N06AB06 Сертралин¹ (Sertraline)

Қолдану көрсеткіштері

Ересектерге: ауыр дәрежедегі депрессиялық көріністерді емдеу; ауыр дәрежедегі қайталамалы депрессиялық көріністердің немесе қайталануының профилактикасы; агорафобиямен немесе онсыз үрей тудыратын бұзылыстарды емдеу; обсессивті-компульсивтік бұзылыстарды (ОКБ) емдеу; әлеуметтік үрей тудыратын бұзылыстарды емдеу; жарақаттанудан кейінгі стресс тудыратын бұзылыстарды (ЖКСБ) емдеу.

6-17 жастағы балаларға: обсессивті-компульсивтік (ОКБ) бұзылыстарды емдеу

    Клинические протоколы:
  1. Болезнь Помпе
  2. Депрессии без психотических симптомов
  3. Депрессии с психотическими симптомами
  4. Личностные расстройства (психопатии)
  5. Невротические, связанные со стрессом, соматоформные расстройства
  6. Обсессивно-компульсивное расстройство
  7. Органические психозы
  8. Острые психозы
  9. Психические и поведенческие расстройства, вызванные употреблением галлюциногенов (для взрослых)
  10. Психические и поведенческие расстройства, вызванные употреблением других стимуляторов (для взрослых)
  11. Психические и поведенческие расстройства, вызванные употреблением летучих растворителей (для взрослых)
  12. Психические и поведенческие расстройства, вызванные употреблением седативных и снотворных средств (для взрослых)
  13. Психические расстройства, связанные с физиологическими нарушениями
  14. Расстройства поведения у детей и подростков
  15. Расстройства психические и поведенческие, вызванные употреблением новых психоактивных веществ
  16. Расстройства психологической адаптации в детском возрасте
  17. Реакция на стресс
  18. Резидуальные психотические расстройства
  19. Сенильный психоз
  20. Синдром Ретта
  21. Тики
  22. Тревожные расстройства
  23. Шизофрения
  24. Болезнь Паркинсона
  25. Нарушения сна (педиатрия)
  26. Прогрессирующая сосудистая лейкоэнцефалопатия. Болезнь Бинсвангера
  27. Первичный биллиарный холангит. Первичный склерозирующий холангит
  28. Функциональные гастроинтестинальные расстройства
  29. Хронический гепатит В у взрослых
  30. Общие расстройства психологического (психического) развития. Расстройства аутистического спектра > Клиниче?

Қарсы көрсеткіштері

Белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез-келгеніне аса жоғары сезімталдық; биполярлы бұзылыстардың маниакальді фазасы; МАО тежегіштерін қабылдау (қазіргі уақытта немесе 2 апта бұрын); пимозидпен (пимозидің тар емдік индексіне және оның QT аралығын ұзарту қабілетіне байланысты); тиоридазинмен бірге қабылдау; тұрақсыз эпилепсия.

Қауіпсіздік шаралары

Флуоксетинді қараңыз. Сақтықпен қолдану: бас мидың органикалық аурулары (сонымен қатар ақыл-ой дамуының кешігуі), эпилепсия, бауыр және/немесе бүйрек жеткіліксіздігі, айқын дене салмағының төмендеуі.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Алкоголь - седативтік әсерді потенцирлейді.Амиодарон, дропиридол, флеканид, флуфеназин, галоперидол, пропафенон, рисперидон, саквинавир, трициклдік антидепрессанттар, соталол және QT аралығын ұзартатын басқа препараттар - қарыншалық аритмияның даму қаупі.Эпилепсияға қарсы препараттар - құрысуға дайындық табалдырығының төмендеуі.Карбамазепин, фенитоин, клозапин - концентрацияларының жоғарылау мүмкін.Кумариндік антикоагулянттар, мысалы варфарин - антикоагулянттық әсерді потенцирлеуі мүмкін.Селегилин, трамадол - орталық жүйке жүйесінің зақымдану қаупі.Литий - орталық жүйке жүйесінің зақымдануы және уытты көріністердің ұлғаюы.Моноаминооксидаза тежегіштері, мысалы фенелзин - ауыр уытты көріністердің даму қаупіне байланысты бірге тағайындауды БОЛДЫРМАУ.СЕҚҚП, аспирин, антикоагулянттар - қан кетудің даму қаупі. Тамоксифен - тамоксифеннің емдік әсерінің төмендеуі. Трициклдік антидепрессанттар, мысалы амитриптилин - трициклдік антидепрессанттар концентрацияларының жоғарылауы.Ескерту: мұнда кейбір маңызды дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Өзара әрекеттесуі туралы ұсыныстар және қосымша ақпарат алу үшін дәрілік заттардың өзара әрекеттесулері туралы ақпарат көздеріне немесе дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Сақтықпен пайдалану.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр жеткіліксіздігі. Препаратты қабылдау арасындағы аралықты арттыру немесе дозаны төмендету. Бауыр қызметінің ауыр бұзылысы бар пациенттерге қабылдау ұсынылмайды.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

ұйқысыздық, бас ауыру, ұйқышылдық, бас айналу, диарея, жүрек айну, ауыздың кеберсуі, эякуляция бұзылуы, шаршау, тамақтың ауыруы (фарингит), тәбеттің төмендеуі, тәбеттің артуы, депрессия, абыржу (өзін-өзі танымау), қорқынышты түстер көру, мазасыздық, ажитация, күйгелектік, либидо төмендеуі, бруксизм, ұйып қалу және шаншу (парестезия), тремор, бұлшықеттің ширығуы, дәм сезудің бұрмалануы, зейіннің нашарлауы, көрудің бұзылуы, құлақтың шуылдауы, жүректің жиі соғуы, қан кернеулер, есінеу, іштің ауыруы, құсу, іш қату, диспепсия, метеоризм, бөртпе, қатты терлеу, буындардың ауыруы, бұлшықеттердің ауыруы, эректильді дисфункция, кеуденің ауыруы, әлсіздік сезімі, бронхит, тұмаурату, жоғары сезімталдық, қалқанша без гормондарының төмен деңгейі, елестеулер, озбырлық, эйфориялық көңіл-күй, апатия, патологиялық ойлау, жиі қозғалу (гиперкинезия), амнезия, құрысулар, бұлшықеттердің еріксіз жиырылуы, қозғалыс үйлесімінің бұзылуы, сезімталдықтың төмендеуі (гипестезия), сөйлеудің бұзылуы, тік тұрған күйдегі бас айналу, бас сақинасы, қарашықтың кеңейіп кетуі, құлақтың ауыруы, жүректің жылдам соғуы, гипертензия, гиперемия, ысқырып дем алу (бронх түйілуі), ентігу, мұрыннан қан кету, өңеш қабынуы, қиналып жұту, геморрой, сілекейдің гиперсекрециясы, тіл күйінің өзгеруі, кекіру, көздің ісінуі, беттің ісінуі, терідегі пурпуралық дақтар, шаштың түсуі, салқын тер, терінің құрғауы, есекжем, қышыну, остеоартрит, бұлшықет әлсіздігі, арқаның ауыруы, бұлшықет құрысулары, никтурия, несеп шығару іркілісі, полиурия, поллакиурия, несеп шығарудың бұзылуы, несепті ұстай алмау, қынаптан қан кетулер, сексуалдық дисфункция, әйелдегі сексуалдық дисфункция, жүйесіз етеккір, шеткері ісіну, қалтырау, гипертермия, астения, шөлдеу, бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы (аланин-аминотрансфераза деңгейінің жоғарылауы, аспартат-аминотрасфераза деңгейінің жоғарылауы), дене салмағының төмендеуі, дене салмағының артуы. Сирек: дивертикулит, гастроэнтерит, ортаңғы отит, жаңа түзілімдер, лимфаденопатия, ауыр аллергиялық реакция, қандағы қант деңгейін бақылау кінәраттары (қант диабеті), гиперхолестеринемия, гипогликемия, стресс немесе эмоция нәтижесіндегі физикалық симптомдар, дәріге тәуелділік, психоздық бұзылулар, паранойя, өзіне зиян келтіру немесе өзін-өзі өлтіру туралы ойлармен болатын депрессия симптоидары (суицидтік ойлар),

суицидтік мінез-құлық, айкезбелік, мерзімінен бұрын болатын эякуляция, кома, қозғалыс үйлесімінің бұзылуы, қимылдаудың қиындауы, сезімталдықтың артуы, сенсорлық бұзылулар, глаукома, көз жасы безінің бұзылуы, көзге қос көріну, көздегі жеңіл ауырулар, гифема (көздің алдыңғы камерасына қан құйылу) миокард инфарктісі, брадикардия, жүрек бұзылыстары, қол мен аяқтағы нашар қан айналымы, несепте қанның болуы, тамақ бітелісі (ларингспазм), асқын желдетілу, баяу желдетілу, стридор (ысқырып дем алу), дисфония, ықылықтау, мелена, гематохезия (нәжісте қанның болуы), стоматит, тілдің және ауыз қуысының ойық жаралы зақымдануы, тіс ауыруы, бауыр функциясының бұзылуы, дерматит, буллезді дерматит, фолликулярлы бөртпе, шаш құрылымының бұзылуы, теріден жағымсыз иіс шығу, сүйектердің зақымдануы, олигурия, несеп шығару іркілісі, меноррагия, атрофиялық вульвовагинит, баланопостит (жыныс мүшесі басының және үрпі терісінің ішкі қабығының қабынуы), жыныс ағзаларынан бөліністер, приапизм, галакторея, жарық, инъекция енгізген жердегі фиброз, препараттар жағымдылығының нашарлауы, асқынуын бағалауға келмейтін жүріс-тұрыстың бұзылуы, ұрық сұйықтығындағы патологиялық өзгерістер, қан холестерині деңгейінің жоғарылауы, жарақаттар, қан тамырларының кеңеюі. Айрықша сирек /жекелеген жағдайларда: лейкопения, тромбоцитопения, аллергиялық реакциялар, гиперпролактинемия, антидиурездік гормонның (АДГ) талапқа сай емес секреция синдромы, гипонатриемия, гиперкалиемия, қорқынышты түстер көру, қимыл-қозғалыстың бұзылуы (экстрапирамидалық симптомдарды қоса: гиперкинезия, гипертония, бруксизм, жүріс-тұрыстың бұзылуы), естен тану. Сондай-ақ серотониндік синдроммен байланысты (кейбір жағдайларда серотонинергиялық препараттарды қабылдауға байланысты ажитация, сананың шатасуы, тершеңдік, диарея, қызба, гипертония, сіресу және тахикардия сияқты симптомдарды қамтитын) белгілер мен симптомдар туралы хабарламалар бар, психомоторлық қозу, акатизия, цереброваскулярлық түйілу (қайтымды церебральді вазоконстрикция синдромын және Колл-Флеминг синдромын қоса), көрудің бұзылуы, қарашық көлемінің түрленуі, QT аралығының ұзаруы, «пируэт» типті қарыншалық тахикардия, аномальді қан кету (асқазан-ішектен қан кету), өкпенің интерстициальді ауруы, панкреатит, бауырдың күрделі аурулары (гепатит, сарғаю және бауыр жеткіліксіздігін қоса), Стивенс-Джонсон синдромы және эпидермалық некролиз, ангионевроздық ісіну, беттің ісінуі, жарыққа сезімталдық, тері реакциялары сияқты терінің ауыр жағымсыз реакциялары туралы сирек хабарламалар, бұлшықеттердің құрысуы, гинекомастия, клиникалық-зертханалық зерттеулердің жалған нәтижелері, тромбоцитарлық функцияның өзгеруі, ішінара көрмей қалу (макулопатия), босанғаннан кейінгі қан кетулер

Балаларда қолданылуы

Обсессивті-компульсивті бұзылыстар. Ішке, ас ішуге байланыссыз, кешке немесе таңертең. 6 жастан 12 жасқа дейінгі балалар: бастапқы доза күніне 25 мг; 13 жас және одан асқан балалар: бастапқы доза - 50 мг күніне бір рет. Қажет болған жағдайда дозасын 50 мг және 1 аптадан кем емес аралықпен күніне 200 мг ең жоғарғы дозаға дейін арттыру. Тоқтату симптомдарының пайда болу қаупін төмендету үшін, дозасын кем дегенде 1-2 апта аралығында азайту керек. 18 жасқа дейінгі балаларда тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректер жеткіліксіздігіне байланысты қарсы көрсетілген, обсессивті-компульсивті бұзылыстар көрсетілімінен басқа.Препаратты тағайындауда және дозасын таңдағанда емдеудің ұлттық стандарттарына, арнайы емдеу мекемелерінің емдеу хаттамаларына, сонымен қатар қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.