J05AR19 Эмтрицитабин, тенофовир алафенамид және рилпивирин (Emtricitabine, tenofovir alafenamide and rilpivirine)

Қолдану көрсеткіштері

Кері транскриптазаның нуклеозидтік емес тежегіштері (КТНЕТ) класына, тенофовирге немесе эмтрицитабинге төзімділікпен байланысты мутациялардың болуынсыз,  АИТВ-1 РНҚ ≤100 000 көшірме/мл вирустық жүктемесімен ересек пациенттер мен жасөспірімдердегі (12 жас шамасындағы және одан үлкен, дене салмағы 35 кг кем емес) адамдағы 1 типті иммун тапшылығы вирусын (АИТВ-1) емдеу үшін қолданылады.
    Клинические протоколы:
  1. ВИЧ-инфекция у взрослых

Қарсы көрсеткіштері

Белсенді затқа немесе кез келген қосымша затқа  аса жоғарғы сезімталдық.

Қауіпсіздік шаралары

 • Емдеуден тек антиретровирустық емге бейілділігі жақсы деп шамаланған жасөспірімдер ғана өтуі тиіс, өйткені, аса оңтайлы бейілділік төзімділіктің дамуына және емдеудің ары қарайғы нұсқаларының жоғалтылуына алып келуі мүмкін.    • «Пируэт» типті полиморфты қарыншалық тахикардияны туғызуға қабілетті препараттармен бірге сақ болып қолдану керек. • Созылмалы B немесе C гепатиті бар, антиретровирустық ем қабылдап жүрген  пациенттерде, бауыр функциясының бұзылуымен байланысты ауыр және өлімге соқтыруы ықтимал жағымсыз реакциялардың даму қаупі жоғарылағаны байқалады. • Препарат тоқтатылған пациенттердің клиникалық және зертханалық көрсеткіштерін емдеуді тоқтатқаннан кейін кемінде бірнеше ай бойы мұқият бақылау керек.  • Салмақ және қандағы липидтер мен глюкоза деңгейі антиретровирустық ем кезінде жоғарылай түсуі мүмкін.  • Біріктірілген антиретровирустық ем басталған кезде ауыр иммун тапшылығымен АИТВ инфекциясы бар пациенттерде симптомсыз немесе қалдықтық оппортунистік агенттерге  қабынумен жүретін жауап дамуы және елеулі клиникалық жағдайларды немесе симптомдарының өршуін туғызуы мүмкін.  • Пациенттерге  буындардың сырқырауы немесе ауыруы, буындардың құрысуы немесе қимыл-қозғалыстың қиындауы пайда болған жағдайда дәрігердің кеңесіне жүгінуді ұсыну керек. • Препаратты қабылдау кезінде контрацепцияның тиімді құралдары қолданылуы тиіс.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

• карбамазепин, окскарбазепин, фенобарбитал, фенитоин; рифабутин, рифампицин, рифапентин; омепразол, эзомепразол, декслансопразол, лансопразол, пантопразол, рабепразол; дексаметазон (пероральді және парентеральді дозалары), бір реттік дозасынан басқасын;  шайқурай -қан плазмасындағы концентрациясының елеулі төмендеуі препараттың емдік әсерінің жоғалтылуына алып келуі ықтимал; бірге қабылдау қарсы көрсетілген.• Басқа антиретровирустық препараттар - бір мезгілде қолдануға арналмаған.• Бүйрек қызметін төмендететін дәрілер - препараттың концентрациясын жоғарылатады.Препарат немесе оның жекелеген компоненттері мен үйлестірілген препараттар арасындағы өзара әрекеттесулер қолдану нұсқасында көретілген

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек жеткіліксіздігінің терминалды сатысы (CrCl < 15 мл/мин) бар, ұзаққа созылатын гемодиализ жүргізіліп жүрген ересек пациенттерде сақтықпен қолдану керек, егер ықтимал артықшылықтар ықтимал тәуекелдерден асып түсетін болса.Емдеу кезінде пациенттерде есептеп шығарылған креатинин клиренсі 30 мл /минуттан төмендегенде тоқтату керек. Есептеп шығарылған CrCl ≥ 15 мл/мин және CrCl < 30  мл/мин немесе CrCl < 15 мл/мин, ұзаққа созылатын гемодиализ жүргізілмейтін пациенттерге тағайындамау керек

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр функциясының ауырлығы  орташа дәрежедегі бұзылуы бар пациенттерде сақтықпен тағайындау керек. Бауыр функциясының ауыр дәрежедегі бұзылы ында (Чайлд-Пью бойынша С класы) қолдану ұсынылмайды.

Жүктілік

Ұсынылмайды.

Емізу

Ұсынылмайды.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: жалпы холестерин деңгейінің жоғарылауы (ашқарында),  ТТЛП холестерині деңгейінің жоғарылауы (ашқарында); ұйқысыздық; бас ауыруы, бас айналуы; жүрек айнуы, панкреатиндік амилаза деңгейінің жоғарылауы; трансаминазалар (АСТ және/немесе АЛТ) деңгейінің жоғарылауы. Жиі: лейкоциттер санының азаюы, гемоглобин деңгейінің төмендеуі, тромбоциттер санының азаюы; тәбеттің нашарлауы, триглицеридтер деңгейінің жоғарылауы (ашқарында); депрессия, патологиялық түстер көру, ұйқының бұзылуы, жабырқау көңіл-күй; ұйқышылдық; іш ауыруы, құсу, липаза деңгейінің жоғарылауы, іш тұсындағы жайсыздық, ауыздың құрғауы, метеоризм, диарея; билирубин деңгейінің жоғарылауы; бөртпе; шаршау. Жиі емес: анемия; иммундық реактивация синдромы; диспепсия; терідегі жүйелі симптомдарымен жүретін ауыр реакциялар,   ангионевроздық ісіну, қышыну, есекжем; артралгия.

Балаларда қолданылуы

Ішке. 12 жастан асқан балалар мен жасөспірімдер, дене салмағы 35 кг кем емес -  200 мг / 25 мг / 25 мг (эмтрицитабин / тенофовир алафенамид / рилпивирин) тәулігіне бір рет тамақтану кезінде. 12 жасқа дейінгі немесе салмағы 35 кг-нан кем балаларда қауіпсіздік пен тиімділік анықталмаған.