайда болуы; кірпіктің өсуі.Сирек: иридоциклит; қарапайым офтальмогерпес; көздің қабынуы; фотопсия; қабақ экземасы; конъюнктиваның ісінуі; көру өрісінде нұрлы қабық шеңберлерінің жарық ошағы айналасында болуы; конъюнктива фолликулалары; көз гипестезиясы; трихиаз; мейбомианит; көз алдыңғы камерасының пигментациясы; мидриаз; астенопия; кірпіктер гиперпигментациясы; кірпіктің қалыңдауы.ЖүйеліЖиі емес: аса жоғары сезімталдық, маусымдық аллергия; бас ауыруы; жүрек қағуының жиілеуі; жөтел, мұрынның бітелуі, тамақтың тітіркенуі; тері гиперпигментациясы (периокулярлық), тері түсінің өзгеруі, шаштың аномальді текстурасы, гипертрихоз.Сирек: бас айналу, көру өрісінің ақауы, дисгевзия; жүректің жиырылу жиілігінің бұзылуы, жүректің жиырылу жиілігінің азаюы; диастолалық қан қысымының төмендеуі, систолалық қан қысымының жоғарылауы, гипотензия, гипертензия; ентігу, демікпе, тыныс алу жүйесі тарапынан бұзылулар, ауыз-жұтқыншақтың ауыруы, дисфония, аллергиялық ринит, мұрынның құрғауы; асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы, асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар, іштің қатуы, ауыздың құрғауы; аллергиялық дерматит, жанаспалы дерматит, эритема, бөртпе, шаш түсінің өзгеруі, мадароз; сүйек-бұлшықеттің ауыруы, артралгия; астения
Балаларда қолданылуы
2 айдан 18 жасқа дейінгі балаларға. Ұсынылатын доза зақымданған көздердің (көздің) коньюктивалық қалтасына күніне 1 рет препараттың 1 тамшысын кешкісін тамызады. 2 айға дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.