L01EB01 Гефитиниб (Gefitinib)
Қолдану көрсеткіштері
| эпидермалық өсу факторы рецепторы тирозинкиназалық доменінің (EGFR-TK) белсендіруші мутациялары бар өкпенің жергілікті таралған немесе метастаздық ұсақ жасушалы емес обыры (ӨМҰО) бар ересек пациенттерді емдеу үшін монотерапия ретінде |
-
Клинические протоколы:
- Рак легкого
Қарсы көрсеткіштері
| .- гефитинибке немесе препараттың
басқа компоненттеріне аса жоғары сезімталдық - жүктілік және лактация кезеңі - балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер (пациенттердің осы тобындағы қауіпсіздік пен тиімділік бағаланбаған) - тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдар |
Қауіпсіздік шаралары
| Гефитинибті
жергілікті-таралған немесе метастаздық ҰЕЖӨО емдеу әдісі ретінде қолдану
туралы мәселені қараған кезде барлық пациенттер үшін ісік тіндерінің
мутациясы EGFR мәртебесін айқындау маңызды. Егер ісік үлгісі талданбаса,
қаннан (плазмадан) алынған айналымдағы ДНҚ ісіктерінің (аіДНҚ) үлгісін
қолдануға болады. Жалған теріс немесе жалған оң нәтижелерге жол бермеу үшін EGFR ісік мутациясының немесе аіДНҚ күйін анықтауда тиімділігі дәлелденген сенімді және сезімтал сынақтарды ғана қолдану керек. Өкпенің интерстициальді ауруы (ӨИА) Егер пациенттерде ентігу, жөтел және қызба сияқты тыныс алу симптомдарының нашарлауы байқалса, таблеткаларын қабылдауды тоқтату керек, ал пациентті дереу тексеру керек. Егер ӨИА расталса, тоқтатылып, пациентке тиісті ем тағайындау керек. Гепатоуыттылық және бауыр жеткіліксіздігі Гепатит түрінде сирек көрінетін функционалдық бауыр сынамаларының өзгерістері (оның ішінде аланинаминотрансферазаның, аспартатаминотрансферазаның, билирубиннің жоғарылауы) байқалды. Гефитинибті бауыр функциясының жеңілден орташа ауырлыққа дейінгі бұзылулары болған кезде сақтықпен пайдалану керек. Егер елеулі бұзылулар болса, онда препаратты қабылдауды тоқтату керек. Цирроз салдарынан бауыр функциясының бұзылуы плазмадағы гефитиниб концентрациясының жоғарылауына әкелетіні дәлелденді. Пайдалану кезіндегі қосымша сақтық шаралары Егер пациенттерге ауыр немесе тұрақты диарея, жүрек айнуы, құсу немесе анорексия пайда болса, дереу дәрігерге бару ұсынылады, өйткені бұл жанама түрде дегидратацияға әкелуі мүмкін. Бұл симптомдарды клиникалық көрсетілімдер бойынша емдеу керек. Кератиттің белгілері мен симптомдары бар пациенттер, мысалы, көздің жедел немесе нашарлаған қабынуы, жас ағуы, фотосезімталдық, көру қабілетінің бұзылуы, көздің ауыруы және/немесе көздің қызаруы, дереу офтальмологпен кеңесу керек. Ойық жаралы кератит диагнозы расталған кезде, егер симптомдар кетпесе немесе гефитиниб қайта тағайындалған кезде олар қайтадан қайталанса, гефитинибпен емдеуді тоқтату керек, препаратты қабылдауды толық тоқтату туралы мәселені қарау керек. Гефитиниб қабылдаған пациенттерде асқазан-ішек жолының жүрісі бойынша перфорация байқалды. Көптеген жағдайларда бұл асқазанның ойық жарасы негізінде жатқан стероидтар немесе ҚҚСП сияқты қатарлас препараттарды қабылдау, анамнезінде АІЖ ойық жара ауруы болуы, жасы, темекі шегу немесе ішекте метастаздар болуын қоса, басқа да белгілі қауіп факторларымен байланысты. |
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
| Гефитинибтің плазмалық концентрациясын арттыруға қабілетті белсенді заттар. Гефитиниб бұл p-гликопротеиннің (Pgp) субстраты. CYP3A4 тежейтін заттар гефитинибтің клиренсін төмендетуі мүмкін. CYP3A4 белсенділігінің күшті тежегіштерін (мысалы, кетоконазолды, позаконазолды, вориконазолды, протеаза тежегіштерін, кларитромицинді, телитромицинді) бір мезгілде қолдану плазмада гефитиниб концентрациясының жоғарылауына әкелуі мүмкін. CYP2D6 тежегіштерімен қатар емдеу жөнінде деректер жоқ, бірақ метаболизмі жоғарылаған адамдарда осы ферменттің CYP2D6 күшті тежегіштері плазмада гефитиниб концентрациясының шамамен 2 есеге жоғарылауын туындатуы мүмкін. Егер қатар ем CYP2D6 күшті тежегішімен басталса, пациентте жағымсыз реакциялардың туындауын мұқият бақылау қажет. Гефитинибтің плазмалық концентрациясын төмендетуге қабілетті белсенді заттар. CYP3A4 белсенділігін индукциялайтын заттар метаболизмді күшейтіп және плазмада гефитинибтің концентрациясын төмендетіп, осылайша, оның тиімділігін нашарлатуы мүмкін. CYP3A4 индукциялайтын дәрілік заттармен (мысалы, фенитоинмен, карбамазепинмен, рифампицинмен, барбитураттармен немесе шайқураймен (Hypericum perforatum)) қатар емдеуге жол бермеу керек. Асқазанның рН едәуір тұрақты жоғарылауын туындататын заттар плазмада гефитинибтің концентрациясын төмендетіп, осылайша, гефитинибтің тиімділігін нашарлатуы мүмкін. Тез әсер ететін антацидтік препараттардың жоғары дозалары, егер оларды гефитинибпен уақыты бойынша жақын аралықпен жүйелі түрде қабылдаса, әсер етуі ұқсас болуы мүмкін. Плазмалық концентрациясы гефитиниб әсерінен өзгеретін белсенді заттар. Гефитиниб CYP2D6 тежелуінің шектеулі потенциалына ие. CYP2D6 субстраттарын гефитинибпен біріктіріп пайдалануды зерттеу кезінде, әсіресе емдік терезесі тар препараттар үшін CYP2D6 субстратының дозасын түзетуді қарастырған жөн. Гефитиниб BCRP ақуыз-тасымалдаушысының тежегіші болып табылады. CYP3A4 индукциялайтын препараттар гефитинибтің метаболизмін күшейтуі және оның плазмадағы концентрациясын төмендетуі мүмкін. Осылайша, CYP3A4 индукторларын (мысалы, фенитоинды, карбамазепинді, рифампицинді, барбитураттарды немесе құрамында шайқурай (Hypericum perforatum) бар дәрілік препараттарды) бір мезгілде қолдану емнің тиімділігін төмендетуі мүмкін, оған жол бермеу керек. CYP2D6 бойынша баяу метаболизмнің генотипі бар жекелеген пациенттерде CYP3A4 күшті тежегішімен емдеу гефитинибтің плазмадағы деңгейінің жоғарылауына әкелуі мүмкін. CYP3A4 тежегішімен емдеуді бастағанда пациенттердің гефитинибке жағымсыз реакцияларының туындауына мұқият мониторинг жүргізген жөн. Варфаринді жән гефитинибті бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерде протромбин уақытының (ПУ) немесе ХҚҚ өзгерулерін ұдайы бақылап отыру қажет. Асқазанның қышқылдылығы (pH) деңгейінің маңызды түрде ұзақ уақыт жоғарылауын туындататын протонды сорғы тежегіштері және Н2-гистаминдік рецепторлардың антагонистері сияқты дәрілік препараттар плазмада гефитинибтің биожетімділігін және концентрациясын төмендете алады, демек, оның тиімділігінің төмендеуіне әкеледі. Егер антацидтік препараттарды гефитинибпен бірге жақын арада жүйелі түрде қабылдаса, оларда осындай ұқсас әсерге ие болады. Гефитинибпен және винорелбинмен қатар емдегенде гефитиниб винорелбиннің нейтропениялық әсерін күшейтуі мүмкін. |
Бүйрек жеткіліксіздігі
| Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде креатинин клиренсі > 20 мл/мин болғанда дозаны түзетудің қажеті болмайды. Креатинин клиренсі ≤ 20 мл/мин болатын пациенттерге әсер етуі жөнінде деректер шектеулі, сондықтан оларда препаратты сақтықпен қолдану керек. |
Бауыр жеткіліксіздігі
| Цирроздың салдары болып табылатын орташадан ауырға дейінгі бауыр жеткіліксіздігі бар (Чайлд-Пью шкаласы бойынша В немесе С класы) пациенттерде плазмадағы гефитиниб концентрациясы жоғары. Мұндай пациенттерде жағымсыз құбылыстардың туындауын мұқият қадағалау керек. Қан плазмасындағы гефитинибтің концентрациясы метастаздар салдарынан аспартатаминотрансфераза (АСТ), сілтілік фосфатаза немесе билирубин деңгейлері жоғарылаған пациенттерде артқан жоқ. |
Жүктілік
| Препарат жүктілік кезінде қолдануға қарсы көрсетілген. |
Емізу
| Гефитинибті лактация кезінде қолдануға болмайды, сондықтан гефитинибпен ем жүргізген кезде емшек емізуді тоқтату керек. |
Жағымсыз әсерлері
| Өте жиі - диарея, негізінен жеңіл жүрек айнуы, жеңілден орташа түрге дейінгі анорексия - стоматит, негізінен орташа түрде - АЛТ белсенділігінің артуы, негізінен жеңілден орташаға дейін - тері реакциялары, пустулезді бөртпе, кейде қышыну, терінің құрғауы, эритема аясындағы терінің сызаттарын қоса - астения негізінен жеңіл түрде Жиі - конъюнктивит, блефарит және құрғақ көз синдромы, негізінен жеңіл түрде - мұрыннан қан кетуді қоса қан кетулер, гематурия - өкпенің интерстициальді ауруы, көбінесе ауыр түрінде (өліммен аяқталған жағдайлар тіркелген) - сусыздану (диарея, жүрек айнуы, құсу, анорексия салдарынан) - ауыздың құрғауы, негізінен жеңіл түрде - АСТ белсенділігінің артуы, жалпы билирубин деңгейінің жоғарылауы (негізінен жеңілден орташаға дейін) - тырнақтың өзгеруі - алопеция - аллергиялық реакциялар, оның ішінде Квинке ісіну және есекжем - қандағы креатинин деңгейінің симптомсыз жоғарылауы - протеинурия - цистит - пирексия Жиі емес - мөлдір қабақтың қайтымды эрозиясы, кейде кірпіктің қалыптан тыс өсуімен бірге - кератит - эритродизестезияның алақан-табан синдромы Сирек - панкреатит, асқазан-ішек перфорациясы - гепатит - уытты эпидермальді некролизді, Стивенс-Джонсон синдромын және мультиформалы экссудативті эритеманы қоса, терінің буллездік өзгерістері - тері васкулиті - геморрагиялық цистит |
Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары
| Гефитинибтің ұсынылатын дозасы күніне бір рет 250 мг бір таблетканы құрайды. Егер доза қабылданбаған болса, оны пациент есіне түсіргеннен кейін бірден қабылдау керек. Егер келесі дозаны қабылдауға дейін 12 сағаттан аз уақыт қалса, пациент өткізіп алған дозаны қабылдамауы тиіс. Пациенттер өткізіп алған дозаны өтеу үшін қосарлы дозаны (бір уақытта екі доза) қабылдамауы тиіс. Енгізу жолы және тәсілі Таблетка тамақ ішуге қарамастан, шамамен бір уақытта, күн сайын пероральді түрде қабылданады. Таблетканы аз мөлшерде сумен іше отырып, тұтастай жұтуға болады, немесе, егер тұтас таблетканы жұту мүмкін болмаса, оны суда (газдалмаған) ерітуге болады. Басқа сұйықтықтарды қолдануға болмайды. |
Балаларда қолданылуы
| Препарат балалар мен жасөспірімдерде қарсы көрсетілген. |