G04BD12 Мирабегрон (Mirabegron)
Қолдану көрсеткіштері
Қуықтың аса жоғары белсенділігі (ҚАБ) синдромы бар пациенттерде ургентті несеп шығаруды, несеп шығарудың жиілеуін және/немесе несепті ургентті ұстай алмаушылықты емдеуде
Қарсы көрсеткіштері
Препараттың белсенді компонентіне немесе қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық; бақыланбайтын ауыр гипертензия: систолалық қысым ≥ 180 мм сын. бағ. және/немесе диастолалық қысым ≥ 110 мм сын. бағ.
Қауіпсіздік шаралары
• Препарат артериялық қысымды жоғарылатуы мүмкін. Тағайындар алдында немесе препаратпен емдеу кезінде, әсіресе артериялық гипертензиясы бар пациенттерде мезгіл-мезгіл артериялық қысымды өлшеп отыру қажет. • QT аралығы іштен туа немесе жүре келе ұзарған пациенттерге, инфравезикальді обструкцияның клиникалық айқын синдромы бар пациенттерге және антимускариндік препараттарды қабылдап жүрген пациенттерге препаратты абайлап қабылдау керек.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
• CYP3A/P-gp изоферменттерінің күшті тежегіші - препараттың концентрациясының жоғарлауы. • CYP3A немесе P-gp изоферменттерін индукциялайтын заттар - препараттың концентрациясын төмендетеді. • Емдік индексі тар болатын препараттармен және CYP2D6 изоферментімен елеулі дәрежеде метаболизденетін препараттар, 1C типті аритмияны емдеуге арналған препараттар және трициклді антидепрессанттармен - бірге қабылдағанда сақ болған жөн. • Дигоксин - бірге қабылдағанда препараттың концентрациясын жоғарлатады. • Басқа препараттар - бірге қабылдағанда қантамырдың соғу жиілігі артады
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйректің ауыр жеткіліксіздігімен (рШСЖ 15 – 29 мл/мин/1,73 м2) бар пациенттерге қолдануға кеңес берілмейді.
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауырдың ауыр жеткіліксіздігі және СҮР3А күшті тежегіштерін қолданып жүрген орташа сатыдағы бауыр жеткіліксіздігімен (Чайлд-Пью шкаласы бойынша В класы) зардап шегіп жүрген пациенттерде қабылдауға ұсынылмайды.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Жиі: Несеп жолдарының инфекциялары; тахикардия; жүрек айнуы; бас ауыру;бас айналуы.Жиі емес: вагинальді инфекциялар; цистит; жүрек қағуының жиілеуі, жүрекшелер фибрилляциясы; ас қорыту бұзылыстары, гастрит; есекжем, бөртпе, макулезді бөртпе, папулезді бөртпе, қышыну; тамырлар ісінуі; вульвовагинальді қышыну; қан қысымы жоғарылауы, ГГТ деңгейі жоғарылауы, АСТ деңгейі жоғарылауы, АЛТ деңгейі жоғарылауы.Сирек: қабақ ісінуі; ерін ісінуі; лейкоцитокластикалы ангиит, пурпура, ангионевроздық ісіну; несеп шығару іркілісі.Өте сирек: гипертониялық криз.
Балаларда қолданылуы
Деректер болмағандықтан, 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қарсы көрсетілген.