G03AB08 Диеногест және Эстрадиол (Dienogest and Estradiol)

Қолдану көрсеткіштері

Пероральді контрацепция.Клиникалық хаттама:    1. Генитальді эндометриоз
    Клинические протоколы:
  1. Генитальный эндометриоз

Қарсы көрсеткіштері

Әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық; веналық тромбоэмболияның бар болуы немесе қаупі: веналық тромбоэмболияның қазіргі уақытта (антикоагулянттық емде) немесе анамнезінде (мысалы, тереңдегі веналардың тромбозы, немесе өкпе артериясының тромбоэмболиясы) болуы;  веналық тромбоэмболияға тұқым қуалаумен байланысты немесе жүре пайда болған бейімделу (мысалы, белсендірілген С протеинге (Лейден V факторын қоса) резистенттілік, ІІІ антитромбин, С протеин немесе S протеин тапшылығы;  иммобилизациясы ұзаққа созылатын ауқымды хирургиялық араласымдар; көптеген қауіп факторлары салдарынан веналық тромбоэмболияның жоғары қаупі; артериялық тромбоэмболияның бар болуы немесе қаупі:артериялық тромбоэмболияның қазіргі уақытта немесе анамнезде болуы (мысалы, миокард инфарктісі) немесе артериялық тромбоэмболияның алдында болған  жағдайлар (мысалы, стенокардия); цереброваскулярлық аурулар – инсульттің қазіргі уақытта немесе анамнезде болуы немесе цереброваскулярлық аурулардың алдында болған  жағдайлар (мысалы, транзиторлық ишемиялық шабуылдар); артериялық тромбоэмболияға тұқым қуалаумен байланысты немесе жүре пайда болған бейімділіктің анықталуы (мысалы, гипергомоцистеинемия және антифосфолипидтік антиденелер – кардиолипинге антиденелер және жегілік антикоагулянт);  анамнезінде ошақтық неврологиялық симптомдары бар бас сақинасы; қантамыр асқынулары бар қант диабеті; айқын артериялық гипертензия; айқын артериялық гипертензия; айқын дислипопротеинемия;қазіргі уақытта немесе анамнезінде бар бауырдың ауыр аурулары (бауыр тестілері қалыпқа келгенше); қазіргі уақытта немесе анамнезінде бар  бауыр ісігі (қатерсіз немесе қатерлі); гормонға тәуелді (мысалы, жыныс мүшелерінің немесе сүт бездерінің) анықталған қатерлі аурулар немесе оларға күдіктену; генезі белгісіз қынаптық қан кету.

Қауіпсіздік шаралары

Әйелдерге қабылдауды бастамас бұрын жүктілікті және кез келген қанның ұю жүйесінің бұзылуын болдырмау, мұқият жалпы медициналық және гинекологиялық бақылаудан өтуі тиіс. Тромбоздардың (көктамырлық және/немесе артериялық), цереброваскулярлық немесе тромбоэмболиялық бұзылулардың даму қаупі келесі жағдайларда артады: жас шамасы, отбасылық ауырлаған анамнез, семіздік, дислипопротеинемия, артериялық гипертензия, бас сақинасы, жүрек қақпақшаларының аурулары, жүрекше фибрилляциясы, ұзартылған иммобилизация, хирургиялық операция немесе жарақат, босанудан кейінгі кезең немесе жүктіліктің екінші триместіріндегі аборт,темекі тартатындар, дислипопротеинемия. Препаратты ұзақ қабылдаған жағдайда әр 6 ай сайын бақылау тексерулерін жүргізу керек.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Барбитураттар, бозентан, карбамазепин, фенитоин, примидон, рифампицин, ритонавир, невирапин эфавиренз, фелбамат, гризеофульвин, окскарбазепин, топирамат - біріктірілген ішуге арналған контрацептивтердің клиренсін арттырады (бауыр фрменттерінің индукциясы салдарынан біріктірілген пероральді  контрацептивтердің тиімділігін төмендеді): Ламотриджин - қан плазмасындағы және тіндердегі ламотриджиннін азаюы.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр қызметінің көрсеткіштері қалыпқа келгенше, сонымен қатар қазіргі кезде немесе анамнезінде бауыр ісігінде, ауыр түрдегі ауруары кезінде қарсы көрсетілген.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген. Жоспарланбаған жүктілік  кезінде, препаратты қабылдауды тоқтату қажет.

Емізу

Бала емізуді тоқтатқанға дейін қолдану ұсынылмайды.

Жағымсыз әсерлері

Жиі: бас ауыру (мұрын қуыстары себеп болатын бас ауыруды және «шаршаудан болатын» бас ауыруды қоса); іштің ауруы (іштің кебуін, іштің жоғарғы және төменгі бөлімдерінің ауыруын қоса), жүректің айнуы; акне (пустулездікті қоса); аменорея, сүт бездеріндегі жайсыздық (сүт бездеріндегі ауыруды, кернеуді, емшек ұшының ауыруын және бұзылуын қоса), дисменорея, етеккіраралық қан кетулер (метроррагия, жүйесіз етеккірлерді қоса);  дене салмағының  артуы.Жиі емес: зеңдік инфекциялар, вульво-қынаптық зеңдік инфекциялар (вульво-қынаптық кандидозды және жатыр мойнынан зеңдік инфекцияның байқалуын қоса), қынаптық инфекциялар; тәбеттің жоғарлауы, депрессия/ көңіл-күйдің төмендеуі, эмоциялық тұрақсыздық (жылауықтық пен аффективтік құбылмалылықты қоса), ұйқысыздық, либидоның төмендеуі (либидоны жоғалтуды қоса), психиканың бұзылуы, көңіл-күйдің өзгеруі (көңіл-күйдің бұзылуы және түсіп кетуі); бас айналу, бас сақинасы (аурасы бар немесе онсыз бас сақинасын қоса); ысыну сезімі, артериялық гипертензия; диарея, құсу; бауыр ферменттері белсенділігінің жоғарлауы (АЛТ, АСТ және гамма-глютамилтрансферазаны қоса); алопеция, қатты тершеңдік, қышыну (жайылған қышынуды және қышитын бөртпені қоса), бөртпе (макулярлықты қоса); бұлшықет  түйілулері; сүт бездерінің ұлғаюы (ісінуін қоса), сүт бездерінің қатаюы, жатыр мойнының дисплазиясы, жатырдан дисфункциялық қан кетулер, диспареуния, мастопатияның фиброзды-кистозды ауыруы, меноррагия, етеккір оралымының бұзылуы, аналық бездің кисталары, етеккіралды синдром, жатыр лейкомиомасы, жамбас тұсындағы ауыру, жатырдың спазмдық жиырылуы, жатырлық/қынаптық қан кетулер, соның ішінде жұғынды бөлінділер, қынаптық бөлінділер, вульваның және қынаптың құрғауы; қажығыштық, ашушаңдық, ісінулер (шеткері ісінулерді қоса); дене салмағының төмендеуі, артериялық қысымның өзгеруі (артериялық қысымның жоғарылауын және төмендеуін қоса).      Сирек: кандидоз, ауыз қуысының герпесі, жамбас ағзаларының қабыну аурулары, көздің гистоплазмозының болжамды синдромы, белдемелі теміреткі, несеп шығару жүйесінің инфекциясы, бактериялық вагинит; сұйықтықтың іркілісі, гипертриглицеридемия; озбырлық, мазасыздық, дисфория, либидоның жоғарлауы, күйгелектік, шым-шытырық түстер, мазасыздық, ұйқының бұзылуы, күйзеліс; зейіннің бұзылуы, парестезия, вертиго; жанаспалы линзалардың жақпаушылығы, көздің құрғауы, көздің ісінуі; миокард инфарктісі, жүрек қағуы; венаның қан кетумен бірге болатын варикоздық кеңеюі, веналық тромбоэмболия, артериялық тромбоэмболия, артериялық гипотензия, беткейлік флебит, веналардың ауыруы; іштің қатуы, ауыздың құрғауы, диспепсия, гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы; бауырдың ошақтық түйінді гиперплазиясы, созылмалы холецистит; терінің аллергиялық реакциялары (аллергиялық дерматитті және есекжемді қоса), хлоазма, дерматит, гирсутизм, гипертрихоз, нейродермит, пигментацияның бұзылуы, себорея, терінің бұзылулары (соның ішінде терінің «тартылуы»); арқаның ауыруы, жақтың ауыруы, ауырлық сезімі; несеп бөлу жүйесінің аймағындағы ауыру; етеккір тәрізді патологиялық қан кетулер, сүт безінің катерсіз жаңа түзілімі, in situ сүт безінің жаңа түзілімі, сүт безінің кистасы, сүт безінен бөлінділер, жатыр мойнының полипі, жатыр мойнының эритемасы, жыныстық қатынас кезіндегі қан кетулер, галакторея, жыныс жолдарынан бөлінділер, гипоменорея, етеккірдің кідіруі, аналық безі кистасының жарылуы, қынаптан шығатын иіс, вульво-қынап аймағындағы күйдіру мен жайсыздық сезімі; лимфоаденопатия; демікпе, ентігу, мұрыннан қан кету; кеуденің ауыруы, дімкәстік, гипертермия; цервикальді өзектен алынған жағындыда патологиялық өзгерістер.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі қыздарда  препаратты қолдану жөнінде деректер жоқ.