L04AA04 Антитимоцитарлы иммуноглобулин (қоян)¹ (Antithymocyte immunoglobulin (rabbit))
Қолдану көрсеткіштері
Ағзалар трансплантациясы кезіндегі иммуносупрессия: трансплантаттың ажырау реакциясының алдын алу және емдеуде, гемопоэздік бағаналы жасушалар трансплантациясынан кейін «қожайынға қарсы трансплантат» реакциясының жедел және созылмалы түрлерінің алдын алуда, стероидтармен емге төзімді «қожайынға қарсы трансплантат» жедел реакциясын емдеу, апластикалық анемияны емдеу.
-
Клинические протоколы:
- Аллогенная неродственная трансплантация костного мозга
- Аллогенная родственная трансплантация костного мозга
- Аллогенная трансплантация гемопоэтических стволовых клеток у детей
- Гаплоидентичная трансплантация костного мозга
- Гаплоидентичная трансплантация гемопоэтических стволовых клеток у детей
- Апластическая анемия у взрослых
- Трансплантация легких
- Ведение пациентов после трансплантации сердца у взрослых
- Ведение пациентов после трансплантации сердца у детей
- Трансплантация сердца
- Ведение детей с пересаженной почкой
- Криз отторжения почечного трансплантата
- Острое отторжение почечного трансплантата у детей
- Трансплантация почки
Қарсы көрсеткіштері
Препараттың белсенді және қосымша компоненттеріне, соның ішінде қоян ақуыздарына жоғары сезімталдық; кез келген қосымша иммуносупрессияға қарсы көрсетілім болып табылатын жедел немесе созылмалы инфекциялар.
Қауіпсіздік шаралары
Препараттың енгізу жылдамдығын қатаң сақтау керек; таяуда антитимоцитарлы иммуноглобулин (қоян) алған пациенттер үшін аттенуирленген тірі вакциналармен иммунизация жасау ұсынылмайды; антитимоцитарлы иммуноглобулинді (қоян) қоса, иммуносупрессиялық дәрілерді қолдану қатерлі жаңа түзілімдердің, соның ішінде лимфоманың немесе лимфопролиферациялық аурулардың туындау жиілігін арттыруы мүмкін.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Циклоспорин, такролимус, микофенолат мофетилі: шектен тыс иммунодепрессия мен лимфопролиферациялық аурулардың даму қаупі болуы мүмкін; тірі аттенуирленген вакциналар: вакцина енгізу себебінен болатын өліммен аяқталуы мүмкін жүйелі инфекциялық үдерістің даму қаупі артады. Қауіп пациенттердің (апластикалық анемия) негізгі ауруы салдарынан болатын иммундық тапшылығы бар пациенттерде арта түседі. Антитимоцитарлы иммуноглобулин (қоян) қоян иммуноглобулиндерінің басқа препараттарымен реакцияға түсуге қабілетті антиденелердің түзілуін туғызуы мүмкін. Антитимоцитарлы иммуноглобулин (қоян) иммуноглобулиндер пайдаланылатын стандартты клиникалық зертханалық тестілерге ықпалын тигізбейді. Алайда, антиденелеріне және панель-реактивті антиденелердің цитоуыттылық талдауларына немесе үйлесімділіктің айқаспалы сынамасына (кросс-матч) негізделген иммунологиялық тестілер нәтижелерін бұрмалауы мүмкін.
Жүктілік
Абсолютті қажеттілікті қоспағанда, жүктілік кезінде пайдаланылмауы тиіс.
Емізу
Емдеу кезеңінде емізуді тоқтату керек.
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі: лимфоцитопения, нейтропения, тромбоцитопения, инфекциялар, қызба.Жиі: ентігу, диарея, дисфагия, жүрек айнуы, құсу, қышыну, тері бөртпесі, миалгия, қатерлі ісіктер, гипотония, діріл, сарысулық ауру, инфузиямен байланысты реакциялар (қызба, қалтырау/діріл, ентігу, жүрек айнуы/құсу, диарея, гипотония немесе гипертония, әлсіздік, бөртпе, есекжем және/немесе бас ауыруы, қандай да бір клиникалық белгілерсіз немесе симптомдарсыз трансаминазалардың транзиторлы қайтымды көтерілулері, өте сирек жағдайларда өліммен аяқталатын күрделі анафилаксиялық реакциялар жағдайлары (өліммен аяқталу анафилаксиялық реакция кезінде адреналин алмаған пациенттерде байқалды)). Сирек: CRS кардио-респираторлық дисфункциямен (гипотензия, жедел респираторлық дистресс-синдром, өкпенің ісінуін, миокард инфарктісін, тахикардия және/немесе өлімді қоса) байланысты; иммуносупрессивті агенттермен біріктірілімде: әртүрлі инфекциялар, инфекциялардың қайталанулары, сирек жағдайларда өліммен аяқталатын фебрильді нейтропения және сепсис, лимфопролиферациялық аурулар (LРD) және басқа лимфомаларды (вирусқа байланысты болуы мүмкін) қоса, қатерлі ісіктер.Өте сирек: түрлі иммуносупрессиялық агенттерді біріктіріп қолданумен байланысты болған және кейде өліммен аяқталуға алып келген ауқымды ісіктер.
Балаларда қолданылуы
Балаларға. Көктамыр ішіне, инфузиялық. Препараттың дозасы оның қолданылу көрсетілімдеріне, енгізу режиміне және басқа иммунодепрессиялық препараттармен біріктіріліміне байланысты.Препаратты тағайындауда және дозасын таңдағанда емдеудің ұлттық стандарттарына, арнайы емдеу мекемелерінің емдеу хаттамаларына, сонымен қатар қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.