S01EB01 Пилокарпин (Pilocarpine)
Қолдану көрсеткіштері
Хирургиялық араласуға дейінгі бастапқы және созылмалы ашық бұрышты глаукома. Жабық бұрышты глаукоманың жедел ұстамасы. Торқабықтың орталық көктамыры тромбозы нәтижесінде, торқабық артериясының жедел бітелуінен, көру жүйкесінің атрофиясынан, торқабықтың пигментті дегенерациясынан, шыны тәрізді денеге қан құйылудан туындаған екіншілік глаукома. Жоғары дәрежелі миопиясы бар адамдардан басқа, хирургиялық араласулар кезінде және диагностикалық мақсатта қолдану.
-
Клинические протоколы:
- Болезнь Шегрена
- Первичный биллиарный холангит. Первичный склерозирующий холангит
Қарсы көрсеткіштері
Ирит, иридоциклит, иридоциклді криз, увеит, циклит, кератит және көз қарашығының тарылуы болмағаны дұрыс болатын басқа да көз аурулары; глаукоманың іркілген түрі кезінде препаратқа парадоксальді реакция; көз тіндерінің жедел қабыну аурулары, анамнезінде препарат компоненттеріне аллергиялық реакциялар және бронх демікпесі.
Қауіпсіздік шаралары
Концентрация мен инстилляция жиілігін ұлғайту дұрыс емес, себебі бұл гипотензиялық әсерін күшейтпейді және ағзаның жалпы жағымсыз реакцияларын туғызады. Тек әр түрлі түрдегі глаукомасы бар науқастарға ғана тиімді. Мүмкіндігінше бір жыл ішінде пилокарпинді 1-3 ай басқа миотикалық емес препараттармен ауыстырған дұрыс. Ұзақ уақыт тамызған кезде миоз барлық кезде сақталады, бұл факосклерозы және бастапқы сатыдағы катарактасы бар егде жастағы адамдар үшін маңызды. Жедел жүрек жеткіліксіздігі, миокард инфарктісін жақында бастан өткерген, ауыр брадикардия, артериялық гипотензия, артериялық гипертензия, гипертиреоз, эпилепсия, несеп жолдарының обструкциясы, вазомоторлы тұрақсыздық, Паркинсон ауруы бар науқастарда сақтықпен қолдану. Көлік құралын жүргізу және басқа да қауіптілігі жоғары қызмет түрлерімен айналысу ұсынылмайды.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Атропин және басқа М-холинолитикалық препараттар - пилокарпин антагонистері.Тимолол және мезатон - көзішілік қысым төмендеуінің күшеюі.Трициклдік антидепрессанттар, фенотиазин туындылары, хлорпротиксен, клозапин - пилокарпиннің М-холиноынталандырушы әсерінің төмендеуі.Холинэстеразаға қарсы препараттар - пилокарпиннің М-холиноынталандырушы әсерінің күшеюі.Фторотан - жалпы анестезия кезінде артериялық қысымның төмендеуі және брадикардияның туындауы.
Жүктілік
Ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.
Емізу
Ана үшін күтілетін пайда бала үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.
Жағымсыз әсерлері
Жергілікті реакциялар: миоз, көздің қысқа мерзімді ауыруы, қызару, тәуліктің түнгі кезеңінде аккомодацияның түйілуі, көру жітілігінің төмендеуі, самай немесе параорбитальді аумақтардағы бас ауыруы, жас ағудың күшеюі, аллергиялық конъюнктивит және қабақ терісінің дерматиті, цилиарлы бұлшықеттің түйілуі, сирек торқабықтың ажырауы.Жүйелі реакциялар: бронх түйілуі, бас ауыруы, гиперсаливация, өкпенің ісінуі, артериялық қысымның жоғарылауы, жүрек айнуы, құсу, диарея; ұзақ мерзімді емдеуде фолликулярлы конъюнктивит, қабақтың жанаспалы дерматиті, кератопатия, катаракта, көзбұршақтың қайтымды бұлыңғырлануы, конъюнктивальді тіндердің өзгеруі.
Балаларда қолданылуы
18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.