J07BC02 А гепатитіне қарсы белсенділігі жойылған, тұтас вириондық вакцина (Hepatitis A, inactivated, whole virus)
Қолдану көрсеткіштері
А гепатиті дамуының жоғары қаупі бар адамдарды белсенді иммунизациялау:
- А гепатиті ошағында (соның ішінде отбасылық) тұратын немесе болатын адамдар;
- А гепатиті ауруына шалдығудың деңгейі жоғары аймақтарда тұратын адамдар (эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша).
-
Клинические протоколы:
- Вакцинопрофилактика иммунокомпрометированных пациентов
Қарсы көрсеткіштері
Вакцинаның кез келген компоненттеріне жоғары сезімталдық, вакцинаның алдыңғы енгізілуіне аса жоғары сезімталдық реакциясының дамуы, жедел инфекциялық аурулар.
Қауіпсіздік шаралары
Ешбір жағдайда да вакцинаны вена ішіне енгізуге болмайды!
Иммунизация жүргізгеннен кейін пациент 30 минут бойы медициналық бақылауда болуы тиіс.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Белсенділігі жойылған басқа вакциналармен бір мезгілде қабылдау өзара әрекеттесуге әкелмейді және иммундық жауапқа ықпал етпейді.
Вакцинаны белсенділігі жойылған басқа вакциналармен немесе иммуноглобулиндермен бір мезгілде енгізу қажет болған жағдайда, инъекцияны әртүрлі еккіштерді пайдаланып, әртүрлі орындарға жасаған жөн.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Деректер жоқ
Бауыр жеткіліксіздігі
Деректер жоқ
Жүктілік
Бұл вакцинаны жүктілерде қолдану туралы деректер жоқ, сондықтан жүктілік кезінде аса қажет болған жағдайда ғана тағайындалады.
Емізу
Емізетін аналарға вакцина енгізген кезде емшектегі балаларға әсер етуіне клиникалық зерттеулер жүргізілмеген.
Вакцина бала емізетін әйелдерге тек анық қажет болған жағдайда ғана тағайындайды.
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі:
- ашушаңдық
- бас ауыру
- құсу
- инъекция салған жердегі ауырсыну мен қызару, шаршағыштық
Жиі:
- тәбеттен айрылу, гастроэнтерологиялық симптомдар (диарея, жүрек айну)
- ұйқышылдық
- инъекция орнындағы ісіну, домбығу, қатаю, температураның ≥ 37,5 0С көтерілуі
- дімкәстік
Кейде:
- жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары, ринит
- бас айналу
- бөрту
- миалгия, қаңқа-бұлшықет мускулатурасының сіресуі
- тұмау тәріздес симптомдар
Сирек:
- гипостезия, парастезия
- қышыну
- қалтырау
Өте сирек:
- Гийен-Барре синдромын қоса, невриттер; көлденең миелит
- миалгия, қаңқа-бұлшықет мускулатурасының сіресуі
Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары
Нұсқаулыққа сәйкес қолдану керек!
1 жастан 16 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге бастапқы иммундау үшін вакцинаның бір дозасын (0,5 мл) бір рет енгізеді.
16 жастан асқан ересектер мен жасөспірімдерге алғашқы иммундау үшін вакцинаның бір дозасы (1 мл) беріледі.
Бастапқы вакцинациядан кейін ұзақ мерзімді қорғауды қамтамасыз ету үшін вакцинаның екінші дозасын бірінші дозаны енгізгеннен кейін 6 айдан кейін енгізу ұсынылады.
Ересектер мен егде жастағы балаларға вакцина дельта тәріздес бұлшықетке енгізіледі. Өмірдің алғашқы жылдарында 12 айдан асқан балаларға вакцина жамбастың алдыңғы жағына енгізіледі.
Вакцина бұлшықет ішіне енгізіледі.
Ешқандай жағдайда вакцинаны тамыр ішіне енгізуге болмайды!
Балаларда қолданылуы
12 айдан асқан балаларға алғашқы өмір сүру жылының ішінде вакцинаны санның алдыңғы латеральді аймағына енгізеді.