L02AE02 Лейпрорелин (Leuprorelin)
Қолдану көрсеткіштері
Қуықасты безінің обыры; Сүт безінің обыры; Эндометриоз;
-
Клинические протоколы:
- Дисфункция яичников
- Нарушения менструального цикла
- Рак предстательной железы
Қарсы көрсеткіштері
Нонапептидтерге және декапептидтерге немесе кез келген басқа қосымша затқа ұқсас лейпрорелин ацетатына аса жоғары сезімталдық; Қуықасты безінің гормонға тәуелді обыры;Жүктілік; Нақтыланбаған қынаптық қан кету; 18 жасқа дейінгі балаларға
Қауіпсіздік шаралары
Омыртқа бағанының метастаздық зақымданулары және/немесе несеп шығару жолдарының обструкциясы бар пациенттер емдеудің алғашқы бірнеше аптасының ішінде мұқият қадағалауды қажет етеді. Кортикостероидтарды немесе құрысуға қарсы препараттарды ұзақ уақыт пайдаланса, алкогольді немесе шылымды артық мөлшерде тұтынса, лейпрорелин ацетатымен емдеуді бастар алдында «қауіп-пайда» арақатынасын бағалау керек. Остеопорозы, қант диабеті, жүрек-қантамыр аурулары бар науқастарға сақтықпен қолдану. QT аралығының туа біткен ұзару синдромы бар пациенттерде, қандағы электролиттер деңгейінің бұзылуы бар пациенттерде немесе іркілісті жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде, сондай-ақ IА класының (мысалы, гуанидин, прокаинамид) немесе III класының (мысалы: амиодарон, соталол) аритмияға қарсы препараттарын алатын пациенттерде болатын андрогендердің ұзақ уақыт бәсеңдеуінде пайда/қауіп арақатынасын бағалау тиіс. Көлікті немесе қауіптілігі жоғары басқа механизмдерді басқарғанда сақ болу керек.Маңызды! Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Қазіргі уақытта өзара әрекеттесудің қандай да бір түрі болуы туралы белгісіз.
Басқа дәрілік препараттардың Лейпрорелин препаратымен болуы мүмкін өзара әрекеттесуі зерттелмеген. Алайда, лейпрорелин ацетаты метаболизміне байланысты өзара әрекеттесу сирек болатынын күтуге болады, өйткені лейпрорелин негізінен Р450 цитохромымен емес, пептидазалармен метаболизденеді, сонымен қатар қан плазмасы ақуыздарымен байланысуы шамамен 46% құрайтын төмен жылдамдықта болады.
Андрогендердің жетіспеушілігі QT аралығының ұзаруына әкелуі мүмкін болғандықтан, лейпрорелин ацетатын «пируэт» түріндегі қарыншалық тахикардияны тудыруы мүмкін дәрілік заттармен, мысалы, IA класты (хинидин, дизопирамид) немесе III класты (амиодарон, соталол, дофетилид, ибутилид), метадонмен, моксифлоксацинмен бір және психозға қарсы препараттармен мезгілде қолдану қаупі мұқият бағалануы тиіс.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйрек қызметі бұзылуы дамыған кезде, бұл асқынуларды стандартты емдеу қажет.
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауыр қызметінің айқын бұзылыстары кезінде қарсы көрсетілген.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі: құйылулар, ысыну сезімі, естен тану және жедел қантамыр жеткіліксіздігі, экхимоздар, эритема, препаратты енгізген жердегі ашыту сезімі және парестезиялар, жалпы әлсіздік және жоғары қажығыштық.Жиі: ентігу, қан түкіру, өкпе эмфиземасы, назофарингит, гипестезия, тері қышуы, түнгі тершеңдік, несеп шығару іркілісі, несеп шығарудың қиындауы, дизурия, никтурия, олигурия, емшек бездерінің ауырсынуы, бедеулік, емшек бездерінің гипертрофиясы, аталық бездер атрофиясы, аталық бездің ауыруы, эректильді дисфункция, жыныстық мүше өлшемінің кішіреюі, әлсіздік, жоғары қажығыштық, жалпы әлсіздік, препарат енгізген жердің ауыруы және қанталауы, екпе орнының шаншуы, қалтыраулар, эритроциттер санының азаюы, гематокрит пен гемоглобиннің төмендеуі, гематологиялық өзгерістер, креатинфосфокиназа деңгейінің жоғарылауы, қанның ұю уақытының ұзаруы, сүйектердің ауыруы, артралгиялар, миалгиялар, поллакиурия, гематурия.Жиі емес: ринорея, диспноэ, несеп шығару жолдарының инфекциясы, терінің жергілікті инфекциясы, қант диабеті ағымының нашарлауы, әдеттен тыс түс көрулер, депрессия, жыныс құштарлығының кемуі, бас айналу, бас ауыру, ұйқысыздық, дәм сезудің нашарлауы, иіс сезудің бұзылуы, вестибулярлық бас айналу, гипертензия, гипотония, іш қатулар, ауыздың құрғауы, диспепсия, құсу, тұла бойдың қатты терлеуі және алақандардың тершеңдігі, түнгі тершеңдік, арқаның ауыруы, бұлшықеттердің құрысуы, тремор, бұлшықет атрофиясы, қуықтың түйілуі, несеп шығарудың шектен тыс жиілеуі, несептің іркілуі, гинекомастия, импотенция, аталық бездер функциясының бұзылуы, препарат енгізген жердің қышынуы, тежелгіштік, ауырсыну, қызба, препарат енгізген жердегі индурация, қан сарысуында аланинаминотрансфераза, триглицеридтер деңгейінің жоғарылауы, протромбин уақытының ұзаруы, дене салмағының артуы.Сирек: гипестезия, еріктен тыс болатын патологиялық қимыл-әрекеттер, метеоризм, кекіру, алопеция, тері бөртпелері, емшек бездерінің ауыруы, екпе орнының ойық жаралануы.Өте сирек: препаратты енгізген жердегі тіндердің некрозы.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары
Қуықасты безінің обыры
11.25 мг Лейпрорелин препаратын әрбір 3 ай сайын тері астына бір инъекция түрінде қолданады.
Сүт безінің обыры
Лейпрорелин препараты 11.25 мг әр 3 айда тері астына бір инъекция түрінде қолданылады.
Эндометриоз
Лейпрорелин препараты 11.25 мг әр 3 айда бұлшықет ішіне бір инъекция түрінде қолданылады.
Жүктілік болу қаупін жоққа шығару үшін бірінші инъекция етеккір оралымының үшінші күнінде жасалуы керек.
Балаларда қолданылуы
18 жасқа дейінгі балаларда тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған, препаратты қолдану бойынша ұсынымдары жоқ.