R03AL03 Вилантерол және Умеклидиний бромиді (Vilanterol and Umeclidinium bromide)
Қолдану көрсеткіштері
Препараты өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы (ӨСОА) симптомдарын жеңілдетуге бағытталған демеуші бронх кеңейтуші терапия ретінде қолданылады. |
-
Клинические протоколы:
- Хроническая обструктивная болезнь лѐгких
Қарсы көрсеткіштері
Әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; сүт ақуызына айқын төзбеушілік. |
Қауіпсіздік шаралары
Бронх демікпесі Бронх демікпесі бар пациенттерде препаратты қолдануды бағалау бойынша зерттеулер жүргізілген жоқ, сондықтан аталған препаратты пациенттердің осы тобында емдеу үшін пайдалану ұсынылмайды. Парадоксальды бронх түйілуі Ингаляциялық терапияның басқа түрлеріндегідей, препаратты қолдану өмірге қауіпті болуы мүмкін парадоксальды бронх түйілуін тудыруы мүмкін. Парадоксальды бронх түйілуі дамыған кезде, препаратпен емдеуді тоқтату керек, қажет болған жағдайда балама терапия тағайындалуы мүмкін. Бронхо түйілуінің жедел симптомдарын басу үшін қолданылмайды Бұл препаратты жедел симптомдарды басу үшін, яғни бронх түйілуінің жедел эпизодында жедел жәрдем терапиясы ретінде қолдануға болмайды. Ауру ағымының нашарлауы Симптомдарды басу мақсатында, қысқа әсер ететін бронходилататорларды қолдану жиілігінің артуы, ауруды бақылаудың нашарлағанын көрсетеді. Вилатерон препаратымен емдеу кезінде ӨСОА нашарлаған жағдайда, пациенттің жай-күйіне және ӨСОА емдеу схемасына қайта бағалау жүргізу керек. Жүрек-қантамыр жүйесіне әсері Симпатомиметиктер мен мускариндік рецепторлардың антагонистерін, оның ішінде препаратты қолданғаннан кейін жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан аритмия (мысалы, жүрекше фибрилляциясы және тахикардия) сияқты жағымсыз реакциялар байқалуы мүмкін. Клиникалық маңызды бақыланбайтын жүрек-қантамырлары аурулары бар пациенттер клиникалық зерттеулерден шығарылды. Осыған байланысты, жүрек-қантамырлары ауруларының ауыр түрлері бар пациенттерге, препаратты сақтықпен тағайындау керек. Антимускариндік белсенділік Осы препараттың антимускариндік белсенділігін ескере отырып, оны жабық бұрышты глаукома немесе несеп іркілісі бар пациенттерге сақтықпен тағайындау керек. Гипокалиемия Кейбір пациенттерде бета-2-адренергиялық агонистер, жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан жағымсыз реакциялар туғызуы ықтимал айқын гипокалиемияның дамуына әкелуі мүмкін. Қан сарысуындағы калийдің төмендеуі, әдетте, қысқа мерзімді, қосымша калий қабылдауды қажет етпейді. Ұсынылған емдік дозада препараттын клиникалық зерттеулерінде, гипокалиемияның клиникалық маңызды әсерлері байқалған жоқ. Препаратты және гипокалиемияны туындатуы мүмкін препараттарды бір мезгілде қолданғанда сақ болу керек (4.5 бөлімін қараңыз). Гипергликемия Кейбір пациенттерде бета-2-адренергиялық агонистер уақытша гипергликемияның дамуына әкелуі мүмкін. Ұсынылған емдік дозада препаратты клиникалық зерттеу кезінде қандағы глюкоза деңгейінің жоғарылауы байқалған жоқ. Қант диабетімен ауыратын пациенттерде Вилантерол препаратымен емдеудің басында, қандағы глюкоза деңгейін үнемі бақылау керек. Ілеспе жағдайлар Вилантерол препаратын құрысу бұзылулары немесе тиреотоксикозы бар пациенттерге, сондай-ақ бета-2-агонистеріне сезімтал пациенттерге сақтықпен қолдану керек. Қосымша заттар Препарат құрамында лактоза бар. Препаратты лактозаға төзбеушілік, Lapp-лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы сияқты сирек тұқым қуалайтын аурулары бар пациенттерге қолдану ұсынылмайды. |
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Бета-адренорецептор блокаторлары Құрамында бета-адреноблокаторлары бар дәрілік препараттар, вилантерол сияқты бета2-адренорецепторлар агонистерінің әсерін әлсіретуі немесе дамуына қарсы әрекет етуі мүмкін. Селективті емес және селективті бета-блокаторларды бірге қолдану үшін, дәлелді негіздердің болу жағдайларын қоспағанда, бір мезгілде қолданудан сақ болу керек. Метаболиттер мен транспортерлер негізіндегі өзара әрекеттесу Вилантерол P450 3A4 (CYP3A4) цитохромының субстраты болып табылады. Препаратты CYP3A4 изоферментінің күшті ингибиторларымен (мысалы, кетоконазолмен, кларитромицинмен, итраконазолмен, ритонавирмен, телитромицинмен) бір мезгілде тағайындағанда сақ болу керек, өйткені вилантеролдың жүйелік экспозициясын ұлғайту мүмкіндігі бар, бұл өз кезегінде жағымсыз реакциялардың даму қаупінің жоғарылауына әкелуі мүмкін. Дені сау еріктілерде, кетоконазолмен (400 мг дозада) бір мезгілде қолдану, AUC(0-t) және Cmax вилантеролдың орташа мәнінің тиісінше 65% және 22%-ға артуына алып келді. Вилантерол экспозициясының ұлғаюы бета-адренорецепторлар агонистеріне тән жүрек жиырылу жиілігіне әсері, қан плазмасындағы калий концентрациясы немесе QT аралығының ұзақтығы (Фредерик әдісі бойынша түзетілген) сияқты жүйелік әсерлердің күшеюіне алып келмеді. Вилантерол мен умеклидинийдің кетоконазолмен, сондай-ақ CYP3A4 изоферментінің басқа да белгілі күшті ингибиторларымен біріктірілімін бір мезгілде қолданған кезде сақ болу керек, өйткені бұл вилантеролдың жүйелік экспозициясының жоғарылауына әкелуі мүмкін, бұл өз кезегінде жағымсыз реакциялардың даму қаупінің жоғарылауына әкелуі мүмкін. Қалыпты CYP3A4 тежегіштері болып табылатын верапамил, вилантеролдың фармакокинетикасына елеулі әсер еткен жоқ. Вилантерол және умеклидиний Р-гликопротеин (P-gp) тасымалдаушысының субстраттары. Қалыпты Р-гликопротеин (P-gp) верапамил ингибиторының (тәулігіне бір рет 240 мг) вилантерол мен умеклидинийдің фармакокинетикасына әсері сау еріктілерде бағаланды. Cmax вилантерол немесе умеклидинийға верапамилдің әсері байқалмады. Умеклидинийдің AUC шамамен 1,4 есе жоғарылауы вилантеролдың AUC мәніне әсер етпейтіні байқалды. Осы өзгерістердің шамасы негізінде, вилантерол мен умеклидинийдің және Р-гликопротеин (P-gp) тежегіштерінің біріктірілімін бір мезгілде қолдану кезінде клиникалық маңызды дәрілік өзара әрекеттесу күтілмейді. Басқа антимускариндік препараттар және симпатомиметиктер Вилантерол мен умеклидинийдің ұзақ әсер ететін мускариндік рецепторлардың басқа антагонистерімен, ұзақ әсер ететін бета2-адренорецепторлар агонистерімен немесе осы заттардың кез келгенін қамтитын дәрілік препараттармен бір мезгілде қолданылуы зерттелмеген және ұсынылмайды, өйткені бұл мускариндік рецепторлар антагонисттерінің немесе ингаляция түрінде қолданған кезде бета2-адренорецепторлар агонистерінің белгілі жағымсыз реакцияларының күшеюіне әкелуі мүмкін. Гипокалиемия Гипокалиемия аясында метилксантин туындыларымен, стероидтармен немесе калийжинақтаушылар тобына кірмейтін диуретиктермен бір мезгілде емдеу, бета2-адренорецепторлар агонистерінің ықтимал гипокалиемиялық әсерін күшейтуі мүмкін, сондықтан гипокалиемиясы бар пациенттерде жоғарыда аталған дәрілік препараттармен бір мезгілде емдеуді сақтықпен жүргізген жөн |
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерге дозаны түзету қажет емес. |
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауыр функциясының жеңіл немесе орташа жеткіліксіздігі бар пациенттерге дозаны түзету қажет емес. Бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде вилантерол мен умеклидиний біріктірілімін қолдану бойынша зерттеулер жүргізілген жоқ. |
Жүктілік
Жүкті әйелдерде вилантерол мен умеклидиний біріктірілімін қолдану жөніндегі деректер жоқ. Клиникаға дейінгі зерттеулерде, вилантеролды ингаляциялық қолдану кезінде репродуктивті уыттылық анықталды, алынған нәтижелер клиникалық маңызды болып табылмайды. Егер ана үшін ықтимал пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен асып кетсе ғана жол беріледі. |
Емізу
Адамның
емшек сүтіне вилантеролдың немесе умеклидинийдің шығарылуы туралы деректер
жоқ. Алайда, басқа бета2-агонистері емшек сүтінде анықталады. Препараттың
сүтпен бірге жаңа туған нәрестенің немесе баланың денесіне ену қаупін жоққа
шығаруға болмайды. Ана үшін емнің пайдасы мен бала үшін емшек емізу арақатынасын ескере отырып, препаратты тоқтату немесе емшек емізуді тоқтату туралы шешім қабылдау қажет. |
Жағымсыз әсерлері
Жиі: зәр шығару жолдарының инфекциясы, синусит, назофарингит, фарингит, жоғарғы тыныс жолдарының инфекциясы, бас ауруы, жөтел, ауыз қуысында ауырсыну, іш қату. Жиі емес: бөртпе, дисгеузия, жүрекшелердің фибрилляциясы, суправентрикулярлық тахикардия, идиовентрикулярлық ырғақ, тахикардия, суправентрикулярлы экстрасистолия, жүрек соғуы, дисфония, бөртпе. Сирек: анафилаксия, ангионевроздық ісіну және бұлыңғыр көру, глаукома, көз ішілік қысымның жоғарылауы, парадоксальды бронхоспазм, зәр шығару, дизурия, қуық шығару жолдарының бітелуі. Белгісіз: бас айналу. |
Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары
Тәулігіне бір рет 22 мкг + 55 мкг/доза бір ингаляция. Бронходилатацияны демеу үшін, күн сайын бір уақытта тәулігіне бір рет қолдану керек. |
Балаларда қолданылуы
Қолдану үшін көрсетілімдерді ескере отырып, бұл препарат 18 жасқа толмаған пациенттерді емдеу үшін қолданылмайды |