L01EC02 Дабрафениб (Dabrafenib)
Қолдану көрсеткіштері
BRAF V600 гені мутациясымен резекция жасалмайтын немесе метастаздық меланома бар пациенттерді монотерапия ретінде және траметинибпен біріктірілімде емдеу; BRAF V600 гені мутациясымен резекция жасалатын III сатыдағы меланома бар ересек пациенттерді емдеу үшін адъювантты ем ретінде траметинибпен біріктірілімде; BRAF V600 гені мутациясымен таралған өкпенің ұсақ жасушалы емес обыры бар пациенттерді траметинибпен біріктірілімде емдеу
-
Клинические протоколы:
- Меланома кожи
- Рак легкого
- Злокачественные новообразования прямой кишки
Қарсы көрсеткіштері
Дабрафенибке немесе препараттың кез келген компонентіне асқын сезімталдық.
Қауіпсіздік шаралары
Температура ≥ 38,5 ºC дейін көтерілсе, ем тоқтатылуы тиіс және инфекция белгілері мен симптомдарының бар-жоғы тексерілуі керек. Емдеу алдында және препаратпен терапия барысында терінің жалпақ жасушалы обыры даму мүмкіндігіне байланысты тері жағдайын үнемі бақылап отыру керек. Іштің белгісіз ауырсынуы кезінде сарысулық амилаза мен липаза деңгейін есептеу керек. Терапия кезінде офтальмологиялық симптомдардың бақылауын жүргізу керек: көрудің өзгеруі, жарықтан қорқу, көз аймағының ауырсынуы. Барлық пациенттерде ем басталғанға дейін және ем басталғаннан кейін бір айдан соң ЭКГ жүргізу және электролиттер деңгейін (магнийді қоса) анықтау керек.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Кетоконазол, кларитромицин, ритонавир, телитромицин, итраконазол, вориконазол, позаконазол, атазанавир - қанда дабрафениб концентрациясы жоғарылауы мүмкін, бірге САҚТЫҚПЕН қолдану! Рифампицин, фенитоин, карбамазепин, фенобарбитал, шайқурай - қан плазмасында дабрафениб концентрациясы төмендеуі мүмкін, бір мезгілде қолдануды БОЛДЫРМАУ.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Монотерапияда немесе траметинибпен біріктірілімде бүйрек қызметінің ауыр бұзылыстары кезінде сақтықпен қолдану.
Бауыр жеткіліксіздігі
Монотерапияда немесе траметинибпен біріктірілімде бауыр қызметінің ауыр бұзылыстары кезінде сақтықпен қолдану.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Очень часто: папиллома, снижение аппетита, головная боль, тошнота, рвота, диарея, кашель, сыпь, гиперкератоз, алопеция, синдром ладонно-подошвенной эритродизестезии, артралгия, миалгия, боль в конечностях, астения, озноб, утомляемость, гипертермия.Часто: нитевидная бородавка, мягкая фиброма, плоскоклеточный рак кожи, болезнь Боуэна, кератоакантома, себорейный кератоз, ринофарингит, гипофосфатемия, гипергликемия, запор, актинический кератоз, повреждения кожи, сухость кожи, эритема, зуд, повышение фракции выброса левого желудочка, гриппоподобный синдром.Нечасто: новый случай первичной меланомы, гиперчувствительность, увеит, панкреатит, нефрит, почечная недостаточность, острая почечная недостаточность, удлинение интервала QT.Редко: тубулоинтерстициальный нефрит.
Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары
Ұсынылатын доза тәулігіне 2 рет 150 мг (75 мг-ден 2 капсула) құрайды, бұл Препараттың монотерапия ретінде де, траметинибпен біріктірілімде де тағайындағанда 300 мг тәуліктік жиынтық дозаға сәйкес келеді. Дабрафенибпен біріктірілімде қолдану кезінде ұсынылатын траметиниб дозасы тәулігіне бір рет 2 мг құрайды.
Балаларда қолданылуы
18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген, қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.