J06BA01 Иммуноглобулин (қантамырынан тыс енгізуге арналған)¹ (Immunoglobulin normal human, for extravascular administration)

Қолдану көрсеткіштері

А гепатитінің, қызылшаның, көкжөтелдің, менингококктық инфекцияның, полиомиелиттің, тұмаудың алдын алу үшін, гипо-және агаммаглобулинемияны емдеу, инфекциялық аурулардың реконвалесценция кезеңіңде ағзаның резистенттілігін жоғарылату.Клиникалық хаттама:   1. Бас миы ақ затының аурулары
    Клинические протоколы:
  1. Заболевания белого вещества головного мозга

Қарсы көрсеткіштері

Белсенді затқа немесе қосымша заттардың қандай да біріне жоғары сезімталдық; анамнезінде адам қанының препараттарын енгізуге ауыр аллергиялық реакциялар; гомологиялық иммуноглобулиндерге жоғары сезімталдық, әсіресе IgA тапшылығы және IgA-ға антиденелер болған жағдайларда; гиперпролинемия.

Қауіпсіздік шаралары

Аллергиялық аурулар (бронх демікпесі, атопиялық дерматит, есекжем).

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Препаратты басқа препараттармен араластырмай, жеке инъекция түрінде енгізген жағдайда, басқа дәрілік заттармен кешенді емде қолдануға болады. Иммуноглобулиндерді енгізу тірі вакциналардың тиімділігіне теріс әсер етуі мүмкін. Сондықтан иммуноглобулинді енгізгеннен кейін тірі вакциналармен егуді кем дегенде 3 айдан кейін жүргізеді.

Жүктілік

Жүктілік кезеңінде қарсы көрсетілмеген, әйтсе де қатаң көрсетілімдері бойынша қолданылады.

Емізу

Лактация кезеңінде қарсы көрсетілмеген, әйтсе де қатаң көрсетілімдері бойынша қолданылады.

Жағымсыз әсерлері

Жиі емес: бас ауыруы, қызба, қалтырау, құсу, жүрек айнуы, артралгия, бел ауыруы, артериялық қысымның төмендеуі.Сирек: инъекция орнындағы гиперемия, инъекция орнының ауыруы.Өте сирек: препаратты енгізгеннен кейін алғашқы тәулік ішінде температураның 37,5 ºС дейін жоғарылауы, әр түрлі типтегі аллергиялық реакциялар, анафилактикалық шок, осыған байланысты препарат енгізілген тұлғалар, оны енгізгеннен кейін 30 минут ішінде медициналық бақылауда болуы керек.

Балаларда қолданылуы

Балаларға. Енгізу жолы және дозасы, енгізудің жиілігі ересектерге сияқты таңдап алынады. Дозалау режимі мен дозаны түзету мақсатында адамның қалыпты иммуноглобулиндерінің тұрақты деңгейін анықтау қажет. IgG тұрақты деңгейіне қол жеткізгеннен кейін әр айда жинақталған доза 0,4-0,8 г/кг жеткенше аптасына 80-нен 100 мг/кг дейін демеуші доза енгізіледі.