L02BB03 Бикалутамид (Bicalutamide)

Қолдану көрсеткіштері

Хирургиялық кастрация немесе гонадотропин-рилизинг гормонының аналогтарымен терапия біріктірілімде қуық асты безінің жайылған ісігін емдеу

    Клинические протоколы:
  1. Рак предстательной железы

Қарсы көрсеткіштері

Бикалутамидке немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық; терфенадинмен, астемизолмен және цизапридпен бір мезгілде қабылдау; галактозаны көтере алмаушылық, Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы сирек тұқым қуалайтын аурулары; әйелдер; 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Қауіпсіздік шаралары

Простатспецификалық антиген деңгейінің жоғарылауы аясында аурудың үдеуі бар пациенттерде препаратты тоқтату туралы мәселені шешу қажет.Галактозаны көтере алмаушлық, Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактозаның мальабсорбциясы бар пациенттерге қабылдауға болмайды.Автокөлік немесе қозғалыстағы механизмдерді басқарудан бас тарту керек.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Терфенадин, астемизол, цизаприд - бірге қолдану ҚАРСЫ КӨРСЕТІЛГЕН. Циметидин, кетоконазол - бикалутамид концентрациясының жоғарылау мүмкіндігі. Антикоагулянттар - бикалутамидпен бірге қолдану кезінде протромбинді уақыттың бақылануын қажет етеді. Циклоспорин, кальций каналдарының блокаторлары - жағымсыз әсерлер жоғарылауы мүмкін, бұл препараттар концентрациясын бақылау және дозаларын төмендету қажет.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Дозасын түзету талап етілмейді.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр қызметіне жүйелі мониторинг жүргізу қажет. Бауыр қызметінің орташа және ауыр дәрежедегі бұзылыстары бар пациенттерге сақтықпен тағайындау. Бауырдың ауыр зақымдануларында препарат кумуляцияланады.

Жағымсыз әсерлері

Жиі:АІЖ тарапынан бұзылыстар: жүрек айнуы, іштің ауыруы, іш қатуы, ауыздың құрғауы, тәбеттің төмендеуі, анорексия, диспепсия, диарея, метеоризм;ОЖЖ тарапынан бұзылыстар: бас айналуы, астения, бас ауыруы, ұйқысыздық, ұйқышылдық, депрессия;Гепато-билиарлы бұзылыстар: трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы, холестаз, сарғаю, сирек бауыр жеткіліксіздігі;Гормоналды бұзылыстар: сүт бездерінің ауырсынуы, алопеция, терінің құрғауы, тершеңдік, гирсутизм немесе шаштың өсуінің қалпына келуі, белсіздік, либидо төмендеуі, дене салмағының жоғарылауы немесе төмендеуі, «құйылулар».Сирек:Аллергиялық реакциялар: қышыну, тері бөртпесі, қызба, сирек жоғары сезімталдық реакциялары, есекжем, Квинке ісінуі;ЖҚЖ тарапынан бұзылыстар: кеуде ауырсынуы, миокард инфарктісі, жүрек жеткіліксіздігі, стенокардия, QT және PR интервалының ұзаруы, аритмия, ЭКГ спецификалық емес өзгерістер;Өкпенің интерстициальді аурулары.

Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары

ГнРГ аналогымен немесе хирургиялық кастрациямен біріктіріліп қуықасты безінің кең таралған обыры кезінде: ішке тәулігіне бір рет 50 мг-нан. Бикалутамидпен емдеуді ГнРГ аналогын қабылдау басталғанға дейін кемінде 3 күн бұрын немесе хирургиялық кастрациямен бір мезгілде бастау қажет.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.