R03BA01 Беклометазон¹ (Beclometasone)
Қолдану көрсеткіштері
Ересектерде және 4 жастан асқан балаларда бронх демікпесінің әр түрінде.
-
Клинические протоколы:
- Бронхиальная астма
- Бронхиальная астма у детей
- Острый бронхит у взрослых
- Острый и хронический синусит (у взрослых и у детей)
- Пневмония у взрослых (внебольничная пневмония)
- Хроническая обструктивная болезнь лѐгких
- Врожденные пороки развития легких у новорожденных
- Пороки развития диафрагмы у новорожденных
Қарсы көрсеткіштері
Препараттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық.
Қауіпсіздік шаралары
Тағайындар алдында дәрінің өкпенің керекті бөліктеріне толығырақ жетуін қамтамасыз ету үшін оларды қолданудың ережелері жөнінде пациентке нұсқау беру қажет. Ингаляциядан кейін ауыз қуысын және тамақты сумен шаю керек. Көзге тиюден сақтану қажет. Ингаляцияны жіберіп алған кезде келесі дозаны емдеу схемасына сәйкес тиісті уақытында қабылдау керек. Бірден тоқтату ұсынылмайды. Глаукома, жүйелі инфекцияларда (бактериялық, вирустық, зеңдік, паразиттік), остеопороз, өкпе туберкулезі, бауыр циррозы, гипотиреоз кезінде сақтықпен қолдану керек. Ауыз қуысындағы кандидоз қанда Candida саңырауқұлағына қарсы преципитацияланатын антиденелер деңгейі жоғары пациенттерде жиі дамиды, және ол бұдан бұрын зең ауруын өткергендігін көрсетеді. Беклометазонмен бір мезгілде емдеуді жалғастырған кезде зеңге қарсы жергілікті әсер ететін препараттардың қолданылуы мүмкін. Ингаляциялық глюкокортикостероидтарды жүйелі қолдану пероральді қолданылатын глюкокортикостероидтарды тоқтатуға мүмкіндік береді (преднизолонның 15 мг-нан аспайтын дозасын қабылдауды қажет ететін пациенттер ингаляциялық терапияға толық ауысуы мүмкін), ауысқаннан кейін алғашқы айларда стресстік жағдайларға пациентті бақылау қажет. Аллергиялық реакциялар (мысалы, аллергиялық ринит, экзема) болуы мүмкін. Демікпе симптомдарының үдемелі түрде және кенеттен нашарлауы кезінде препараттың дозасын жоғарылатуды және қажет болған жағдайда жүйелік глюкокортикостероидты және/немесе инфекция дамыған кезде антибиотик тағайындауды қажет етеді. Емнің тиімсіздігінің жанама көрсеткіші бұрынғыға қарағанда өте жиірек, қысқа уақытта әсер ететін b-2-адреноынталандырғыштарды пайдалану болып табылады. Парадоксальді бронх түйілуі дамуы кезінде препаратты қолдануды тоқтату қажет. Ұзақ уақыт қолданған кезде, әсіресе жоғары дозаларда жүйелік әсерлер байқалуы мүмкін. Пациенттерді ингаляциялық глюкокортикостероидке ауыстырған кезде бүйрек үсті безі қыртысы қызметінің көрсеткіштерін жүйелі бақылап отырған жөн.Тәулігіне 1500 мкг дозадағы препарат көптеген пациенттерде бүйрек үсті безі қызметін елеулі түрде тежемейді. Өкпе туберкулезінің белсенді немесе белсенді емес түрлері бар пациенттерде ингаляциялық формаларын сақтықпен қолданған жөн.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Дозасын түзету талап етілмейді.
Бауыр жеткіліксіздігі
Дозасын түзету талап етілмейді.
Жүктілік
Сақтықпен қолдану. Жүкті әйелдерде препаратты қолданудың жеткілікті деректері жоқ. Күтілетін пайда ықтимал қауіптен жоғары болғанда, қолданылуы мүмкін.
Емізу
Сақтықпен қолдану. Бала емізетін әйелдерде препаратты қолданудың жеткілікті деректері жоқ. Күтілетін пайда ықтимал қауіптен жоғары болғанда, қолданылуы мүмкін.
Жағымсыз әсерлері
Ауыз қуысы және тамақ кандидозы; дисфония немесе жұтқыншақтың шырышты қабығының тітіркенуі; парадоксальді бронх түйілуі; бөртпе, есекжем, қышу, көздің, беттің, еріннің және ауыз және жұтқыншақтың шырышты қабығының қызаруы және ісінуін қоса, жоғары сезімталдық реакциялары. Сонымен қатар бас ауыруы, жүрек айнуы, қанталаулардың пайда болуы немесе терінің жұқаруы, жағымсыз дәм сезіну, бүйрек үсті безі қыртысы қызметінің төмендеуі, остеопороз, балалар мен жасөспірімдер өсуінің кідіруі, катаракта, глаукома дамуы мүмкін.
Балаларда қолданылуы
Ингаляционды.4 жастан 12 жасқа дейінгі балалар: тәулігіне 400 мкг бірнеше қабылдауға бөлінген. 12 жастан бастап: ағымы жеңіл бронх демікпесі - тәулігіне 200-600 мкг, ағымы орташа ауыр - тәулігіне 600-1000 мкг, ағымы ауыр - тәулігіне 1000-2000 мкг. Бронх демікпесін емдеу сатылы әрекетке негізделген – емді аурудың ауырлығына сәйкес сатысына сай бастайды. Ұзақ қолданған кезде балалардың өсу динамикасын бақылау.4 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.