L01DC03 Митомицин С (Mitomycin С)
Қолдану көрсеткіштері
Ересектерде монохимиотерапия немесе аралас цитостатикалық химиотерапия ретінде: асқынған колоректальды карциномасы, асқынған асқазан карциномасы, асқынған және/немесе метастаздық сүт безінің карциномасы, асқынған өңеш карциномасы, жатыр мойынының асқынған карциномасы, бронхтың ұсақ жасушалы емес карциномасы, ұйқы безінің асқынған карциномасы, бас пен мойынның асқынған ісінуінде көрсетілген.
Трансуретральды резекциядан кейін қуықтың беткі ісігі бар ересек пациенттерде қайталанудың алдын алу мақсатымен қуық ішіне енгізу үшін көрсетілген
-
Клинические протоколы:
- Рак мочевого пузыря
- Рак желудка
- Рак пищевода
- Рак поджелудочной железы
- Злокачественные новообразования прямой кишки
- Злокачественные новообразования ротоглотки
- Рак молочной железы
- Рак шейки матки
Қарсы көрсеткіштері
Әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық, бала емізу кезеңі. Жүйелі терапияда: панцитопения, оқшауланған лейкопения немесе тромбопения, геморрагиялық диатез және жедел инфекциялар толық қарсы көрсеткіштер болып табылады, өкпе вентиляциясының рестриктивті немесе обструктивті бұзылыстары, бүйрек функциясының бұзылуы, бауыр функциясының бұзылуы және/немесе жалпы денсаулықтың нашарлығы салыстырмалы қарсы көрсеткіштер болып табылады. Радиотерапиямен немесе басқа цитостатиктермен уақытша байланыс қосымша қарсы көрсетілім болуы мүмкін. Интравезиальды терапия:қуық қабырғасының перфорациясы, цистит
Қауіпсіздік шаралары
Митомицинмен емдеу кезінде әйелдер жүкті болмауы керек.
Емдеу кезінде жүктілік болған жағдайда, генетикалық кеңес беру қажет. Репродуктивті әлеуеті бар пациенттер химиотерапия кезінде және химиотерапиядан кейін 6 ай бойы контрацепция шараларын қабылдауы немесе жыныстық шектеулер қолдануы керек.
Митомицин геноуытты. Сондықтан митомицин қабылдайтын ер адамдарға емдеу кезінде және емдеуден кейін 6 ай бойы балалы болу ұсынылмайды, сонымен қатар митомицинмен емдеуден туындаған қайтымсыз бедеулік мүмкіндігіне байланысты терапияны бастамас бұрын шәуеттердің сақталуы туралы кеңес алу керек.
Митомициннің сүйек кемігіне уытты әсеріне байланысты, аддитивті миелосупрессия қаупін барынша азайту үшін миелоуытты терапияның басқа әдістерін (атап айтқанда, басқа цитостатиктер, сәулелену) аса сақтықпен қолдану керек.
Ұзақ мерзімді терапия сүйек кемігінің кумулятивтік уыттылығына әкелуі мүмкін.
Ең айқын көрініс 4-6 аптадан кейін пайда болады, сондықтан дозаны жеке түзетуді жиі қажет етеді.
Жұқпалы аурудың ықтимал пайда болуы немесе өршуі және қан кетуге бейімділік үшін ерекше сақтық қажет.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Сүйек кемігіне уытты әсер ететін басқа емдеу әдістерімен (әсіресе басқа цитоуытты препараттармен, радиотерапиямен) миелоуытты өзара әрекеттесулер мүмкін.
Қабіршөп алкалоидтарымен немесе блеомицинмен біріктіру өкпе уыттылығын арттыруы мүмкін.
Митомицин және 5-фторурацил немесе тамоксифенді бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерде гемолитикалық уремиялық синдромның даму қаупінің жоғарылауы туралы хабарланды.
Пиридоксин гидрохлориді (В6 дәрумені) митомицин әсерінің жоғалуына әкелетіні белгіленді.
Митомицинмен терапия кезінде тірі вакциналармен инъекциялар жүргізілмеуі керек, өйткені бұл тірі вакцинаны жұқтыру қаупінің жоғарылауына әкелуі мүмкін.
Митомицин доксорубициннің кардиоуыттылығын күшейтуі мүмкін
Бүйрек жеткіліксіздігі
ауыр дәрежелі бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде қолдану ұсынылмайды
Бауыр жеткіліксіздігі
Нақты ақпараттар жоқ
Жүктілік
Жүктілік кезеңінде қолдану қарсы көрсетілген
Емізу
Емізу кезеңінде қолдану қарсы көрсетілген
Жағымсыз әсерлері
Жүрек айнуы, құсу, лейкопениямен және, әдетте, басым тромбопениямен жүретін миелосупрессия, гемолитикалық анемия, тромболитикалық микроангиопатия, анемия, өмірге қауіпті инфекция, сепсис, инфекция, ауыр аллергиялық реакция, алдыңғы антрациклиндік терапиядан кейінгі жүрек жеткіліксіздігі, интерстициальді пневмония, диспноэ, жөтел, ентігу, өкпе гипертензиясы, өкпенің венокклюзиялық ауруы, мукозит, стоматит, диарея, анорексия (тәбет жоғалту), бауыр функциясының бұзылуы, трансаминаза деңгейінің жоғарылауы, сарғаю, бауырдың венокклюзиялық ауруы, экзантема, аллергиялық тері бөртпесі, жанаспалы дерматит, алақан-табандық эритема, алопеция, бүйрек дисфункциясы, сарысу креатининінің жоғарылауы, гломерулопатия, нефроуыттылық, гемолитикалық уремиялық синдром (әдетте өліммен аяқталатын), микроангиопатиялық гемолитикалық анемия, гиподермит, тіндердің некрозы, жоғары температуры (қызба), жергілікті экзантема (мысалы, жанаспалы дерматит, оның ішінде алақан-табан эритемасы), қышу, аллергиялық тері бөртпесі, жанаспалы дерматит, алақан-табандық эритема, жалпыланған экзантема , цистит (геморрагиялық болуы мүмкін), дизурия, никтурия, поллакизурия, гематурия, қуық қабырғасының жергілікті тітіркенуі, некроздаушы цистит, аллергиялық (эозинофильді) цистит, несеп шығару жолдарының стенозы, қуық сыйымдылығының төмендеуі, қуық қабырғасының кальцификациясы және қуық қабырғасының фиброзы, қуықтың перфорациясы, қуықтың перфорациясы, айналасындағы аймақта (май) тіндерінің некрозы, қуық фистулалары, абсцесстер.
Қуық ішіне енгізуден кейін өте сирек: жүрек айну, құсу, диарея, лейкоцитопения, тромбоцитопения, өкпенің интерстициалды ауруы, трансаминаза деңгейінің жоғарылауы, алопеция, бүйрек жеткіліксіздігі, жоғары температура
Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары
Вена ішіне және қуық ішіне енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ, 20 мг; Цитостатикалық монохимиотерапияда митомицин әдетте болюсті инъекция түрінде вена ішіне енгізіледі. Ұсынылатын дозалар, қолданылатын терапиялық схемасына байланысты, әр 6-8 апта сайын дене бетінің м2-не шаққанда 10-20 мг, әр 3-4 апта сайын 8-12 мг немесе әр 3-6 апта сайын 5-10 мг құрайды. Біріктірілген терапия кезінде доза әлдеқайда төмен. Аддитивті миелоуыттылық қаупіне байланысты дәлелденген емдеу протоколдарынан нақты себепсіз ауытқымау керек.
Қуық ішіне енгізу: Митомицинді қуық ішіне енгізудің митомициннің қолданылатын дозасымен, инфузия жиілігімен және терапияның ұзақтығымен ерекшеленетін көптеген схемалары бар.
Митомициннің дозасы аптасына бір рет қуық ішіне енгізілетін 40 мг-ді құрайды. Сондай-ақ, әр 2 апта сайын, ай сайын немесе 3 айда инфузия схемаларын қолдануға болады.
Ерітіндіні қуықта кем дегенде 1 сағат ұстау керек. Осы кезеңде пациентті Митоцин қуықтың бүкіл эпителийімен байланыста болуын қамтамасыз ету үшін әр 15 минут сайын бұру керек.