N01BB20 Лидокаин және Прилокаин (Combinations)
Қолдану көрсеткіштері
- қан тамырларын инъекциялау, пункциялау және катетерлеу кезінде және беткейлік хирургиялық араласуларда беткейлі жансыздандыру;
- хирургиялық өңдеу кезінде (механикалық тазалауда), мысалы, фибринді, іріңді және некротикалық тіндерді алып тастау үшін аяқтардың трофикалық ойық жараларын беткейлік жансыздандыру;
- ауырсындыратын манипуляциялар жасалмас бұрын (тек ересектерде) және инъекциялар алдында жергілікті анестетиктердің ауыруын басу үшін жыныс мүшелерінің шырышты қабығын беткейлік жансыздандыру.
Қарсы көрсеткіштері
Амидті типтегі жергілікті анестетиктерге немесе препарат компоненттерінің кез келгеніне белгілі жоғары сезімталдық, метгемоглобинемияның дамуын индукциялайтын препараттар алатын 0-12 айлық балалар, 37 аптадан аз жүктілік мерзімінде шала туған нәрестелер.
Қауіпсіздік шаралары
Глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа жеткіліксіздігі, тұқым қуалаған немесе идиопатиялық метгемоглобинемиясы бар емделушілер дәріге тәуелді метгемоглобинемияға мейлінше бейім.
Препарат көздің тітіркенуін туғызатындықтан кремді көздің айналасына жаққанда сақ болу керек. Қорғаныш рефлекстерінің жоғалуы да мөлдір қабықтың тітіркенуіне және зақымдануына түрткі болуы мүмкін. Крем көзге түсіп кетсе, дереу көзді сумен немесе физиологиялық ерітіндімен жуыңыз да, көзді қорғаныш рефлекстері қалпына келгенше қорғаңыз.
Препарат жайылған нейродермитте (атопиялық дерматитте) теріге жағылған жағдайда сақтық шарасын қадағалау қажет; аппликация уақыты азайтылуы тиіс (15-30 минутқа дейін).
Контагиозды моллюскіні қырғанда атопиялық дерматиті бар балаларда ұсынылатын аппликация уақыты - 30 минут.
III класты аритмияға қарсы препараттар (мысалы, амиодарон) қабылдайтын емделушілер, олардың жүрек қызметіне әсер етуі мүмкін екендіктен, үнемі қадағалауда және ЭКГ бақылауында болуы тиіс.
Кремді зақымдалған дабыл жарғағына немесе кремнің ортаңғы құлаққа өтуі мүмкін өзге жағдайларда жағуға болмайды.
Кремді ашық жараларға (аяқтардың трофикалық ойық жаралары жағдайларынан басқа) жақпаған жөн.
Лидокаин мен прилокаин 0,5-2%-дан жоғары концентрацияларында бактерицидтік және вирусқа қарсы қасиеттер иеленеді. Осыған орай, тірі вакцинаны тері астына енгізер алдында крем қолданған кезде ерекше зейін қою ұсынылады.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Метгемоглобинемияның дамуын индукциялайтын препараттар (мысалы, құрамында сульфо-топ бар препараттар) алатын емделушілерде крем қандағы метгемоглобин концентрациясының жоғарылауына ықпал етеді.
Басқа жергілікті анестетиктермен және құрылымдық жағынан соларға ұқсас препараттармен (соның ішінде, токаинидпен) емдегенде кремнің жоғары дозаларын пайдаланған кезде жүйелі әсерлердің күшею қаупін назарға алу қажет.
Лидокаин/прилокаиннің ІІІ класты аритмияға қарсы препараттармен өзара әрекеттесуін бағалау бойынша арнаулы зерттеулер жүргізілмеген, осы препараттарды бірге қолданғанда сақтық шарасын қадағалау керек.
Лидокаин клиренсін азайтатын препараттар (мысалы, циметидин немесе бетаблокаторлар), егер лидокаин ұзақ уақыт кезеңі бойына жоғары дозаларда бірнеше рет қолданылса, плазмадағы уыттылығы зор концентрациясын туғызуы мүмкін. Ұсынылатын дозаларында кремді қысқа мерзімді қолданғанда осындай дәрілік өзара әрекеттесудің клиникалық мәнділігі болмайды.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде дозасын төмендету қажет емес.
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде бір реттік дозасын төмендету қажет емес.
Жүктілік
Лидокаин мен прилокаин плаценталық бөгет арқылы өтіп, ұрық организміне сіңуі мүмкін. Жүкті әйелдердің және ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдердің көп бөлігінде лидокаин мен прилокаин пайдалану ұрықтың қауіпті даму ақауларының жоғарылауы немесе өзге зиян тигізетін әсерлерінің жоқ екенін айғақтайды.
Дегенмен де, жүкті әйелдерде пайдаланғанда сақтық шарасын қадағалау керек.
Емізу
Лидокаин мен прилокаин аздаған мөлшерлерде сүтпен бөлінеді, бірақ ұсынылатын дозаларда сәбиге әсер ету ықтималдығы аз болады.
Жағымсыз әсерлері
Жиі:
- препарат жағылған аумақтағы бозару, қызару және ісіну сияқты өткінші жергілікті реакциялар
Жиі емес:
- маңайындағы сау тері: жаққаннан кейінгі алғашқы сәтте жеңіл ашыту және қышыту (препарат жағылған аумақта)
- жыныс мүшелерінің шырышты қабығы: жағылған аумақтағы парестезия немесе шаншу
- аяқтардың трофикалық ойық жаралары: жағылған аумақтағы терінің тітіркенуі
Сирек:
- аллергиялық реакциялар, ең ауыр жағдайларда – анафилактикалық шок
- маңайындағы сау тері: метгемоглобинемия
- геморрагиялық бөртпе немесе нүктелік қан құйылулар, әсіресе атопиялық дерматиті немесе сүйелдері бар балалардағы ұзақ аппликациядан кейін
- кремнің көзге кездейсоқ түсіп кетуі салдарынан мөлдір қабықтың тітіркенуі
Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары
Сыртқа, теріге. Қолданар алдында медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты оқып шығыңыз.
Балаларда қолданылуы
3 айға дейінгі жастағы сәбилерде кремді қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі бір реттік дозаны жаққаннан кейін белгілі болды. Мұндай балаларда крем жаққаннан кейін қандағы метгемоглобин деңгейлерінің 13 сағатқа дейін созылған уақытша артуы жиі байқалды. Алайда, қанда байқалған метгемоглобин деңгейлері жоғарылауының, ықтималды түрде, клиникалық мәнді сипаты жоқ.
Өкшеден қан сынамасын алу емшарасы кезінде кремді жаңа туған нәрестелерде қолдану тиімділігі анықталмаған.
Препараттың сіңірілуі жөніндегі деректердің жеткіліксіздігіне орай, кремді балаларда жыныс мүшелерінің шырышты қабығына жағуға болмайды.