L01BB02 Меркаптопурин¹ (Mercaptopurine)
Қолдану көрсеткіштері
Жедел лимфобластты лейкоз, жедел миелолейкоз, созылмалы миелолейкоз.
-
Клинические протоколы:
- Гистиоцитоз из клеток Лангерганса
- Болезнь Крона
- Язвенный колит
Қарсы көрсеткіштері
Жоғары сезімталдық.
Қауіпсіздік шаралары
Цитостатиктерді қолдануда тәжірибесі бар дәрігерлердің бақылауымен қолдану! Сүйек кемігінің қантүзілімі бәсеңдеуі кезінде; жедел вирусты, зеңдік және бактериялық аурулар кезінде; гиперурикемия, подаграда немесе уратты нефролитиаз кезінде; сахараза/изомальтаза тапшылығы және фруктозаны көтере алмаушылық, глюкозо-галактозды мальабсорбциясы кезінде сақтықпен қолдану. Меркаптопуринге және тиогуанин туындыларына жасушалардың айқаспалы тұрақтылығы болуы мүмкін.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Подаграға қарсы препараттар (пробенецид, сульфинпиразон, колхицин) - нефропатия даму қаупінің жоғарылауы.Винкристин - бір-бірінің уыттылығы мен әсерінің ықпалануы.Аллопуринол, азатиаприн - меркаптопурин метаболизмі жылдамдығының төмендеуі, меркаптопурин дозасын 25% түзету қажет етіледі.Тікелей емес антикоагулянттар - қан кету даму қаупінің жоғарылауы.Сүйек кемігінің қантүзілімін бәсеңдететін препараттар, ко-тримоксазол, цитостатиктер, сәулелік ем - лейкопения және тромбоцитопения айқындылығының күшеюі.Глюкокортикостероидтар, азатиоприн, хлорамбуцил, кортикотропин, циклофосфамид, циклоспорин - екіншілік ісіктер мен инфекциялар даму қаупінің жоғарылауы.Доксорубицин - клиникалық айқын гепатоуытты реакциялар.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Сақтықпен қолдану.
Бауыр жеткіліксіздігі
Сақтықпен қолдану! Гепатоуытты, токсико-аллергиялық генезі бар және жиі ұсынылған дозадан асырған кезде туындайды.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген. Препаратты қолдану кезеңінде жыныстық серіктестерге контрацепцияның сенімді әдістерін қолдану керек.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі: лейкопения, тромбоцитопения, анемия.Жиі: жүрек айнуы, құсу, анорексия, бауырішілік холестаз, бауыр қызметінің бұзылысы.Жиі емес: иммунитет төмендеуі, салдарлы инфекциялардың қосылуы.Сирек: артралгия, тері бөртпесі, дәрілік қызба, алопеция, терінің гиперпигментациясы, ауыз қуысы шырышты қабығының жаралануы, диарея, панкреатит, гепатонекроз, гиперурикемия және ісіктің лизисі әсерінен нефропатия.Өте сирек: беттің ісінуі, ішек шырышты қабығының жаралануы, өтпелі олигоспермия, салдарлы лейкоздардың дамуы және миелодисплазия.
Балаларда қолданылуы
Ішке. Балаларға: ұсынылған доза тәулігіне бір рет немесе бөлінген дозада 2,5 мг/кг немесе 75 мг/м². 2 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.