J01XA01 Ванкомицин¹ (Vancomycin)

Қолдану көрсеткіштері

Мультирезистентті стафилококктарды қоса, аэробты және анаэробты грамоң бактериялардан туындаған инфекциялар. Перитонеальді диализбен байланысты перитонит емі; эндокардит және грамоң кокктардан туындаған басқа да ауыр инфекцияларды емдеу (парентеральді); Clostridium difficile туындаған инфекцияларды емдеу; MRSA жоғары қаупі кезінде хирургиялық алдын алу.

Қарсы көрсеткіштері

Ванкомицинге жоғары сезімталдық, есту жүйкесінің невриті.

Қауіпсіздік шаралары

Жүйелік инфекциялар кезінде пероральді қолданбау, себебі керекті концентрацияға жетпейді. Естуі әлсіреген пациенттерде, анамнезінде аллергиясы бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек. Препаратты жылдам енгізу (мысалы, бірнеше минут аралығында) жүректің тоқтауына дейін алып келетін, артериялық қысымның айқын төмендеуімен жүреді. Тромбофлебиттердің жиілігі мен ауырлығы дұрыс сұйылту және препаратты енгізу орнын алмастыру арқылы төмендетіледі. Ұзақ уақыт қолданған кезде препараттың отоуыттылығына және перифериялық қан көрсеткіштеріне байланысты аудиограмма қажет. Автокөлік немесе қозғалыстағы механизмдерді басқарудан бас тарту керек.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Амфотерицин, циклоспорин, кейбір цефалоспориндер, такролимус және нефроуытты әсері бар басқа препараттар - нефроуыттылық дамуының жоғары қаупі.Аминогликозидтер (мысалы, гентамицин), цисплатин, колистин - нефроуыттылық және отоуыттылықтың жоғары қаупі.Ілмекті диуретиктер (мысалы, фуросемид) - отоуытты әсерінің жоғары қаупі.Жалпы анестетиктер - жоғары сезімталдық реакциялары.Суксаметоний – жүйке-бұлшықет блокадасының ұзаруы.Ескерту: мұнда кейбір маңызды дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Өзара әрекеттесуі туралы ұсыныстар және қосымша ақпарат алу үшін дәрілік заттардың өзара әрекеттесулері туралы ақпарат көздеріне немесе дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Нефроуытты. Сақтықпен қолдану, бүйрек қызметіне тұрақты мониторинг жүргізу қажет. Креатинин клиренсі көрсеткішіне байланысты дозасын түзету, креатинин клиренсі 80 мл/мин төмен болғанда дозасын төмендету. Айқын бұзылыстарында - ҚАРСЫ КӨРСЕТІЛГЕН! 60 жастан асқан пациенттерде бүйрек жеткіліксіздігі кезінде қан сарысуындағы ванкомицин концентрациясын анықтау керек.

Жүктілік

Жүктіліктің бірінші триместрінде қарсы көрсетілген. Жүктіліктің екінші және үшінде триместрлерінде тек "өмірлік көрсетілімдер бойынша" қолданылуы мүмкін.

Емізу

Ана сүтіне енеді. Емдеу кезінде бала емізуді тоқтату керек.

Жағымсыз әсерлері

ЖҚЖ тарапынан бұзылыстар: артериялық қысымның бұзылысы, жүрек тоқтауы.Тынысалу жүйесі тарапынан бұзылыстар: диспное, стридор.Аллергиялық реакциялар терілік бөртпелерден Стивенс-Джонсон және Лайелл синдромдарына дейін.Бүйрек қызметі бұзылыстары: креатинин, азот және мочевина деңгейінің артуы, интерстициальді нефррит, жедел бүйрек жеткіліксіздігі.Қан көрсеткіштерінің өзгерістері: тромбоцитопения, нейтропения, агранулоцитоз, эозинофилия, лейкопения.ОЖЖ тарапынан бұзылыстар: құлақтағы шуыл, естуді уақытша немесе тұрақты жоғалту, бас айналуы.АІЖ бұзылыстары: жүрек айнуы, құсу, диарея.Басқа: қызба, қалтырау, кеуде және бел бұлшықеттерінің ауыруы.Жергілікті реакциялар: к/і енгізу кезінде – флебит/тромбофлебит, дененің жоғары бөлігінің және беттің қызаруы, енгізу орны тінінің некрозы.

Балаларда қолданылуы

Көктамырішілік инфузиялар, кем дегенде 60 минут аралықта 10 мг/мин жоғары емес жылдамдықпен енгізу.7 күнге дейінгі жаңадан туылған балалар: бастапқы доза 15 мг/кг, кейін - 10 мг/кг әр 12 сағатта; өмірінің екінші аптасынан бастап жаңадан туылған балалар: 10 мг/кг әр 8 сағатта; 1 айдан және одан асқан балалар: 10 мг/кг әр 6 сағатта.Ішке, дозаны 30 мл суда ерітеді және ішуге береді немесе зонд арқылы енгізеді, антибиотиктерді қолдану салдарынан Сlostridium difficile-ден туындаған жалған жарғақшалы колитте, сондай-ақ стафилококктік энтероколитті емдеу: балаларға: 40 мг/кг, 3-4 қабылдауға бөлінген, жоғары тәуліктік доза – 2 г.Назар аударыңыз! Емізулі және шала туылған балаларда қолдануда қан плазмасындағы препарат концентрациясын бақылау керек. .