G04Bx14 Дапоксетин (Dapoxetine)
Қолдану көрсеткіштері
Препарат 18-ден 64 жасқа дейінгі еркектерде ерте эякуляцияны (ЕЭ) емдеуде қолданылады.
Препарат төменде көрсетілген барлық критерийлерге сәйкес келетін пациенттерге ғана тағайындалуы мүмкін:
- қынапішілік эякуляцияның латентті уақыты (IELT) екі минуттан аз;
- жыныстық қатынас алдында, кезінде немесе жыныстық қатынастан кейін көп ұзамай ең төменгі сексуалдық стимуляциядан кейінгі персистирлеуші немесе реккурентті және пациент қалаған уақыттан ерте басталатын эякуляция;
- ПЭ салдарынан жеке басының дистресі немесе тұлғааралық қарым-қатынастың қиындауы;
- эякуляцияның басталуын жеткіліксіз бақылау;
- алдыңғы 6 айда жыныстық қатынас жасаудың көптеген әрекеттерінде мерзімінен бұрын эякуляция.
Препаратты тек қажет болғанда болжамды жыныстық қатынас алдында ем ретінде ғана қолдану керек. ПЭ диагнозы қойылмаған еркектерде эякуляцияны кідірту үшін препаратты тағайындауға болмайды.
Қарсы көрсеткіштері
- белсенді затқа немесе препараттың кез келген қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық;
- жүрек тарапынан айқын патология: Нью-Йорк кардиологиялық қауымдастығының (NYHA) жіктемесі бойынша II-IV дәрежедегі жүрек жеткіліксіздігі; жүрек өткізгіштігінің бұзылуы (атриовентрикулярлық блокада немесе синус түйінінің әлсіздік синдромы); жүректің айқын ишемиялық ауруы; жүрек клапандарының айқын ақауы;
- анамнездегі естен тану;
- анамнездегі мания немесе ауыр депрессия;
- моноаминоксидаза тежегіштерімен (МАОТ) бір мезгілде қолдану немесе МАОТ қолдануды тоқтатқаннан кейін 14 күн ішінде қабылдау (Дапорин препаратын қабылдауды тоқтатқаннан кейін МАОТ 7 күн ішінде қабылдауға болмайды);
- тиоридазинмен бір мезгілде қолдану немесе тиоридазинді қолдануды тоқтатқаннан кейін 14 күн ішінде қабылдау (препаратты қабылдауды тоқтатқаннан кейін 7 күн ішінде тиоридазинді қабылдауға болмайды);
- серотонинді кері қармайтын тежегіштермен (серотонинді кері қармайтын селективті тежегіштер (СКҚСТ), серотонинді-норадреналинді кері қармайтын тежегіштер (СНКҚТ), трициклдік антидепрессанттар) немесе серотонинергиялық әсері бар басқа дәрілік препараттармен/фитопрепараттармен (L-триптофан, триптан, трамадол, линезолид, литий, шайқурай препараттары (Hypericum perforatum) сияқты) немесе осы препараттарды қабылдағаннан кейін 14 күн ішінде (Дапорин препаратын қабылдауды тоқтатқаннан кейін 7 күн ішінде мұндай дәрілік препараттарды / фитопрепараттарды қабылдауға болмайды) бір мезгілде қолдану;
- кетоконазол, итраконазол, ритонавир, саквинавир, телитромицин, нефазодон, нелфинавир, атазанавир және т.б. сияқты CYP3A4 күшті тежегіштерімен бір мезгілде қолдану;
- бауырдың орташа және ауыр дәрежедегі жеткіліксіздігі.
Қауіпсіздік шаралары
Ортостаздық гипотензия
Емдеуді бастар алдында дәрігер ортостаздық реакцияларға қатысты анамнез жинауды қоса, пациентті мұқият тексеруі тиіс. Емді бастар алдында ортостаздық сынама (артериялық қысымды және арқада жатқан және тұрған күйде пульс жиілігін өлшеу) жүргізу қажет. Анамнезінде расталған немесе болжамды ортостаздық реакциялар жағдайында Дапорин препаратымен емдеуден аулақ болу керек.
Дәрігер пациентке ықтимал продромальді симптомдар, мысалы, дененің тік күйге ауысуы кезіндегі бас айналуы пайда болғанда бас денеден төмен болатындай жатуды немесе басты екі тізенің ортасына түсіріп, осы қалыпта симптомдар жоғалғанға дейін отыруды алдын ала хабарлауы тиіс. Одан өзге, пациентке жатқан қалыпта немесе отырған күйде ұзақ болғаннан кейін кенеттен тұрудан аулақ болу қажеттілігі туралы хабарлануы керек.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Серотонинді кері қармайтын селективті тежегіштер (СКҚСТ) және моноаминоксидаза тежегішін (МАОТ) бір мезгілде қабылдаған пациенттерде ауыр, кейде өлімге әкелетін реакциялар сипатталған, оларға гипертермия, сіресу, миоклонус, вегетативті жүйке жүйесінің бұзылуы, өмірлік маңызды функциялар көрсеткіштерінің ықтимал тез өзгеруі, сондай-ақ психикалық жағдайдың өзгеруі, соның ішінде делирий мен комаға дейін өршитін қатты қозу кіреді. Сондықтан Дапоксетин препаратын МАОТ-мен бір мезгілде және оларды қабылдау тоқтатылғаннан кейін 14 күн ішінде қабылдауға болмайды. Сол сияқты, МАОТ Дапоксетин препаратын қабылдауды тоқтатқаннан кейін 7 күн ішінде қабылдауға болмайды.
Тиоридазинмен ықтимал өзара әрекеттесу
Дапоксетин препаратын тиоридазинмен бір мезгілде немесе оны қабылдауды тоқтатқаннан кейін 14 күн ішінде қабылдауға болмайды. Сол сияқты, Тиоридазинді Дапоксетин препаратын қабылдауды тоқтатқаннан кейін 7 күн ішінде қабылдауға болмайды.
Серотонинергиялық әсері бар дәрілік препараттар/фитопрепараттар
Басқа СКҚСТ жағдайындағыдай, Дапоксетин препаратын серотонергиялық дәрілік препараттармен/фитопрепараттармен (МАОТ, L-триптофанды, триптандарды, трамадолды, линезолидті, СКҚСТ, СНКҚСТ, литий және шайқурай препараттарын (Hypericum perforatum) қоса) бір мезгілде қолдану серотонергиялық жағымсыз реакциялардың жиілігін арттыруы мүмкін. Дапоксетин препаратын басқа СКҚСТ, МАОТ-мен немесе басқа серотонинергиялық дәрілік препараттармен/фитопрепараттармен бір мезгілде немесе осы препараттарды қабылдау тоқтатылғаннан кейін 14 күн ішінде қабылдауға болмайды. Сол сияқты, мұндай препараттарды Дапоксетин препаратын қабылдауды тоқтатқаннан кейін 7 күн ішінде қабылдауға болмайды.
ОЖЖ әсер ететін дәрілік препараттар
Дапоксетин препаратын ОЖЖ-ға әсер ететін препараттармен (мысалы, эпилепсияға қарсы препараттармен, антидепрессанттармен, антипсихотикалық препараттармен, ансиолитиктермен, седативті әсері бар ұйықтататын препараттармен) бір мезгілде қолдану мерзімінен бұрын эякуляциясы бар пациенттерде жүйелі бағалауға ұшырамаған. Сондықтан Дапоксетин препаратын осындай препараттармен бір мезгілде қабылдау қажет болған кезде сақ болу ұсынылады.
Фармакокинетикалық өзара әрекеттесулер
CYP2D6, CYP3A4 және құрамында флавин бар монооксигеназа 1 ферменттердің тежегіштері дапоксетин клиренсін төмендетуі мүмкін.
CYP3A4 тежегіштері
CYP3A4 күшті тежегіштері. Препаратты және кетоконазол, итраконазол, ритонавир, саквинавир, телитромицин, нефазодон, нелфинавир және атазанавир сияқты CYP3A4 күшті тежегіштерін бір мезгілде қолдануға болмайды. Грейпфрут шырыны да CYP3A4 күшті тежегіші болып табылады және оны препаратты қабылдағанға дейін 24 сағат ішінде тұтынудан аулақ болу керек.
CYP3A4 орташа тежегіштері. Орташа CYP3A4 тежегіштерін (мысалы, эритромицин, кларитромицин, флуконазол, ампренавир, фосампренавир, апрепитант, верапамил, дилтиазем) бір мезгілде қабылдау, әсіресе баяу CYP2D6 метаболизаторларында дапоксетин мен десметилдапоксетиннің жүйелі әсер ету деңгейін едәуір арттыруы мүмкін. Дапоксетиннің ең жоғары дозасы, егер дапоксетин осы препараттардың кез келгенімен бірге қолданылса, 30 мг құрауы тиіс.
CYP2D6 күшті тежегіштері
Дапоксетиннің Cmax және AUCinf мәндері (бір рет 60 мг) тиісінше флуоксетиннің қатысуымен (7 күн ішінде тәулігіне 60 мг) 50% және 88% жоғарылады. Байланыссыз дапоксетин мен десметилдапоксетиннің үлесін ескере отырып, белсенді фракцияның Cmax шамамен 50% ұлғаюы мүмкін, ал белсенді фракцияның AUC күшті CYP2D6 тежегіштерімен бір мезгілде қабылдаған кезде екі есе артуы мүмкін. Белсенді фракцияның Cmax және AUC осы ұлғаюы баяу CYP2D6 метаболизаторларында күтілетінге жақын және дозаға тәуелді жағымсыз реакциялардың жиілігі мен ауырлығының артуына әкелуі мүмкін.
ФДЭ5 тежегіштері
Препаратты ФДЭ5 тежегіштерімен бір мезгілде қолдану ортостаздық гипотензияға әкелуі мүмкін.
Бір мезгілде қолданылатын дәрілік заттардың фармакокинетикасына қатысты дапоксетиннің әсері
Тамсулозин. Препаратты ортостаздық төзімділіктің төмендеуі мүмкіндігіне байланысты α-адренорецепторлардың антагонистерін қабылдайтын пациенттерге сақтықпен тағайындау керек.
CYP2D6 метаболизденетін дәрілік препараттар. Дапоксетинді көп реттік дозаларда (6 күн ішінде тәулігіне 60 мг) қабылдау, кейіннен 50 мг дезипраминнің бір реттік дозасын қабылдаумен дезипраминнің Cmax және AUCinf тек дезипраминді қабылдаумен салыстырғанда шамамен 11% және 19% ұлғайтты. Дапоксетин қан плазмасындағы және CYP2D6 метаболизденетін басқа препараттардың концентрациясын осыған ұқсас арттыруы мүмкін.
Этанол. Этанолды бір реттік 0,5 г/кг дозада (немесе шамамен 2 доза) бір мезгілде қабылдау дапоксетиннің фармакокинетикасына (бір рет 60 мг) әсер етпеді. Дапоксетинмен емдеу кезінде алкогольді ішуден бас тарту ұсынылады.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Препарат бүйрек функциясы ауыр дәрежеде бұзылған пациенттерде қолдануға ұсынылмайды. Препаратты бүйрек функциясы жеңіл немесе орташа дәрежеде бұзылған пациенттерде қолданғанда сақ болу ұсынылады.
Бауыр жеткіліксіздігі
Препарат бауыр функциясы орташа және ауыр дәрежеде бұзылған пациенттерде қолдануға қарсы көрсетілімде (Чайлд-Пью шкаласы бойынша В және С кластары).
Жүктілік
Препарат әйелдерде қолдануға арналмаған.
Клиникаға дейінгі зерттеулерде дапоксетин фертильділікке, жүктілікке немесе эмбриофетальді дамуға қатысты тікелей немесе жанама жағымсыз әсерлерді анықтаған жоқ.
Препарат әйелдерде қолдануға арналмаған.
Емізу
Дапоксетиннің немесе оның метаболиттерінің емшек сүтімен бөлінетіні белгісіз.
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі:
- бас айналуы, бас ауыруы
- жүрек айнуы
Жиі:
- мазасыздық, ажитация, мазасыздық, ұйқысыздық, ерекше түс көру, либидоның төмендеуі
- ұйқышылдық, зейін қоюдың бұзылуы, тремор, парестезия
- көру айқындығының бұзылуы
- құлақтың шыңылдауы
- қан «кернеуі»
- мұрынның бітелуі, есінеу
- диарея, құсу, іш қату, іштің ауыруы, іштің жоғарғы жағының ауыруы, диспепсия, метеоризм, асқазандағы жайсыздық, іш кебуі, ауыздың құрғауы
- гипергидроз
- эректильді дисфункция
- шаршау, ашушаңдық
- артериялық қысымның жоғарылауы
Жиі емес:
- депрессия, депрессиялық көңіл-күй, эйфория күйі, көңіл-күйдің өзгеруі, күйгелектік, немқұрайлылық, апатия, сананың шатасуы, бағдардан адасу, патологиялық ойлау, аса қырағылық, ұйқының бұзылуы, инициалдық инсомния, интрасомния, қорқынышты түстер көру, бруксизм, либидоның болмауы, аноргазмия
- естен тану, вазовагальді естен тану, постуральді бас айналуы, акатизия, дисгевзия, гиперсомния, летаргия, седативті жай-күй, сананың бәсеңдеуі
- мидриаз, көздің ауыруы, көрудің бұзылуы
- вертиго
- синустық түйіннің блокадасы, синустық брадикардия, тахикардия
- гипотензия, систолалық гипертензия, ысынудың «кернеуі»
- іштегі жайсыздық, эпигастрий аумағындағы жайсыздық
- қышыну, суық тер
- эякуляцияның болмауы, оргазмның бұзылуы, еркектердегі жыныс мүшелерінің парестезиясы
- астения, қызу сезімі, үрей сезімі, дімкәстік сезімі, масаю сезімі
- жүрек қағу жиілігінің жоғарылауы, диастолалық артериялық қысымның жоғарылауы, ортостаздық артериялық қысымның жоғарылауы
Сирек:
- дене жүктемесіндегі бас айналуы, кенеттен ұйықтап кету
- дефекацияға императивтік қысылу
Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары
жастан 64 жасқа дейінгі ересек еркектер.
Барлық пациенттер үшін ұсынылатын бастапқы доза 30 мг құрайды және қажет болғанда болжамды жыныстық қатынасқа дейін шамамен 1-3 сағат бұрын қабылданады. Препаратпен емдеуді 60 мг дозадан бастауға болмайды.
Препарат тұрақты күнделікті қабылдауға арналмаған. Препаратты болжамды жыныстық қатынас жағдайында ғана қабылдау керек. Препаратты 24 сағат ішінде бір реттен жиі қабылдауға болмайды. Препаратты қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректер 24 аптадан астам шектеулі. Емдеуді жалғастырудың клиникалық орындылығы және препаратты қолданған кезде пайда мен қауіп арақатынасы кемінде алты ай сайын қайта қаралуы тиіс.
Балаларда қолданылуы
Препарат балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолдануға арналмаған.