A11GA01 Аскорбин қышқылы¹ (Ascorbic acid (vit. C))
Қолдану көрсеткіштері
С дәруменінің гиповитаминозы және авитаминозы, қан кетулер (жатыр, өкпе, мұрыннан және т.б.), геморрагиялық диатез, түрлі интоксикациялар мен инфекциялық аурулар, антикоагулянттарды шамадан тыс қабылдау, баяу жазылатын жаралар, ойық жаралар, сүйек сынуы, дистрофиялар, физикалық және ой жүктемелері, жүктілік және емізу кезеңі.
-
Клинические протоколы:
- Хроническая хромовая интоксикация
- Железодефицитная анемия
- Возрастная макулярная дегенерация
- Центральная серозная хориоретинопатия
- Диабетическая ретинопатия
- Атрофия зрительного нерва
- Острый одонтогенный остеомиелит челюсти
- Острый ларинготрахеит
- Мужское бесплодие. Азооспермия
- Перелом нижней челюсти со смещением отломков
- Хроническая интоксикация фтором и соединениями фтора
- Лихорадка Денге
- Болезнь, вызванная вирусом Эбола
- Клещевой энцефалит
- Корь
- Паротитная инфекция
- Сибирская язва
- Токсоплазмоз
- Белково-энергетическая недостаточность у детей
- Рахит
- Психические и поведенческие расстройства, вызванные употреблением алкоголя (для взрослых)
- Психические и поведенческие расстройства, вызванные употреблением летучих растворителей у несовершеннолетних (7-18 лет)
- Энцефалит у детей и взрослых
- Острый бронхит у взрослых
- Стеноз гортани у детей
- Хронические болезни миндалин и аденоидов у детей
- Абсцесс кожи, фурункул и карбункул других локализаций
- Хроническая интоксикация фосфором и его соединениями
- Атопический дерматит у детей
- Гнойно-воспалительные заболевания кисти
- Псориаз
- Ахалазия пищевода у детей
- Гастроэзофагеальная рефлюксная болезнь у детей
- Паллиативная помощь больным с хроническими прогрессирующими заболеваниями в инкурабельной стадии, сопровождающимися кахексией, астенией
- Послеожоговые рубцовые стриктуры пищевода
- Целиакия у детей
- Отморожения у взрослых
- Воспалительные заболевания промежности, вульвы и влагалища (бартолинит, вульвит, вагинит)
- Доброкачественная гиперплазия предстательной железы
- Криз отторжения почечного трансплантата
- Нейрогенная дисфункция мочевого пузыря
- Хроническая трансплантационная нефропатия
- Болезнь Гиршпрунга у детей
- Анемия беременных
- Токсикоз у беременных
- Ожоги II – IIIA-Б - IV степени более 30%, глубоких более 10% поверхности тела
- Ожоги II – IIIA-Б - IV степени до 30%, глубоких до 10% поверхности тела (взрослые)
- Ожоги II – IIIА степени более 20% (взрослые)
- Злокачественные новообразования щитовидной железы
- Заболевания мочеполовой системы
- Злокачественные новообразования ободочной кишки
- Злокачественные новообразования прямой кишки
- Рак поджелудочной железы
Қарсы көрсеткіштері
Қанның жоғары ұйығыштығы, тромбофлебиттер, тромбоздарға бейімділік, қант диабеті, глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы, гемохроматоз, талассемия.
Қауіпсіздік шаралары
Аскорбин қышқылын 500 мг/тәул жоғары мөлшерде қабылдау глюкоза-6-фосфат дегидрогеназа тапшылығы, орақтәрізді жасушалы анемиясы бар адамдарда гемолитикалық криз шақыруы, сондай-ақ жедел сол жақ қарынша жеткіліксіздігінің дамуына әкелуі мүмкін. Препаратты үлкен дозада немесе ұзақ уақыт қабылдағанда шамадан тыс қабылдау симптомдары дамиды. Асқорбин қышқылы күшті тотықтырғыш болып табылады, ол тотығу-тотықсыздану реакциялары негізінде жүргізілетін зертханалық тесттердің көптеген көрсеткіштеріне әсер етеді. Диабетпен ауыратын, күніне аскорбин қышқылының 500 мг астан дозасын қабылдайтын пациенттер глюкозаға несеп тестінде жалған көрсеткіштер алуы мүмкін. Нәжісте жасырын қанды анықтау кезінде жалған теріс нәтижелерді болдырмас үшін, зерттеуге дейін 48-72 сағат бұрын аскорбин қышқылын қабылдауды тоқтату керек.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Бензилпенициллин, тетрациклин - аскорбин қышқылы олардың концентрациясын жоғарылатады. Экстрогендерден тұратын оральді контрацептивтер - аскорбин қышқылы контрацептивті әсерді төмендетеді.Алюминийден тұратын антацидтер - сүйек тіндерінде және орталық жүйке жүйесінде уыттылықтың жиналуы. Салицилаттар - қанда салицилаттар концентрациясының жоғарылауы және оксалатурия даму қаупінің ұлғаюы.Дисульфирам - дисульфирам тиімділігінің төмендеуі.Несеп қышқылдығына әсер ететін препараттар (амфетамин, мексилетин) - цистеин, несеп қышқылы немесе оксалатты тастардың тұну мүмкіндігі және кейбір препараттар экскрециясын өзгертеді.Гепарин, әсері тікелей емес антикоакулянттар, варфарин - бұл препараттардың тиімділігінің төмендеуі.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Несеп тас ауруы бар пациенттер сақтықпен қолдануы тиіс, үлкен дозаларда ұзақ уақыт қабылдау ұсынылмайды. Бүйрек жеткіліксіздігінде қарсы көрсетілген.
Жүктілік
Жүктілік кезінде сақтықпен қабылдаған жөн, С дәруменінің тәулігіне 1 г жоғары дозалары эстроген синтезінің жоғарылауынан жүктілікті үзу тудыруы мүмкін.
Емізу
Ана сүтіне енеді, бірақ емшекпен емізу қарсы көрсетілмеген.
Жағымсыз әсерлері
Гипергликемия, глюкозурия, гликоген синтезінің тежелуі, артериалдық гипертензия, жүрек айнуы, құсу, қыжыл, диарея, эпигастр аймағындағы спастикалық аурулар, бас ауыруы, шаршау сезімі, тері бөртпесі, зәрдің рН-ң транзиторлы төмендеуі, ұйқы безінің инсулярлы аппаратының функциясының тежелуі, бүйрек функциясының тежелуі, аллергиялық реакциялар, гипервитаминоз, үлкен мөлшерде ұзақ мерзімді қабылдағанда - ОЖЖ қозғыштығының өсуі, ұйқының бұзылуы.
Балаларда қолданылуы
Емдік дозалар. 6 жастағы және одан асқан балалар, ішке тамақтан кейін - 50-100 мг күніне 2-3 рет. Көктамыр ішіне, бұлшықетке (баяу), 6 жасқа дейінгі балалар: 20-30 мг/тәу (0,4-0,6 мл 5% ерітінді); 6 айдан 12 айға дейін – 35 мг/тәу (0,7 мл 5% ерітінді), 1 жастан 3 жасқа дейін – 40 мг/тәу (0,8 мл 5% ерітінді), 4 жастан 10 жасқа дейін – 45 мг/тәу (0,9 мл 5% ерітінді), 11 жастан 14 жасқа дейін – 50 мг/тәу (1 мл 5% ерітінді), 15 жастан асқан - 60-100 мг (1,2-2 мл 5% ерітінді) тәулігіне 1 рет. Балалардағы цинга емінде – тәулігіне 500 мг (10 мл 5%) дейін. 6 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.