J01DC02 Цефуроксим¹ (Cefuroxime)

Қолдану көрсеткіштері

Екінші буынды цефалоспорин: грам-оң және грам-теріс бактериялардан туындаған инфекциялар, гемофильді таяқшалар қатынасында белсендірек (сүйек және буындардың, ОЖЖ, тері мен жұмсақ тіндердің, тыныс алу және несеп шығару (гонореяны қоса) жолдарының инфекциялары); Лайм ауруы; хирургиялық алдын алу.

Қарсы көрсеткіштері

Препаратқа аса жоғары сезімталдық (сонымен қатар басқа β-лактамдарға), қан кету, анамнезінде асқазан-ішек жолдарының аурулары (соның ішінде спецификалық емес ойық жаралы колит).

Қауіпсіздік шаралары

Анамнезінде аллергиялық реакциялары бар пациенттерге сақтықпен тағайындау. Балалардағы менингитті емдеуде ауырлық деңгейі орта және жеңіл естудің төмендеуі байқалған. Диарея кезінде қабылдауды тоқтату. Көлік құралын және қозғалыстағы механизмдерді басқару кезінде сақ болу.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Пробенецид - көптеген цефалоспориндердің шығарылуын төмендетеді.Бактериостатикалық антибиотиктер (тетрациклиндер, хлорамфеникол) - антагонистік әсер.                             Варфарин және басқа антикоагулянттар - антикоагулянтты әсерлердің жоғарылауы және қан кету дамуы мүмкін.           Алкоголь - дисульфирам реакциясы түрінде уыттану дамуы мүмкін.Аминогликозидтер - нефроуыттылықтың жоғары қаупі.                            Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Дозасын креатинин клиренсі мәніне байланысты түзету.

Жүктілік

Қолданбау (натрий цефуроксимі үшін), жүктіліктің бірінші триместрінде сақтықпен қолдану (цефуроксим аксетилі үшін).                                            Қолданбау.

Емізу

Қолданбау (натрий цефуроксимі үшін), ана сүтіне енеді, сақтықпен қолдану (цефуроксим аксетилі үшін).       Аз мөлшерде ана сүтіне енеді, қолданылуы мүмкін.

Жағымсыз әсерлері

Кандидоздар; жалған жарғақшалы колитке дейінгі АІЖ тарапынан бұзылыстар. ОЖЖ тарапынан бұзылыстар (бас ауыруы, бас айналуы, құрысулар, ұйқышылдық, естудің төмендеуі); қан көрсеткіштерінің зертханалық өзгерістері (эозинофилия, бауырлық трансаминазалардың жоғарылауы, Кумбстың оң реакциясы, тромбоцитопения, гипопротромбинемия, протромбиндік уақыттың ұзаруы, лейкопения (кейде айқын), гемолитикалық анемия); тері бөртпелерінен Стивенс-Джонсон синдромына дейінгі аллергиялық реакциялар, гепатобилиарлы бұзылыстар (холестатикалық сарғаю, гепатит); бүйрек қызметінің бұзылуы; суперинфекция. Жергілікті реакциялар: б/і енгізгенде - енгізген орында ауыру және инфильтрат; к/і енгізгенде - флебит, тромбофлебит.        Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

Балалар. > 40 кг балалар. Жедел тонзиллит және фарингит, жедел бактериялық синусит: күніне екі рет 250 мг. Жедел орталық отит: күніне екі рет 500 мг. Созылмалы бронхиттің асқынуы: күніне екі рет 500 мг. Цистит: күніне екі рет 250 мг. Пиелонефрит: күніне екі рет 250 мг. Тері мен жұмсақ тіндердің асқынбаған инфекциялары: күніне екі рет 250 мг. Ерте сатыдағы Лайм ауруын емдеу: 14 күн бойы күніне екі рет 500 мг (он күннен жиырма күнге дейін). < 40 кг балалар. Жедел тонзиллит және фарингит, жедел бактериялық синусит: 10 мг/кг күніне екі рет ең жоғары 125 мг күніне екі рет. 2 жастан бастап және одан асқан балалар: жедел орталық отитпен немесе ауырлау инфекциялар кезінде: күніне екі рет 15 мг/кг, ең жоғары күніне екі рет 250 мг. Созылмалы бронхиттің асқынуы: күніне екі рет 15 мг/кг, ең жоғары күніне екі рет 250 мг. Цистит: күніне екі рет 15 мг/кг, ең жоғары күніне екі рет 250 мг. Пиелонефрит: 15 мг/кг күніне екі рет, 14 күн бойы ең жоғары 250 мг күніне екі рет (он күннен жиырма күнге дейін). Тері мен жұмсақ тіндердің асқынбаған инфекциялары: күніне екі рет 15 мг/кг, ең жоғары 250 мг күніне екі рет.                                                                            Грам-оң және грам-теріс бактериялардан туындаған инфекциялар: Ішке, 3 айдан 1 жасқа дейінгі балалар: күніне екі рет 10 мг/кг (ең жоғары 125 мг дозада). 2-11 жастағы балалар: күніне екі рет 15 мг/кг (ең жоғары 250 мг дозада). 12-17 жастағы балалар: күніне екі рет 250 мг, төменгі тыныс алу жолдарының ауыр инфекциялары кезінде немесе пневмонияға күдіктенгенде дозасын арттыруға болады. Көктамыр ішіне инфузия немесе көктамыр ішіне инъекция жолымен. 7 күнге дейінгі жаңадан туылған сәбилер: әрбір 12 сағат сайын 25 мг/кг, ауыр инфекциялар кезінде әрбір 12 сағат сайын қажеттілігіне қарай 50 мг/кг дейін арттырылады. 7 күннен 20 күнге дейінгі жаңадан туылған сәбилер: әрбір 8 сағат сайын 25 мг/кг, қажет болған жағдайда әрбір 8 сағат сайын 50 мг/кг дейін дозасын арттырады, ауыр инфекциялар кезінде қолданылатын дозасын арттырады. 21 күннен 28 күнге дейінгі жаңадан туылған сәбилер: әрбір 6 сағат сайын 25 мг/кг, қажет болған жағдайда әрбір 6 сағат сайын 50 мг/кг дейін дозасын арттырады, ауыр инфекциялар кезінде қолданылатын дозасын арттырады. Көктамыр ішіне инфузия жолымен немесе көктамыр ішіне, немесе бұлшықет ішіне, әрбір 8 сағат сайын 20 мг/кг (ең жоғары доза 750 мг); әрбір 6-8 сағат сайын 50-60 мг/кг (ең жоғары доза 1,5 г) дейін арттырады, ұлғайтылған дозаны ауыр инфекциялар және муковисцидоз кезінде қолданады. Лайм ауруы: Ішке, 3 айдан бастап 11 жасқа дейінгі балалар: 14-21 күн бойы (Лайм-артритте 28 күн) күніне екі рет 15 мг/кг (ең жоғары доза 500 мг). 12 жастан 17 жасқа дейінгі балалар: 14-21 күн (Лайм-артритте 28 күн) күніне екі рет 500 мг. Төменгі несеп жолдары инфекциялары. Ішке, 12 жастан 17 жасқа дейінгі балалар: күніне екі рет 125 мг. Хирургиялық алдын алу: Бастапқыда көктамыр ішіне, 50 мг/кг (ең жоғары доза 1,5 г), емшараға 30 минут бұрын, кейін (көктамыр ішіне немесе бұлшықет ішіне) егер 3 дозаға дейін қажет болса (қауіпті емшаралар үшін) әрбір 8 сағат сайын 30 мг/кг дозада (ең жоғары доза 750 мг).Препаратты тағайындауда және дозасын таңдағанда емдеудің ұлттық стандарттарына, арнайы емдеу мекемелерінің емдеу хаттамаларына, сонымен қатар қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.