L04AC10 Секукинумаб (Secukinumab)

Қолдану көрсеткіштері

Жүйелі ем көрсетілген ересек пациенттерде орташа ауыр және ауыр дәрежедегі түйіндақты псориазды емдеу;

Жүйелі емге үміткер болатын 6 жастан үлкен балалар және жасөспірімдерде түйіндақты псориаздың орташа немесе ауыр дәрежесін емдеу;

Ауруды модификациялайтын ревматизмге қарсы препараттармен (АМРҚП) осының алдындағы емге жауабы жеткіліксіз болған ересек пациенттерде белсенді псориазды артритті монотерапияда немесе метотрексатпен біріктірілімде емдеу;

Шорбуынданған спондилит (рентгенологиялық аксиальді спондилоартрит);

Стандартты емге жауабы жеткіліксіз болған ересек пациенттерде белсенді шорбуынданған спондилитті емдеу;

Қабынуға қарсы стероидты емес дәрілік заттармен (ҚҚСД) емдеуге жауабы талапқа сай емес ересектерде С-реактивті ақуызының (СРА) жоғары мөлшері және (немесе) магниттік-резонансты томография (МРТ) көрсететін қабыну үдерісінің объективті симптомдары бар белсенді рентгенологиялық емес аксиальді спондилоартритті емдеу;

Монотерапия режимінде немесе метотрексатпен (МТХ) біріктірілімде дәстүрлі емде талапқа сай жауапқа жетпеген немесе оның жақпаушылығы туындаған6 жастағы және одан үлкен пациенттерде белсенді энтезит-астасқан артритті емдеуге көрсетілген;

Монотерапия режимінде немесе метотрексатпен (МТХ) біріктірілімде дәстүрлі емде талапқа сай жауапқа жетпеген немесе оның жақпаушылығы туындаған 6 жастағы және одан үлкен пациенттерде ювенильді псориазды артритті емдеуге көрсетілген

    Клинические протоколы:
  1. Псориатический артрит
  2. Псориаз

Қарсы көрсеткіштері

Белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық; өршу сатысындағы клиникалық тұрғыдан маңызды инфекциялар (мысалы, белсенді туберкулез)

Қауіпсіздік шаралары

Препараттын созылмалы инфекциялары немесе қайталанатын инфекциялары анамнезінде бар пациенттерге тағайындағанда сақтық таныту керек. Инфекциялардың дамуын көрсететін белгілер және симптомдар пайда болған кезде пациенттерге дәрігерге қаралу қажеттілігі жөнінде нұсқау берілуі тиіс. Егер пациентте инфекцияның ауыр түрі дамыса, онда пациентте мұқият бақылауды қамтамасыз ету және инфекциялардың симптомдары жойылғанша препаратты енгізуді тоқтата тұру қажет. Жаңа көріністер немесе Крон ауруының және ойық жаралы колиттің өршу көріністері жөнінде мәлімделді. Препараттын, Крон ауруын және ойық жаралы колитті қоса, ішектің қабыну аурулары бар пациенттерге сақтықпен тағайындаған жөн. Мұндай пациенттердің жай-күйін мұқият бақылау керек. Клиникалық зерттеулерде препаратты қабылдаған пациенттерде анафилаксиялық реакциялардың сирек жағдайлары білінді. Анафилаксиялық немесе басқа да күрделі аллергиялық реакциялар туындаған жағдайда препаратты қабылдауды дереу тоқтату және тиісті ем жүргізуге әрекет жасау қажет. Толығымен жоққа шығаруға болмайтын жоғары сезімталдық реакцияларының пайда болуына ықтимал қаупі бар.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Тірі вакциналар - бір мезгілде тағайындамау керек.Козэнтикс

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек қызметінің бұзылысы бар пациенттерде препарат зерттелмеген.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр қызметінің бұзылысы бар пациенттерде препарат зерттелмеген.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: жоғары тыныс алу жолдарының инфекциялары Жиі: ауыз қуысының шырышты қабығының герпестік инфекциясы; ринорея; диареяЖиі емес: ауыз қуысының кандидоздық инфекциясы; табан терісінің зеңдік зақымдануы; сыртқы отит; нейтропения; конъюнктивит; есекжем.Сирек: анафилаксиялық реакциялар.Белгісіз: терінің және шырышты қабықтардың кандидоздық инфекциясы (өңештің кандидозын қоса).

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларда қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған, препаратты қолдану бойынша ұсынымдары жоқ.