L01FA03 Обинутузумаб (Obinutuzumab)
Қолдану көрсеткіштері
| Созылмалы лимфолейкоз (СЛЛ) Бұрын емделмеген созылмалы лимфолейкозы және толық дозада флударабин негізінде ем жүргізуге мүмкіндік бермейтін қатар жүретін аурулары бар ересек пациенттерді емдеу үшін препараты хлорамбуцилмен біріктірілімде көрсетілген. Фолликулалық лимфома (ФЛ) Бұрын емделмеген таралған фолликулалық лимфомасы бар, емге жауапқа қол жеткізген пациенттерде препараты химиотерапиямен біріктірілімде және препаратымен келесі демеуші монотерапияда көрсетілген. Ритуксимабпен емдеуге немесе ритуксимабты қамтитын сызба бойынша емдеуге жауап бермейтін фолликулалық лимфомасы бар немесе осындай емдеу кезінде немесе осындай емнен кейін 6 ай ішінде аурудың өршуі дамыған пациенттерде препараты бендамустинмен біріктірілімде және кейіннен препаратымен демеуші монотерапияда көрсетілген. |
-
Клинические протоколы:
- Хронический лимфолейкоз/лимфома из малых лимфоцитов
- Индолентные В-клеточные лимфомы у взрослых
Қарсы көрсеткіштері
| препараттың әсер етуші затына немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық |
Қауіпсіздік шаралары
| Обинутузумаб препаратымен емді бастар алдында емдеуші дәрігерге
хабарлаңыз, егер: • сіз инфекция жұқтырсаңыз немесе сізде бұрын ұзақ уақытқа созылған немесе қайталанып жатқан инфекция болса • сіздің иммундық жүйеңізге әсер ететін дәрілік препараттарды қашан болса да қабылдасаңыз немесе сізге оларды тағайындаса (мысалы, химиотерапия немесе иммуносупрессанттар) • сіз артериялық қысымды төмендететін дәрілік препараттарды немесе қанды сұйылтуға арналған препараттарды қабылдап жүрсеңіз – бұл жағдайда сіздің емдеуші дәрігеріңіз оларды қабылдау схемасына өзгерістер енгізуі қажет болуы мүмкін • сізде бұрын-соңды жүрек қызметінің бұзылуы орын алса • сізде бұрын-соңды мидың бұзылуы болса (мысалы, жады кінәраттары, қозғалыс қиындықтары немесе дене сезімталдығының бұзылуы, көру кінәраттары) • сізде қашан болса да тыныс алу кінәраттары немесе өкпе функциясының бұзылуы орын алса • сізде бұрын-соңды «В гепатиті» болса – бауыр ауруының бір түрі • сізге вакцина алу керек болса немесе жақын арада вакцинация қажеттілігі туындауы мүмкін екенін білсеңіз Егер жоғарыда айтылғандардың кез-келгені сізге қатысты болса (немесе сенімді болмасаңыз) Обинутузумаб препаратымен емдеуді бастамас бұрын емдеуші дәрігермен кеңесіңіз. Келесі жағымсыз әсерлерге назар аударыңыз Обинутузумаб препаратын қолдану кейбір ауыр жағымсыз әсерлерді туындатуы мүмкін, олар туралы сіз дереу емдеуші дәрігеріңізге хабарлауыңыз керек. Оларға мыналар жатады: Инфузиялық реакциялар «Жағымсыз реакциялардың сипаттамасы» бөлімінің басында аталған кез келген инфузиялық реакциялардың дамуы туралы емдеуші дәрігеріңізге немесе медбикеге дереу хабарлаңыз. Инфузиялық реакциялар инфузия кезінде немесе инфузиядан кейін 24 сағат ішінде дамуы мүмкін. Егер сізде инфузиялық реакция дамыған болса, сізге қосымша емдеу немесе инфузия жылдамдығын баяулату немесе инфузияны тоқтату қажет болуы мүмкін. Инфузиялық реакцияның симптомдары жойылғанда немесе симптомдар жеңілдеген кезде инфузия жалғасуы мүмкін. Бұл реакциялар бірінші инфузия кезінде жиі кездеседі. Егер сізде ауыр инфузиялық реакция дамыған болса, сіздің емдеуші дәрігеріңіз Обинутузумаб препаратымен емдеуді тоқтату туралы шешім қабылдауы мүмкін. Обинутузумаб препаратының әрбір инфузиясының алдында ықтимал инфузиялық реакцияларды немесе «ісік лизисінің синдромын» жеңілдетуге көмектесетін дәрілік препараттар тағайындалады («Қолдану жөніндегі нұсқаулар» бөлімін қараңыз). Ісік лизисінің синдромы өмірге қауіпті асқыну болып табылады, ол қырылып жатқан обыр жасушаларының бұзылуына байланысты қанның химиялық құрамының өзгеруіне байланысты пайда болады. Диссеминацияланған тамырішілік ұю синдромын (ДТҰ-синдромы) қоса алғанда, коагуляцияның бұзылуы Обинутузумаб препаратымен ем қабылдаған пациенттерде ДТҰ-синдромның, оның ішінде өліммен аяқталған жағдайлар байқалды. Көп жағдайда алғашқы инфузиядан кейін 1-2 күн ішінде тромбоциттер деңгейінің өзгеруі және қан ұюының зертханалық көрсеткіштері байқалды, бұл ретте симптомдар болмады; бұл өзгерістер әдетте препаратты тоқтатуды немесе арнайы араласуды қажет етпестен бір-екі апта ішінде өздігінен жойылды. Кейбір жағдайларда құбылыстар инфузиялық реакциямен және/немесе ісік лизисі синдромымен байланысты болды. ДТҰ-синдромына күдікті пациенттер мұқият бақылауда болуы керек. Үдемелі көп ошақты лейкоэнцефалопатия («ҮКЛ» деп те аталады) ҮКЛ - бұл мидың өте сирек кездесетін және өмірге қауіп төндіретін инфекциясы, оның дамуы Обинутузумаб препаратымен ем қабылдаған пациенттерде бірлі-жарым жағдайларда ғана тіркелген. Есте сақтау қабілетінің жоғалуы, сөйлеу кінәраттары, жүру кезінде қиындықтары немесе көрудің бұзылуы туралы емдеуші дәрігерге дереу хабарлаңыз. Егер осы симптомдардың кез келгені сізде Обинутузумаб препаратымен емдеуді бастағанға дейін болған болса, осы симптомдардың кез келген өзгерісін байқасаңыз, дереу емдеуші дәрігерге хабарлаңыз. Сізге дәрі дәрмектік ем қажет болуы мүмкін. Инфекциялар Егер Обинутузумаб препаратымен емделгеннен кейін сізде инфекцияның қандай да бір белгілері пайда болса, дереу емдеуші дәрігермен хабарласыңыз. |
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
| Басқа дәрілік препараттар және Обинутузумаб препараты Егер сіз кез келген басқа дәрілік препараттарды қабылдап жүрсеңіз, жақында қабылдасаңыз немесе мүмкін қабылдайтын болсаңыз, бұл туралы емдеуші дәрігеріңізге хабарлаңыз. Бұл дәрігердің рецептісіз босатылатын препараттарға, сондай-ақ өсімдік тектес препараттарға да қатысты. Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуге жеке зерттеулер жүргізілген жоқ, алайда, Обинутузумаб препаратының бендамустинмен, СНОР (циклофосфамид, доксорубицин, винкристин, преднизолон), FC (флударабин, циклофосфамид) және хлорамбуцилмен химиотерапия режимдерімен біріктірілімдерінің өзара әрекеттесуіне шектеулі қосалқы зерттеулер жүргізілді. Бір мезгілде қолданылатын препараттармен өзара әрекеттесу қаупін жоққа шығаруға болмайды. Фармакокинетикалық өзара әрекеттесулері Обинутузумаб P450 (CYP450) цитохромының, уридиндифосфат-глюкуронилтрансфераза (УГТ) және P-гликопротеин сияқты тасымалдаушы жасушаларының субстраты, тежегіші немесе индукторы емес. Осылайша, ферменттік жүйелердің қатысуымен метаболизмге ұшырайтын дәрілік препараттармен фармакокинетикалық өзара әрекеттесу күтілмейді. Обинутузумаб препаратыны бір мезгілде қолдану бендамустиннің, FC химиотерапия режиміне кіретін препараттардың, хлорамбуцилдің немесе СНОР химиотерапия режимінің жекелеген компоненттерінің фармакокинетикасына әсер етпейді. Сонымен қатар, бендамустинді, FC химиотерапия режиміне кіретін препараттарды, хлорамбуцил немесе СНОР химиотерапия режимінің компоненттерін қолдану Обинутузумаб препаратының фармакокинетикасына айтарлықтай әсер етпейді. Фармакодинамикалық өзара әрекеттесулері Тірі вирустық вакциналармен вакцинациялау емдеу кезінде және Обинутузумаб-тың иммуносупрессивті әсері түріндегі В-жасушалар пулын қалпына келтіргенге дейін ұсынылмайды. Обинутузумаб-ты хлорамбуцилмен, бендамустинмен, CHOP немесе CVP химиотерапия режимдерімен біріктіріп пайдалану нейтропенияның пайда болу қаупін арттыруы мүмкін. |
Бүйрек жеткіліксіздігі
| Ауырлығы жеңіл немесе орташа дәрежелі бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде дозаны түзетудің қажеті жоқ. Бүйрек жеткіліксіздігінің ауыр дәрежесі бар пациенттерде препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. |
Бауыр жеткіліксіздігі
| Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Дозалау бойынша арнайы ұсыныстар жоқ. |
Жүктілік
| Обинутузумаб препаратымен емдеу кезінде контрацепцияны қолданыңыз Обинутузумаб препаратымен емдеу кезінде контрацепцияның тиімді әдісін қолданыңыз. Обинутузумаб препаратымен емдеуді тоқтатқаннан кейін 18 ай бойы контрацепцияның тиімді әдістерін қолдануды жалғастырыңыз. Егер сіз жүкті болсаңыз, жүктімін деп ойласаңыз немесе жүктілікті жоспарласаңыз, емдеуші дәрігеріңізге бұл туралы хабарлаңыз. Емдеуші дәрігер сіздің балаңыз үшін ықтимал қауіптермен салыстырғанда Обинутузумаб препаратымен емдеуді жалғастырудың артықшылықтарын бағалауға көмектеседі. Егер Обинутузумаб препаратымен емдеу кезінде сіз жүкті болсаңыз, бұл туралы емдеуші дәрігерге мүмкіндігінше ертерек хабарлаңыз. Себебі, Обинутузумаб препаратымен емдеу сіздің денсаулығыңызға немесе балаңыздың денсаулығына әсер етуі мүмкін. |
Емізу
| Обинутузумаб препаратымен емдеу кезінде және емдеу тоқтатылғаннан кейін 18 ай бойы емшекпен емізбеңіз. Бұл препараттың шағын мөлшері емшек сүтіңізге ену мүмкіндігімен байланысты. |
Жағымсыз әсерлері
| Өте жиі (10-нан 1-ден артық адамда болуы мүмкін) - дене температурасының жоғарылауы - өкпе инфекциясы - бас ауыру - буынның ауыруы, арқаның ауыруы - әлсіздікті сезіну - шаршауды сезіну - қол мен аяқтың ауыруы - диарея, іш қату - ұйқысыздық - шаштың түсуі, қышыну - несеп шығару жолдарының инфекциясы, мұрын қуысы мен жұтқыншақтың шырышты қабығының қабынуы, белдемелі герпес - қан талдау көрсеткіштеріндегі ауытқулар: • анемия (эритроциттердің төмен саны) • лейкоциттердің барлық түрлерінің төмен деңгейі (жиынтықта) • нейтрофилдердің төмен деңгейі (лейкоциттердің түрі) • тромбоциттердің төмен деңгейі (қанның ұюына ықпал ететін қан жасушаларының түрі) - жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциясы (мұрын қуысындағы, жұтқыншақтағы, көмейдегі және мұрынның қосалқы қойнауларындағы инфекция), жөтел Жиі (10-нан кемінде 1 адамда болуы мүмкін) - еріннің герпесі - депрессия, үрей - тұмау - дене салмағының артуы - мұрынның ағуы немесе мұрынның бітелуі - экзема - ауыз қуысының немесе тамақтың ауыруы - кеуде қуысының бұлшықеттері мен сүйектерінің ауыруы - терінің обыры (жалпақ жасушалы обыр, базалиома) - сүйектің ауыруы - тұрақты емес жүрек соғысы (жүрекшелер фибрилляциясы) - несеп шығарудың бұзылуы, несеп ұстамау - жоғары артериялық қысым - ас қорыту бұзылыстары (мысалы, жүрек айнуы), геморрой - қан талдау көрсеткіштеріндегі ауытқуларды анықтау: • лимфоциттердің (лейкоциттердің түрі) төмен деңгейі, нейтрофилдердің (лейкоциттердің түрі) төмен деңгейі аясында жоғары температура • бүйрек функциясының бұзылуына әкелуі мүмкін калий, фосфат немесе несеп қышқылы деңгейінің жоғарылауы (ісік лизисі синдромының бөлігі ретінде) • калий деңгейінің төмендеуі - асқазанда немесе ішекте тесілген жара (асқазан-ішек жолының тесілуі, әсіресе ісік процесі асқазан-ішек жолының ағзаларына әсер ететін жағдайларда) Жиі емес (100-ден кемінде 1 адамда болуы мүмкін) - қан ұюының бұзылуы, соның ішінде бүкіл денеде ұйығыштар пайда болатын ауыр ауру (диссеминацияланған тамырішілік қан ұюы) |
Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары
| Созылмалы лимфолейкоз Сіз Обинутузумаб препаратымен хлорамбуцил препаратымен біріктіріліп ісікке қарсы басқа препаратпен емдеудің 6 циклын аласыз. Әр цикл 28 күнге созылады. Бірінші циклдің 1-ші күнінде 100 миллиграммға (мг) тең Обинутузумаб препаратының бірінші дозасының бөлігі сізге өте баяу жылдамдықпен енгізіледі. Сіздің емдеуші дәрігеріңіз инфузиялық реакциялар дамыған жағдайда сізді мұқият қадағалайтын болады. Бірінші дозаның кішкене бөлігін енгізгеннен кейін инфузиялық реакция болмаған жағдайда, сізге бірінші дозаның қалған бөлігін (900 мг) сол күні енгізуіңіз мүмкін. Егер бірінші дозаның аздаған бөлігін енгізгеннен кейін сізде инфузиялық реакция пайда болса, бірінші дозаның қалған бөлігін 2-ші күні енгізеді. Төменде препаратты қабылдаудың стандартты кестесі берілген. 1-цикл 28 күн ішінде Обинутузумаб препаратының үш дозасын қамтиды: • 1-күн - бірінші дозаның бөлігі (100 мг) • 2-күн немесе 1-күн (инфузияны жалғастыру) - бірінші дозаның қалдығы 900 мг • 8-күн - толық доза (1000 мг) • 15-күн - толық доза (1000 мг) 2, 3, 4, 5 және 6 циклдар 28 күн ішінде Обинутузумаб препаратының бір дозасын ғана қамтиды: • 1-күн - толық доза (1000 мг) Фолликулалық лимфома Сіз Обинутузумаб препаратымен емдеудің 6 немесе 8 циклын ісікке қарсы басқа препараттармен біріктіріп аласыз: әрбір цикл Обинутузумаб препаратымен бір мезгілде қандай ісікке қарсы басқа препараттар тағайындалатынына байланысты 28 немесе 21 күнге созылады. Индукциялық емдеу кезеңінен кейін «демеуші ем» кезеңі жүреді: осы кезеңде сіз Обинутузумаб препаратын ауру өршігенге дейін 2 жылға дейін әр 2 ай сайын аласыз. Бастапқы ем циклдары аяқталғаннан кейін сіздің ауруыңыздың жағдайына байланысты сіздің емдеуші дәрігеріңіз демеу терапиясын тағайындаудың орындылығы туралы шешім қабылдайды. Индукциялық емдеу фазасы 1-цикл құрамында Обинутузумаб препаратының үш дозасы 28 күн немесе 21 күн ішінде Обинутузумаб препаратымен бір уақытта ісікке қарсы басқа қандай препараттар тағайындалатынына байланысты болады: • 1-күн - толық доза (1000 мг) • 8-күн - толық доза (1000 мг) • 15-күн - толық доза (1000 мг) 2-6 немесе 2-8 циклдары Обинутузумаб препаратымен бір мезгілде ісікке қарсы басқа қандай препараттар тағайындалатынына байланысты 28 күн немесе 21 күн ішінде Обинутузумаб препаратының бір ғана дозасын қамтитын болады: • 1-күн - толық доза (1000 мг) Демеуші ем фазасы Толық доза (1000 мг) 2 айда бір рет ауру өршігенге дейін 2 жылға дейін созылады. Әрбір инфузия алдында тағайындалатын препараттар Обинутузумаб препаратының әрбір инфузиясының алдында ықтимал инфузиялық реакцияларды немесе ісік лизисінің синдромын жеңілдетуге көмектесетін дәрілік препараттар тағайындалады. Олар мыналарды қамтуы мүмкін: • ерітінділер • температураны төмендетуге арналған препараттар • ауырсынуды басатын препараттар (анальгетиктер) • қабынуды жеңілдететін препараттар (кортикостероидтар) • аллергиялық реакцияны жоюға арналған препараттар (антигистаминдік препараттар) • ісік лизисінің синдромын болдырмауға арналған препарат (мысалы, аллопуринол) Енгізу әдісі мен жолы Препарат венаға бірнеше сағат бойы тамшылатып (вена ішіне инфузия) енгізіледі. |
Балаларда қолданылуы
| Препараты балаларға немесе 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге тағайындалмайды. Бұл осы жас топтарында оны қолдану туралы ақпараттың болмауына байланысты. |