J06BD01 Паливизумаб (Palivizumab)

Қолдану көрсеткіштері

Респираторлық-синцитиальдік вирус (РСВ) туындатқан, РСВ жұқтыру қаупі жоғары балаларда ауруханаға жатуды қажет ететін, төменгі тыныс алу жолдарының ауыр инфекциясының профилактикасы үшін қолданылады:
• Жүктіліктің 35-аптасында немесе одан ертерек туған, РСВ инфекциясымен аурушаңдықтың көтерілу маусымының басындағы жасы 6 айлықты немесе одан кішіні құраған балаларда.
• Соңғы 6 ай ішінде бронхөкпе дисплазиясына қатысты емдеуді қажет еткен 2 жасқа дейінгі балаларда.
• Жүректің гемодинамикалық тұрғыдан маңызды туа біткен кемістігі бар 2 жасқа дейінгі балаларда.
    Клинические протоколы:
  1. Аллогенная трансплантация гемопоэтических стволовых клеток у детей
  2. Энцефалит у детей и взрослых
  3. Бронхолегочная дисплазия, возникшая в перинатальном периоде

Қарсы көрсеткіштері

Әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне немесе адамның басқа моноклондық антиденелеріне жоғары сезімталдық

Қауіпсіздік шаралары

Препарат дәрігердің нұсқауы бойынша қолданылады. Препаратты қолданар алдында және емдеу кезінде келесі жағдайларда дәрігерге хабарлау керек:
- балада жайсыздықтың болуы, өйткені бұл жағдайда Синагис препаратын қолдануды кейінге қалдыру қажет болуы мүмкін.
- баладағы қанның ұюының бұзылуы, өйткені Синагис әдетте жамбас аймағына енгізіледі.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Паливизумабты балалар инфекциясының профилактикасына арналған вакциналармен, тұмау вакцинасымен, бронхыны кеңейтетін дәрілермен және кортикостероидтармен бір мезгілде қабылдаған шала туған балалардың және бронхөкпе дисплазиясы бар балалардың арасында жағымсыз реакциялар санының қосымша артуы байқалған жоқ.
Моноклонды антиденелердің РСВ-ға қатысты ғана спецификалық болып табылатынымен байланысты, паливизумаб вакцинация кезінде иммунитеттің дамуына кедергі жасамауы тиіс деп болжам жасалады.
Паливизумаб иммунологиялық диагностикалық РСВ-тестілермен, мысалы, антигендердің сандық анықтауға негізделген тестілермен өзара әрекеттесуі мүмкін. Осыған қосымша, паливизумаб жасушалар өсіріндісінде вирустардың репликациясын бәсеңдетеді, сондықтан сынамаға вирус өсіріндісін пайдалана отырып ықпалын тигізуі де мүмкін. Паливизумаб кері транскриптазалы полимеразалы тізбектік реакцияларға негізделетін тестілерге ықпалын тигізбейді. Зертханалық тест-жүйелермен өзара әрекеттесуі РСВ диагностикасының жалған-жағымсыз нәтижелеріне әкелуі мүмкін. Сондықтан клиникалық шешімдерді қабылдағанда диагностикалық тестілер нәтижелерін клиникалық деректерді есепке ала отырып қарастырған жөн.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолдануға шектеу қойылмаған

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолдануға шектеу қойылмаған

Жүктілік

Ересектердегі препараттың тиімділігі, қауіпсіздігі немесе құнарлылыққа, жүктілікке немесе лактацияға әсері туралы зерттеулер жүргізілген жоқ.

Емізу

Ересектердегі препараттың тиімділігі, қауіпсіздігі немесе құнарлылыққа, жүктілікке немесе лактацияға әсері туралы зерттеулер жүргізілген жоқ.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі:
- бөртпе
- безгек
Жиі:
- апноэ
- инъекция орнындағы реакциялар
Жиі емес:
- тромбоцитопения
- құрысулар
- есекжем
Белгісіз:
- анафилаксия, анафилактикалық шок (кейбір жағдайларда өлім туралы хабарланған)

Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары

Паливизумабтың ұсынылатын дозасы көпшілікте РСВ аурушаңдық қаупінің болжамды кезеңдері ішінде 1 ай аралықпен дене салмағының әр кг шаққанда 15 мг құрайды.
Бір ай аралықпен енгізу үшін // паливизумабтың // көлемі (мл-мен белгіленген) = 0,15-ке көбейтілген [пациенттің кг дене салмағы].
Алғашқы инъекцияны, мүмкіндігінше, РСВ аурушаңдық маусымы басталғанға дейін жүргізген жөн.

Балаларда қолданылуы

РСВ инфекциясымен ауруханаға жатқан, паливизумаб қабылдап жүрген балаларда қайтадан ауруханаға жату қаупін төмендету үшін РСИ маусымының ішінде паливизумабтың ай сайынғы дозаларын қабылдауды жалғастыру ұсынылады.
Жүрегі шунтталған балаларға қан сарысуындағы препараттың қажетті концентрациясын сақтау үшін операциядан кейін тұрақты күйге жеткізуде бірден дене салмағының әр кг шаққанда 15 мг доза паливизумаб инъекциясын енгізу ұсынылады. Кейінгі дозалар РСВ инфекциясының жоғары қаупіне ұшырауы жалғасқан балаларда РСВ аурушаңдықтың көтерілуінің қалған бөлігі ішінде ай сайын енгізілуі тиіс.