L04AA33 Ведолизумаб (Vedolizumab)
Қолдану көрсеткіштері
Қанағаттанғысыз жауабы, жауап жоғалтуы немесе альфа-ісік некрозы факторының бір немесе бірнеше тежегіштерінің жағымсыздығы бар ауырлығы орташа немесе ауыр белсенді ағымдағы ойық жаралы колит. Қанағаттанғысыз жауабы, жауап жоғалтуы немесе альфа-ісік некрозы факторының бір немесе бірнеше тежегіштерінің жағымсыздығы бар ауырлығы орташа немесе ауыр белсенді Крон ауруы.
-
Клинические протоколы:
- Болезнь Крона
- Язвенный колит
Қарсы көрсеткіштері
Ведолизумабқа немесе препараттың басқа компоненттеріне аса жоғары сезімталдық; туберкулез, сепсис, цитомегаловирусты инфекция, листериоз сияқты ауыр инфекциялық аурулардың белсенді түрі және үдемелі мультифокальді лейкоэнцефалопатия сияқты оппортунистік инфекциялар.
Қауіпсіздік шаралары
Ведолизумабтың дайындалған инфузиялық ерітіндісін басқа препараттармен араластыруға немесе оларды инфузиялық жүйеде енгізуге болмайды. Тірі вакциналарды, әсіресе тірі пероральді вакциналарды қолдану кезінде сақтық таныту. Ауыр реакциялар дамыған жағдайда препаратты енгізуді дереу тоқтату. Оппортунистік инфекциялардың немесе қорғағыш бөгеті ішек болатын инфекциялардың жоғары даму қаупінің ықтималдығы зор. Иммундық жүйесі әлсіреген пациенттерде үдемелі мультифокальді лейкоэнцефалопатияның даму қаупі артады. Ойық жаралы колит және Крон ауруы бар пациенттерде қатерлі жаңатүзілімдердің даму қаупі жоғары байқалады. Көлік құралын немесе басқа қозғалыстағы механизмдерді басқарудан бас тарту.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Өзара әрекеттесу бойынша зерттеулер жүргізілген жоқ
Ведолизумабпен қатар жиі тағайындалатын дәрілердің фармакокинетикасына ведолизумабтың әсері зерттелмеген.
Тірі вакциналарды, әсіресе тірі пероральді вакциналарды Ведолизумабпен бір мезгілде қолданғанда сақ болу қажет.
Жүктілік
Ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін. Сенімді контрацепция құралдарын пайдалану.
Емізу
Ана сүтіне енеді, қабылдау қажет болғанда бала емізуді тоқтату керек.
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі: назофарингит, бас ауыруы, артралгия.Жиі: бөртпе, қышыну, экзема, эритема, түнгі тершеңдік, акне, бронхит, гастроэнтерит, тұмау, синусит, фарингит, парестезия, гипертензия, ауыз-жұтқыншақ аумағының ауыруы, мұрын бітелуі, жөтел, анальді абсцесс, анальдің жарылуы, жүрек айнуы, диспепсия, іш қатуы, іштің кебуі, метеоризм, геморрой, бұлшықет түйілуі, арқаның ауыруы, бұлшықет әлсіздігі, шаршағыштық, аяқ-қол ауыруы, пирексия.Жиі емес: вульвовагинальді кандидоз, ауыз қуысының кандидозы, фолликулит, инфузия орнындағы реакциялар, инфузияға жалпы реакциялар.
Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары
Кем дегенде 2 венаішілік инфузиядан кейін демеуші емге арналған ведолизумабты тері астына енгізудің ұсынылған сызбасы 2 апта сайын тері астына инъекция жолымен 108 мг дозада препаратты енгізуді көздейді. Бірінші тері астына инъекция келесі жоспарланған вена ішіне енгізудің орнына енгізіледі, содан кейін 2 апта сайын сызба бойынша жалғастырады.
Балаларда қолданылуы
Қарсы көрсетілген. 18 жасқа дейінгі балаларда препаратты қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған.