G04CB01 Финастерид (Finasteride)
Қолдану көрсеткіштері
Қуықасты
безінің қатерсіз гиперплазиясын (ҚБҚГ) емдеуде және бақылауда - қуықасты безінің өлшемдерін кішірейту; несептің ағу жылдамдығын жақсарту және гиперплазиямен байланысты симптомдарды азайту үшін; - несептің жедел іркілуінің туындау қаупін және сонымен байланысты хирургиялық араласым ықтималдылығын азайту үшін. Тек қуықасты безінің гипертрофиясы бар пациенттерге тағайындалуы тиіс. |
-
Клинические протоколы:
- Доброкачественная гиперплазия предстательной железы
Қарсы көрсеткіштері
-
Белсенді заттарына немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары
сезімталдық; Көрсетілімдеріне сәйкес, препарат тек ерлерде қолдануға арналған. |
Қауіпсіздік шаралары
Обструкциялық
асқынулардың ықтималдылығына байланысты, қалдықтық несеп мөлшері елеулі
және/немесе несептің ағып шығуы төмендеген пациенттер мұқият қадағалауда
болуы тиіс. Хирургиялық араласым жүргізу мүмкіндігі қарастырылуы тиіс. ПСА-ға және қуықасты безінің обырын анықтауға әсері Қуықасты безінің обыры бар пациенттерде емдеу аясында әлі күнге дейін клиникалық жақсару тіркелмеген. ҚБҚГ бар және простат-спецификалық антиген (ПСА) деңгейлері жоғары пациенттер, ПСА деңгейі қайталап анықталатын, қуықасты безінің биоптаттарын зерттеу жүргізумен бақыланатын клиникалық зерттеулерде қадағалауда болды. Ем қабылдап жүрген пациенттерде ПСА деңгейлері төмендейтінін ескеру керек. Қуықасты безі обырының бар-жоқтығын анықтау үшін дәрігерлер Финастеридпен емдеуді бастар алдында және содан соң мезгіл-мезгіл басқа зерттеулермен бірге per rectum зерттеу жүргізуді ұсынады. Қуықасты безінің обырын анықтау үшін сарысудағы ПСА да пайдаланылады. Жалпы алғанда, ПСА > 10 нг/мл концентрациясы (Hybritech) қосымша тексеруді және биопсия жүргізу мәселесін шешуді қажет етеді; ПСА 4 - 10 нг/мл концентрациялары жағдайында қосымша тексеру ұсынылады. Ерлерде қуықасты безі обырының болуына немесе болмауына байланыссыз, ПСА концентрациясының елеулі вариациялары байқалуы мүмкін. Осыған байланысты, ҚБҚГ бар, ПСА концентрациялары Финастеридпен емдеуге байланыссыз қалыпты шектердегі ерлерде қуықасты безінің обырын жоққа шығаруға болмайды. ПСА < 4 нг/мл концентрациясы қуықасты безі обырының болуын жоққа шығармайды. Финастерид ҚБҚГ бар пациенттерде тіпті, қуықасты безінің обыры болған жағдайда да, плазмадағы ПСА концентрацияларының шамамен 50%-ға төмендеуіне алып келеді. ҚБҚГ бар пациенттерде финастеридпен емдеу аясында сарысудағы ПСА концентрациясының мұндай төмендеуі ПСА бойынша деректерді бағалау кезінде ескерілуі тиіс; ол қатарлас қуықасты безі обырын жоққа шығармайды. Ондай төмендеуін, пациенттер арасында ПСА концентрацияларының әр түрлі болуы мүмкіндігіне қарамастан, олардың барлық аралықтары шегінде күтуге болады. Мұндай іріктеу кезінде ПСА анықтаудың сезімталдығы мен спецификалылығы сақталады, және қуықасты безінің обырын анықтау мүмкіндігін сақтайды. Финастерид 5 мг препаратымен ем қабылдаған пациенттерде ПСА концентрациясының кез келген сақталған жоғарылауы, пациенттің емді сақтамауы мүмкіндігін ескере отырып мұқият бағалануы тиіс. Финастерид бос ПСА концентрациясын айқын төмендетпейді (бос ПСА жалпысына арақатынасы). Бос ПСА жалпысына арақатынасы тіпті Финастерид 5 мг әсері кезінде де тұрақты күйінде қалады. Егер бос ПСА мәні қуықасты безінің обырын анықтау кезіндегі мақсат ретінде қолданылса, оның мәнін түзету міндетті емес. Қосымша заттар Препараттың құрамында лактоза бар. Галактоза жақпаушылығы, туа біткен лактаза жеткіліксіздігі, және/немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы түріндегі сирек тұқым қуалайтын қиындықтары бар пациенттер бұл препаратты қолданбауы тиіс. Ерлердегі кеуде безінің обыры Клиникалық сынақтардан және маркетингтен кейінгі зерттеулерден, 5 мг финастеридті қабылдаған ерлердегі кеуде бездерінің обыры жағдайлары туралы деректер алынған. Пациенттер келесі симптомдар: кеудедегі тығызданулар, ауыруы, гинекомастия және үрпілерден бөліністер пайда болған жағдайда шұғыл түрде дәрігерге жүгіну жөнінде хабардар болуы тиіс. |
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Финастеридтің пропранолол, дигоксин, глибурид, варфарин, теофиллин және антипиринмен клиникалық маңызды өзара әрекеттесуі табылған жоқ. Финастеридті АӨФ тежегіштерімен, альфа-адреноблокаторлармен, бета-адреноблокаторлармен, кальций арналарының блокаторларымен, нитраттармен, диуретиктермен, гистаминдік H2-рецепторлардың блокаторларымен, ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерімен, ҚҚСП, хинолондармен және бензодиазепиндермен бір мезгілде қолданғанда клиникалық маңызды дәрілік өзара әрекеттесу байқалмайды. |
Бүйрек жеткіліксіздігі
Деректер жоқ |
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауыр жеткіліксіздігінің финастерид фармакокинетикасына ықпалы зерттелмеген. |
Жүктілік
Терапия жүкті әйелдерге қарсы және әйелдерде қолдануға көрсетілмеген. Жануарларға жүргізілген зерттеулерге және әсер ету механизміне сәйкес, препарат жүкті әйелге енгізген кезде еркек ұрықта сыртқы жыныс мүшелерінің қалыптан тыс дамуына әкелуі мүмкін. |
Емізу
Қолданылмайды |
Жағымсыз әсерлері
Жиі - либидоның төмендеуі - импотенция - эякулят көлемінің азаюы Жиі емес - бөртпе -эякуляцияның бұзылуы, емшек бездерінің ауырсынуы және ұлғаюы Белгісіз аса жоғары сезімталдық реакциялары- еріннің, тілдің, жұтқыншақтың және беттің ісінуін қоса - препаратты тоқтатқаннан кейін жалғасатын жыныстық бұзылыстар (эрекцияның және эякуляцияның бұзылуы), депрессия, мазасыздық - жүректің қағуы - бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы - қышыну, есекжем - емдеуді тоқтатқаннан кейін жалғасуы мүмкін аталықбездің ауыруы, гематоспермия, жыныстық дисфункция (эректильді дисфункция және эякуляцияның бұзылуы); ерлердің бедеулігі және / немесе шәуһет сапасының нашарлауы. Финастеридті тоқтатқаннан кейін шәуһет сапасының қалыпқа келуі немесе жақсаруы туралы хабарланды |
Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары
Монотерапия Ұсынылатын дозасы: 5 мг – тәулігіне 1 таблетка (ас ішуге байланыссыз). Доксазозинмен біріктірілген ем Күніне 1 таблеткасын бөлек немесе альфа-блокатор доксазозинмен біріктіріп қолдануға болады. Бастапқыда симптомдарының жеңілдеуі байқалуы мүмкін болғанымен, емнің тиімділігіне жеткен-жетпегендігін бағалау үшін емдеуді кемінде 6 ай жалғастыру қажет болуы мүмкін. Ары қарай, емдеуді ұзақ уақыт жалғастыруға болады. |
Балаларда қолданылуы
Дәрілік зат балаларда қолданылмайды. |