L02BA02 Торемифен (Toremifene)

Қолдану көрсеткіштері

Постменопаузада сүт безінің гормонға тәуелді метастикалық ісігінде (алғашқы желі терапиясы) сүт безінің дисгормональды гиперплазиясын емдеу және алдын алу.

    Клинические протоколы:
  1. Рак молочной железы
  2. Саркомы мягких тканей

Қарсы көрсеткіштері

Препараттың қандай да бір компонентіне аса жоғары сезімталдық; анамнезінде эндометрий гиперплазиясы; бауыр функциясының айқын жеткіліксіздігі; жүрек өткізгіштігінің өзгеруі, QT аралығының туа біткен немесе жүре біткен ұзаруы; электролиттік тепе-теңдік бұзылғанда, әсіресе түзетілмеген гипокалиемияда; клиникалық тұрғыдан маңызды брадикардия; клиникалық тұрғыдан маңызды жүрек жеткіліксіздігі, сол жақ қарыншаның лықсу фракциясының төмендеуі; анамнезінде симптоматикалық аритмия

Қауіпсіздік шаралары

Анамнезінде тромбоэмболиялық аурулардың ауыр жағдайлары бар пациенттерді емдеу үшін қолдану ұсынылмайды. Вентрикулярлы аритмияның (жыпылықтау/жыбырлаушы аритмияны) пайда болу қаупінің артуына және жүректің тоқтауына алып келетін, миокардиальды ишемия немесе QT интервалының ұзаруы сияқты проаритмиялық жағдайлардағы (әсіресе егде жастағы) пациенттерде сақтықпен қолдану қажет. Автокөлік немесе қауіптілігі жоғары механизмдерді басқаруда сақ болу керек.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

IA және III класс аритмияға қарсы препараттары - QT интервалының ұзаруы. Нейролептиктер, антибактериялық препараттар (моксифлоксацин, эритромицин к/і) - QT интервалының ұзаруы. Малярияға қарсы заттар (әсіресе галофантрин), гистаминге қарсы заттар- QT интервалының ұзаруы. Тиазидті диуретиктер– гиперкальциемия дамуы. Фенобарбитал, карбамазепин – қан плазмасында торемифен концентрациясының төмендеуі.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Дозасын түзету талап етілмейді.

Бауыр жеткіліксіздігі

Сақтықпен қолдану.

Жүктілік

Қолданбау.

Емізу

Қолданбау.

Жағымсыз әсерлері

Жиі: жиірек қан құйылулар, жоғары тершеңдік; сирек жатырдан қан кетулер, қынаптық бөлінділер, жоғары шаршағыштық, бас айналуы, ісінулер, жүрек айнуы, құсу, бөртпе, қышыну, депрессия.Жиі емес: кеңістіктегі бағыттан жаңылысу, тәбеттің жоғалуы, ұйқысыздық, бас ауыруы, тромбоэмболиялық эпизодтар (терең көктамырлар тромбозы, тромбофлебиттер және өкпе эмболиясы), диспноэ, іштің қатуы, эндометрия гипертрофиясы, дене салмағының артуы.Сирек: трансаминаза деңгейлерінің жоғарылауы, полиптер, эндометрия; сирек көздің қасаң қабығының қысқа мерзімдік бұлдырауы, сарғаю, алопеция, эндометрия гиперплазиясы, эндометрия ісігі, гиперкальциемия (әсіресе сүйекте метастаза бар науқастарда).

Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары

Сүт безінің дисгормональді гиперплазиясында тиісті доза – тәулігіне 20 мг. Сүт безінің эстрогенге тәуелді обырында тиісті доза тәулігіне 60 мг құрайды.

Балаларда қолданылуы

Балаларда қолдану зерттелмеген.