L01XA03 Оксалиплатин¹ (Oxaliplatin)
Қолдану көрсеткіштері
Біріншілік ісікті радикальді кесуден кейін колоректальді обырдың III сатысында (5-фторурацил және фолин қышқылымен біріктірілген адъювантты терапия), метастаздық колоректальді обыр (5-фторурацил және фолин қышқылымен біріктірілімінде паллиативті терапия).
-
Клинические протоколы:
- Злокачественные новообразования ободочной кишки
- Злокачественные новообразования прямой кишки
- Злокачественное новообразование яичника, фаллопиевой трубы и первичная перитонеальная карцинома
- Рак желудка
- Рак мочевого пузыря
- Рак поджелудочной железы
- Злокачественные неоплазии тела матки
- Максимальная циторедуктивная операция и гипертермическая интраперитонеальная химиотерапия (HIPEC) при перитонеальном карциноматозе
Қарсы көрсеткіштері
Анамнездегі оксалиплатинге және/немесе препараттың кез келген басқа компонентіне жоғары сезімталдық; емдеудің бірінші курсы басталғанға дейінгі миелосупрессия (нейтрофилдердің саны <2 000/мкл және/немесе тромбоциттер; емдеудің бірінші курсы басталғанға дейін функционалдық бұзылулары бар шеткері сенсорлық нейропатия; бүйрек функциясының ауыр бұзылуы (креатинин клиренсі 30 мл/мин кем); жүктілік және бала емізу
Қауіпсіздік шаралары
Оксалиплатин цитоуытты препараттарды қолдануға арналған мамандандырылған бөлімдерде ғана және химиотерапиялық препараттарды стационарлық жағдайларда қолдану тәжірибесі бар онкологтың қадағалауымен қолданылуы тиіс. Инфузия барысында немесе екі сағаттық инфузиядан кейін бірнеше сағат ішінде жедел көмей-жұтқыншақ дизестезиясы дамитын науқастарға оксалиплатиннің келесі инфузиясын алты сағат бойы жүргізу керек.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Сілтілік реакциясы бар препараттармен немесе сілтілік ерітінділермен (атап айтқанда, 5-фторурацилмен, негізді ерітінділермен, трометамолмен және құрамында фолин қышқылы бар және трометамол қосымша зат ретінде болатын препараттармен) біріктірілімі рұқсат етілмейді.Препаратты натрий хлориді ерітіндісінде ерітуге немесе сұйылтуға болмайды.Бір құтыда немесе бір инфузиялық жүйеде басқа препараттармен араластырмау керек.Құрамында алюминий бар к/і енгізуге арналған құралдарды пайдаланбау керек.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйрек функциясының орташа бұзылыстары бар пациенттерде препараттың қауіпсіздігі мен көтере алмаушылығы туралы мәліметтер шектеулі болғандықтан, препаратты қолданар алдында науқас үшін пайда/қауіп қатынасын анықтап алу қажет; бүйрек функциясын қатаң бақылау, ал дозасын уыттылығына сәйкес түзету қажет. Ауыр бүйрек жеткіліксіздігі кезінде қарсы көрсетілген (креатинин клиренсі <30мл/мин).
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауыр функциясы бұзылыстарында сақтықпен қолдану.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген (тератогенді және канцерогенді әсер көрсетеді).
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Цитоуытты дәрілік заттардың жалпы жанама әсерлері: экстравазация, оральді мукозит, ісіктің лизис синдромы, гиперурикемия, жүрек айнуы мен құсу, сүйек кемігін бәсеңдету, таздану, тромбоэмболия.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз. Жағымсыз реакциялар, әсіресе анықтау, мониторинг және емдеу бөлімдері бойынша емдеудің бекітілген ұлттық стандарттарына (хаттамаларға) жүгініңіз.
Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары
Колоректальді обырдың адъювантты емі кезінде ұсынылатын доза 12 цикл (6 ай) ішінде 2 аптада 1 рет вена ішіне 85 мг/м2 құрайды.
Метастаздық колоректальді обыр ауруын емдеу кезінде оксалиплатиннің ұсынылатын дозасы тамыр ішіне 85 мг/м2 құрайды, аурудың өршуіне немесе қолайсыз уыттылық симптомдары пайда болғанға дейін 2 аптада 1 рет.
Дозаны түзету төзімділікті ескере отырып жүргізілуі тиіс.
Балаларда қолданылуы
18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.