J04AB01 Циклосерин¹ (Cycloserine)
Қолдану көрсеткіштері
Микроорганизмдер осы препаратқа сезімтал болған жағдайда және негізгі дәрілік препараттардың (стрептомицин, изониазид, рифампицин және этамбутол) талапқа сай дозаларымен емдеудің тиімсіздігінен кейін өкпе туберкулезінің мультирезистентті түрлерінде, өкпеден тыс туберкулезде (бүйрек ауруларын қоса). Препаратты монотерапия ретінде емес, оны басқа химиотерапиялық дәрілермен біріктіріп пайдаланған жөн. Атипиялық бактериялық инфекцияларда (оның ішінде Mycobacterium avium туындатқан).
-
Клинические протоколы:
- Туберкулез центральной нервной системы с множественной лекарственной устойчивостью у взрослых
- Туберкулез центральной нервной системы с широкой лекарственной устойчивостью у взрослых
- Туберкулез центральной нервной системы у детей с широкой лекарственной устойчивостью
- Внелегочный туберкулез с множественной лекарственной устойчивостью
- Внелегочный туберкулез с широкой лекарственной устойчивостью
- Туберкулез органов дыхания с множественной лекарственной устойчивостью у взрослых
- Туберкулез органов дыхания с множественной лекарственной устойчивостью у детей
- Туберкулез органов дыхания с широкой лекарственной устойчивостью у взрослых
- Туберкулез органов дыхания с широкой лекарственной устойчивостью у детей
- Туберкулез центральной нервной системы у детей с множественной лекарственной устойчивостью
Қарсы көрсеткіштері
Циклосеринге және препараттың қосымша компоненттеріне жоғары сезімталдық, эпилепсия, құрысу ұстамалары (сонымен қатар анамнезінде), депрессия, айқын қозу немесе психоз жағдайы, жүрек жеткіліксіздігі, ішімдікке салыну.
Қауіпсіздік шаралары
Препаратты қатаң дәрігердің тағайындауы бойынша қабылдайды. Препаратты қабылдау кезінде гематологиялық көрсеткіштерді, бүйректің шығару қызметін, препараттың қандағы деңгейін және бауыр қызметінің жағдайын бақылау керек. Уланудың симптомдары мен белгілері болжамды түрде анықталатын, 500 мг астам тәуліктік дозада қабылдайтын, бүйрек қызметі төмендеген пациенттерді емдеу кезінде қандағы препарат деңгейін кемінде аптасына бір рет бақылау керек. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Амфотерицин, капреомицин, кейбір цефалоспориндер, циклоспорин, колистин, ілмектік диуретиктер (фуросемид), этакрин қышқылы, ванкомицин және басқа да нефроуытты немесе отоуытты препараттар - нефроуыттылық және/немесе отоуыттылық қаупінің жоғарылауы.Суксаметоний, поляризацияланбайтын миорелаксанттар (мысалы, атракурий) - жүйке-бұлшықеттік блокаданың ұзаруы. Неостигмин, пиридостигмин - аминогликозидтердің антагонистері.Бисфосфонаттар - гипокальциемия даму қаупінің жоғарылауы.Дигоксин - концентрациясы аминогликозидтер әсерімен ұлғаюы мүмкін (сирек хабарламалар).Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Ауыр бүйрек жеткіліксіздігі кезінде қарсы көрсетілген.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі: құрысулар, ұйқышылдық, ұйқысыздық, қорқынышты түстер көру, естен тану, бас ауыруы, тремор, дизартрия, бас айналуы, ойдың шатасуы және жадының жоғалуымен қатар бағдардың бұзылуы, үрейлілік, шеткергі неврит, өзіне-өзі қол салуы мүмкін психоздар, мінез-құлықтың өзгеруі, эйфория, депрессия, жоғары тітіркенгіштік, озбырлық, парез, гиперрефлексия, парестезия, клоникалық құрысулардың үлкен және кіші ұстамалары және кома, жүрек айнуы, қыжыл, диарея.Жиі: аллергиялық реакциялар: қышыну, тері бөртпесі.Өте сирек: мегалобластты, сидеробластты анемия және сарысуда аминотрансферазалардың жоғарылауы, әсіресе бұрын бауыр аурулары болған егде жастағы науқастарда, тәулігіне циклосеринді 1 г-нан 1,5 г дейін қабылдайтын науқастарда іркілісті жүрек жеткіліксіздігінің күрт дамуы, қызба, жөтелдің күшеюі. Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
18 жасқа дейінгі балаларда тиімділігі мен қауіпсіздігі бойынша деректер жеткіліксіздігіне байланысты қарсы көрсетілген.